СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Алғашқы қоңырау

Категория: Завучу

Нажмите, чтобы узнать подробности

                           Шаттықтың үніндей мәңгілік

                           Алғашқы қоңырау соғылсын!

                           Қуаныш әніндей жаңғырып,

                           Жүректер ақ нұрға толыссын.

            Алғашқы қоңырауды соғу рәсімін даярлықты үздік бітірген бүлдіршіндер Кәрім Ерасыл мен Ғалымжан Нұрсаяға ұсынамыз.

Просмотр содержимого документа
«Алғашқы қоңырау»



Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі







«Алғашқы қоңырау»

салтанатты жиынының сценарийі








Өткізген: Б.С. Габдыгалиев

М.Т. Куангалиева













2016-2017 оқу жылы








2016-2017 оқу жылындағы «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынының сценарийі



Өтетін күні: 01.09.2016 ж.

Уақыты: 09:00

Сыныптар: 1-11 сыныптар

Жүргізуші: М.Т. Куангалиева


Жоспары:


  1. 07:00 - мектеп алаңын дайындау:

Туды екі қабат жіппен дұрыстап, қатты (шималап байлап тастау).

Скочты пайдаланбай шарларды жіппен ілу.

Жүргізушілер сол жақта стойкада орналасқан микрофон арқылы сөйлейді.

Сахнада стойкада орналасқан микрофон құттықтаулар үшін қойылады.

1-сыныптар үшін және ән айту үшін радиомикрофондар беріледі.

Мектеп алдындағы алаңның периметрі бойынша 1-11 сыныптардың оқушылары орналасады: сол жақта 2-4 сыныптар, оң жақта – 5-10 сыныптар, қақ ортада 11 сыныптар, олардың алдында 1 сыныптар.


  1. 8.30 – музыка жіберу

  2. 8.45 – сапқа тұрғызу

  3. 9.00 – фанфар жіберу

  4. 1 сынып оқушыларын ұстаздарымен бірге ортаға шақыру.

  5. ҚР мемлекеттік Туын көтеру рәсімі (ҚР әнұраны ойналады): ....................................................................................................................................................................

  6. Қонақтармен таныстыру.

  7. Мектеп директорының құттықтауы

  8. Қонақтардың құттықтауы

  9. Ата-аналарға құттықтау сөз ................................................................................................................... беріледі.

  10. 1 – сынып оқушыларының тақпақтары.

  11. Ән «...................................................». Орындайтын: .........................................................................

  12. 11 сынып атынан құттықтау сөз: ....................................................................................................

  13. 11 сынып оқушылары 1 сынып шәкірттеріне Әліппе оқулығын ұсынады.

  14. Алғашқы қоңырауды соғу рәсімі: Кәрім Ерасыл мен Ғалымжан Нұрсая.

  15. Білім күніне арналған салтанатты жиынды жабық деп жариялау.

  16. Білім күнінің алғашқы сабағына кіруіне оқушыларды мектепке шақыру.

Салтанатты жиын біткен соң әуелі келген қонақтар мектепке кіреді, содан кейін 1 сыныптар кіреді. 1 сыныптар толық кіріп болғаннан кейін ғана 2 сыныптар кіреді, олар толық кіріп болғаннан кейін 3 сыныптар, осылайша кезекпен 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 сыныптар асықпай, бір-бірін тапаламай мектепке кіреді. Ата-аналар барлық оқушылар кіріп болған соң ғана кіре алады.











2016-2017 оқу жылындағы «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынының сценарийі



Өтетін күні: 01.09.2016 ж.

Уақыты: 09:00

Сыныптар: 1-11 сыныптар

Жүргізуші: М.Т. Куангалиева


Көңілашар күйі (1)


Жүргізуші: Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар, оқушылар, балауса балғындар және қадірменді қонақтар мен ата-аналар!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен бүгінгі «Білім күні» мерекесі құтты болсын!

2016-2017 жаңа оқу жылының алғашқы салтанатты жиынын ашық деп жариялаймыз!


Жүргізуші:

Мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерді алғашқы ұстаздарымен бірге ортаға шақырамыз.

Жайлап музыка ойнайды (Махут Жапақов)

Жүргізуші:

1 «а» сыныбы, сынып жетекшісі: Халиуллина Нұргүл Хабақызы

(Бүлдіршіндер түгел баспалдақтан түсіп болуын күту керек)

Жүргізуші:

1 «ә» сыныбы, сынып жетекшісі: Ешмухамбетова Айжан Ерсайынқызы

(Бүлдіршіндер түгел баспалдақтан түсіп болуын күту керек)

Жүргізуші:

1 «б» сыныбы, сынып жетекшісі: Едгина Айнұр Берікқалиқызы

(Бүлдіршіндер түгел баспалдақтан түсіп болуын күту керек)


Жүргізуші: Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Әнұраның тұр көгіңде шырқалып, – дей келе Мемлекеттік Туды көтеру құрметін мектебіміздің мақтаныштары Қайыржанов Әбубәкір мен Маратова Маринаға ұсынамыз.

Музыка (Махут Жапақов)

Әнұран орындалады (2. ҚР Гимні)

Музыка (Махут Жапақов)

Жүргізуші: Бүгін біздің қуанышымызға ортақтасу үшін мерекемізге келген қонақтармен таныс болыңыздар!

Жүргізуші: Жұмағалиева Құрманай Қатимғалиқызы – Батыс Қазақстан Облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің бөлім басшысы.

Жүргізуші: Дүйсеналиев Қамидолла Қадырәліұлы – аудандық аумақтық инспекция басшысы.

Жүргізуші: .....................................................................................................................................................


Жүргізуші: Алғашқы құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Нигметов Берік Задагерейұлына беріледі.







Жүргізуші: Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,

Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.

Қуаныш пен салтанатты шақтарда

Қонақтар да ақ тілегін ақтарар.

Олай болса, сөз кезегі қадірменді қонақтарда.

Жүргізуші:

Құттықтау cөз Батыс Қазақстан Облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің бөлім басшысы Жұмағалиева Құрманай Қатимғалиқызына беріледі.

Жүргізуші:

Келесі құттықтау сөз кезегі аудандық аумақтық инспекция басшысы Дүйсеналиев Қамидолла Қадырәліұлына беріледі.


Жүргізуші: Құттықтау сөз ..............................................................................................................................

.............................................................................................................................................................. беріледі.


Жүргізуші: Оқитын, әрі жазатын,

Білімге қол созатын.

Оқушы болдың, қарағым,

Білімнің кілтін ашатын, - дей келе, ата-аналар атынан құттықтау сөзді Мұштанова Дариға Ғазизқызына береміз.

Музыка (3. Балбырауын)

Жүргізуші: Алғаш келген бүлдіршін,
Құтты болсын қадамың!
Төбеңде бейбіт күн күлсін,
Төмендемесін талабың.
Гүлдендірем деп келдің,
Сәлем алтын мектебім! - деп алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерге сөз кезегін береміз.

Музыка (Махут Жапақов)


(1 сынып тақпақтарын айтады)

Жүргізуші: Ән: «Қазақстан»

Орындайтын: Бақытжан Абдрахман


Жүргізуші: Мінекей биыл тағы бір

Жаңа оқу жылы басталды.

Шаттықпен шалқып толғана

Ой толқытқан жүрегін

Өмірге алмақ жолдама

Сыр шертсін енді түлегің

11 сынып атынан құттықтау сөз кезегі Қайралы Әділханға беріледі.

Музыка (4. Балбырауын)

Жүргізуші: Оқыған әпке, ағаңыз,

Қадірлі мектеп – бұл мектеп.

Сендердей біз де болғанбыз,

Есейдік, міне, қараңыз.

Құт болып алғаш қадамың,

Жағарсың білім шырағын.

Биылғы жыл ерекше,

Ұғарсың оның шын мәнін.

Құттықтап білім күнімен,

Сыйланар сізге Әліппе.

Бар білімнің бастауы,

Қадірлеп оны дәріпте.

Музыка (5. Мектебім сәулетті мекенім)

( 11 сынып оқушылары 1 сынып шәкірттеріне Әліппе оқулығын ұсынады.)


Жүргізуші: Шаттықтың үніндей мәңгілік

Алғашқы қоңырау соғылсын!

Қуаныш әніндей жаңғырып,

Жүректер ақ нұрға толыссын.

Алғашқы қоңырауды соғу рәсімін даярлықты үздік бітірген бүлдіршіндер Кәрім Ерасыл мен Ғалымжан Нұрсаяға ұсынамыз.

Музыка (Махут Жапақов)


Жүргізуші: Жаңа оқу жылы құтты болсын! Жаңа оқу жылында жаңа жетістіктерге жетейік!

Құрметті оқушылар, ата-аналар, қонақтар және ұстаздар!

2016-2017 оқу жылының «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынын жабық деп жариялаймыз.


(6. Жайлап Көңілашар күйі ойнап тұрады)


Қонақтар ішке кірген соң


Жүргізуші: Мектеп ғимаратына алдымен 1 сыныптар кіреді.

(Бүлдіршіндер түгел кіріп болған соң)

Мектепке 2-сыныптар кіреді.

(2-сыныптар түгел кіріп болған соң)

Мектепке 3-сыныптар кіреді.

(3-сыныптар түгел кіріп болған соң)

Мектепке 4-сыныптар кіреді.

(4-сыныптар түгел кіріп болған соң)

Мектепке 5-сыныптар кіреді.

(5-сыныптар түгел кіріп болған соң)


Жүргізуші: Жоғары сынып оқушыларының асықпай-аптықпай, сабырлық сақтап, кезекпен мектепке кірулерін сұраймыз.