Алгортимді әртүрлі формада ұсынуға болады. Алгоритмнің жазылу формалары көбіне орындаушыға тәуелді болады:
- Сөздік
- Графикалық
- Алгоритмдік
- Программалау
Блок-схемада әр іс-әрекет фигуралардың көмегімен сипатталады. Алгоритмнің басы мен соңы сопақша шеңбермен сипатталады. Іс-әрекет төртбұрышқа жазылады. Блок-схемадағы барлық элементтер бір-бірімен нұсқаулар байланысады, ол алгоритмнің орындалу бағытын көрсетеді. Енгізу және шығару мәліметтері паралелограммға жазылады.
Мысалы:
Екі санды қосу алгоритмі
Берілген алгоритм кез-келген екі сан үшін орындалады. Есептеу барысында алгоритмде берілгендерді және есептеу нәтижесін кез-келген әріппен белгілейміз. Оны айнымалы деп атаймыз. Біздің мысалда берілгендерді а және б айнымалаларымен белгілеп, ал алгоритм нәтижесін с айнымалысымен белгілейміз.

Алгоритмнің 3 түрі болады: сызықтық, тармақталған, циклдік.
Сызықтық алгоритмде барлық бұйрықтар алгоритмде көрсетілгендей тізбектей орындалады.Қарастырылатын барлық мысалдар: үй тапсырмасын орындау, робот портреті, екі санды қосу, жұмыртқа қуыру т.б.
Егер алгоритм қадамдарының тізбектеле орындалуы қандай да бір шартқа тәуелді өзгеретін болса, онда мұндай алгоритмді тармақталған алгоритм дейміз.

жоқ
иә
Бірнеше рет қайталанатын әрекеттер тізбегі циклдер деп аталады. Мысалы, ол мына түрде болуы мүмкін: қоржынға қолды саламыз, ілінген асықты аламыз. Қызыл асық па? Иә, қызыл асық табылды. Жоқ, қайта қоржынға қолды саламыз, асықтарды біртіндеп алып қараймыз
Просмотр содержимого документа
«Алфавит, программалау тілінің синтаксисі»
Пән аты : Информатика
Сынып : 7 «А, Ә, Б, В»
Сабақтың тақырыбы : Алфавит, программалау тілінің синтаксисі
Сабақтың мақсаты :
Білімділік - Оқушыларға алгоритмнің жазылу формаларын, түрлерін түсіндіру, алгоритм құруға үйрету
Дамытушылық – Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек
көрсете білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіпке, зейінділікке тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: ДК, дәптерлер, оқулықтар, таратпа қағаздар, презентация (пректорда көрсетіледі), видео, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты оқып-үйрену
Алгортимді әртүрлі формада ұсынуға болады. Алгоритмнің жазылу формалары көбіне орындаушыға тәуелді болады:
Сөздік
Графикалық
Алгоритмдік
Программалау
Блок-схемада әр іс-әрекет фигуралардың көмегімен сипатталады. Алгоритмнің басы мен соңы сопақша шеңбермен сипатталады. Іс-әрекет төртбұрышқа жазылады. Блок-схемадағы барлық элементтер бір-бірімен нұсқаулар байланысады, ол алгоритмнің орындалу бағытын көрсетеді. Енгізу және шығару мәліметтері паралелограммға жазылады.
Мысалы:
Екі санды қосу алгоритмі
Берілген алгоритм кез-келген екі сан үшін орындалады. Есептеу барысында алгоритмде берілгендерді және есептеу нәтижесін кез-келген әріппен белгілейміз. Оны айнымалы деп атаймыз. Біздің мысалда берілгендерді а және б айнымалаларымен белгілеп, ал алгоритм нәтижесін с айнымалысымен белгілейміз.
Алгоритмнің 3 түрі болады: сызықтық, тармақталған, циклдік.
Сызықтық алгоритмде барлық бұйрықтар алгоритмде көрсетілгендей тізбектей орындалады.Қарастырылатын барлық мысалдар: үй тапсырмасын орындау, робот портреті, екі санды қосу, жұмыртқа қуыру т.б.
Егер алгоритм қадамдарының тізбектеле орындалуы қандай да бір шартқа тәуелді өзгеретін болса, онда мұндай алгоритмді тармақталған алгоритм дейміз.
жоқ
иә
Бірнеше рет қайталанатын әрекеттер тізбегі циклдер деп аталады. Мысалы, ол мына түрде болуы мүмкін: қоржынға қолды саламыз, ілінген асықты аламыз. Қызыл асық па? Иә, қызыл асық табылды. Жоқ, қайта қоржынға қолды саламыз, асықтарды біртіндеп алып қараймыз.
ІV. Бекіту
Алгоритм құрудың тәжірибелік жұмысын орындау (Таратпа қағаздар көмегімен )
V. Бағалау
Оқушыларды бағалау
VІ. Үйге тапсырма
Қайталау