МКҚК «ЖОҒАРЫ АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»
Оқу сабағының жоспары
(теориялық немесе өндірістік оқыту)
Сабақ тақырыбы:_ Алкадиендер.
Модуль /пән атауы Химия
Педагог Халдыбаева А.С. дайындады
20_ жылғы « »
Жалпы мәліметтер
Курс, топ І
Сабақтың түрі : теориялық
Мақсаты, міндеттері
Оқыту мақсаттары10.4.2.24 алкадиендердің қасиеттерін олардың құрылысы негізінде түсіндіру;
Сабақ мақсаты:
1. Алкадиендердің құрылымын, қасиеттерін айтады.
2. Алкадиендердің қасиеттерін олардың құрылымы негізінде анықтайды.
3. Реакция өнімдерінің шар төзімді үлгілерін жинайды диендерді полимерлеу (изопрен) және алкадиендердің гомологиялық қатарын көрсетеді.
Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі
Бағалау өлшемдері:
алкадиендердің қасиеттерін олардың құрылысы негізінде түсіндіреді;
алкадиендердің табиғатта таралуын, каучук пен резинаның алынуын зерделейді
Қажетті ресурстар: презентация, бейнефильмдер
І. Сабақтың басы(5-7 минут)
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
«Миға шабуыл»
Cұрақтар:
1) Алкендердің жалпы формуласы қалай өрнектеледі
2)Алкандардың жалпы формуласы мен алкендердің жалпы формуласының қандай айырмашылығы бар?
3)Алкендерде көміртек пен көміртек арасында қандай байланыс болады?
4) Ол байланыс қалай аталады?
5) Қанықпаған көмірсутектерге тән гибридизация түрі қандай?
6) Алкендердің бірінші өкілін атаңдар және ол қандай жалынмен жанады?
Кері байланыс: Мұғалімнің комментариі
Топ үш топқа бөлінеді. Модельдер бойынша :
І топ ІІ топ ІІІ топ
ІІ. Сабақтың ортасы (..28-32 минут)
Т. «Джигсо» әдісі. Мәтін бөлігін оқып, өз топтарында талқылайды. Талқылауға аз ғана уақыт беріледі. Топта сабақ мазмұны талқыланып, сыныпқа ұсынылады.
І топ – Алкадиендердің гомологтық қатары, жалпы формуласы
ІІ топ- номенклатурасы,изомериясы, екі еселі байланыстың ерекшеліктері
ІІІ топ – алкадиендердің қасиеттері
Алкадиендер — қанықпаған көмірсутектердің маңызды түрлерінің бірі.
Алкадиендер — құрамында екі қос байланысы бар, жалпы формуласыСnН2n-2 болатын қанықпаған көмірсутектер.
Алкадиендерді кысқартып диен көмірсутектері деп те атайды. Диен көмірсутектерінің бірінші мүшесі пропадиен (аллен) СН2 = С = СН2. Диендерде қос байланыстардың өзара орналасуы әр түрлі болуы мүмкін.
Алкадиендердің химиялық қасиеттеріМолекулаларында қос байланыстары болғандықтан, диендердің химиялық қасиеттері алкендерге ұқсас, бұларда қосылу және полимерлену реакцияларына оңай түседі.
Қосылу реакциялары Алкадиендер галогендерді, сутекті, галогенсутекті қосыпалады. Броммен әрекеттесуі
СН2 ═ СН-СН═СН2 +Вr2 → СН2Вr-СНBr — СН═СН2(3,4-дибромбутен-1)
Полимерленуі. Диендер полимерлену реакцияларына оңай түседі. Реакция нәтижесінде каучук тәрізді жоғары молекулалы заттар түзіледі. Бутадиен-1,3-тің полимерлену реакциясы:
… СН2 ═ СН- СН ═ СН2 + СН2 ═ СН- СН ═ СН2 …→
… СН2 ═ СН- СН ═ СН2 — СН2 ═ СН- СН ═ СН2…`полибутадиен молекуласының үзіндісі
Алкадиендердің жеке өкілдері және олардың қолданылуы. Дивинил (бутадиен-1,3) Н2С = СН — СН = СН2 өзіне тән өткір иісі бар түссіз газ. Мұнайды өңдегенде түзіледі және табиғи газ құрамындағы бутан мен бутиленді катализдік дегидрлеп алады. Синтездік каучуктар (бутадиен, бутадиен-стирол, бутадиен-нитрил) латекс, пластмасса, т.б. заттар өндірісінің маңызды мономерлерінің бірі.
Тапсырма №1
Әдіс: «Еркін жазу» әдісі. Топтық жұмыс
Алдарына үлестірме қағазда тапсырмалар беріледі.
а) Екі еселі қос байланыс қалай түзіледі ?
Әдіс: «Бір минут»
ә) Қосылыстың атын атаңыз.
(а)...........................................
(ә)...........................................
(б)..........................................
(в)...........................................
1) СН2= С - С = СН2 2 ) СН = С = СН – СН3
| | |
СН3 СН3 СН3
3) СН3 – С = СН – СН = СН – СН3
|
СН3
CH3
|
4) СН2 = С – С = СН – СН3
|
СН3
Дескриптор:
Білім алушы
Дұрыс жауабы
Дескриптор:
Білім алушы
алкадиендерді атайды
заттардың аттарын атайды.
алкадиендердің молекулалық формулалары мен атауларын сәйкестендіреді.
Бағалау: Топтар өзара қағаздарын алмастыру арқылы бірін-бірі тексереді. «Бағдаршам»әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.
Жасыл түс – өте жақсы
Сары түс –жақсы
Қызыл түс –орташа
Кері байланыс: Мұғалім –оқушы, оқушы –оқушы
Тапсырма № 3.
Әдіс: «Құрастыр және жауап бер» Жеке жұмыс.
Оқушылар смартфондарынан https://molview.org/ сілтемесі арқылы өтіп тапсырманы орындайды.
а) Мына төменде берілген қаныққан және қанықпаған көмірсутектердің модельдерін құрастыр, салыстыр, молекуласында кездесетін байланыстарды ата, ерекшеліктерін түсіндіріңдер және молекулалық формуласын жазыңдар: бутадиен-1,3, транс-бутен-2, пропадиен, бутилен -1, пентадиен-2,3, 3-метилгексадиен 3,4.
Дескриптор:
Білім алушы
- модельдерді құрастырады және салыстырады;
- молекулалық формулаларын жазады және атайды;
- алкадиендердің құрылымдық формулаларын жазады.
Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды.
Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат
Бір тілек =бұл жақсартуға болатын нәрсе.
ІІІ. Сабақтың соңы (..5-6 минут)
Бүгінгі сабақта
Қорытынды:
алкадиендердің изомерлерінің формулаларын жаза алады .
Алкадиендерді атайды және құрылымдық формулаларын жазады
Үй жұмысы: [1] 2 бөлім §74. 97 бет. Тақырып соңындағы тапсырмаларды орындау.
МКҚК «ЖОҒАРЫ АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»
Оқу сабағының жоспары
(теориялық немесе өндірістік оқыту)
Сабақ тақырыбы:_ Көксағыз. Резеңке.
Модуль /пән атауы Химия
Педагог Халдыбаева А.С. дайындады
20_ жылғы « »
Жалпы мәліметтер
Курс, топ І
Сабақтың түрі : теориялық
Мақсаты, міндеттері
Оқыту мақсаттары: 10.4.2.25 алкадиендердің табиғатта таралуын, каучук пен резинаның алынуын зерделеу.
Сабақ мақсаты
Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі
Бағалау өлшемдері: алкадиендердің табиғатта таралуын, каучук пен резинаның алынуын зерделейді
Қажетті ресурстар: презентация, бейнефильмдер
І. Сабақтың басы(5-7 минут)
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:
алкадиендердің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құру;
алкадиендердің табиғатта кездесуі.
Сенің меңгеретінің:
алкадиендердің қосылу реакция теңдеулерін құру;
резеңке мен резеңке алу процесін сипаттау.
ІІ. Сабақтың ортасы (..28-30 минут)
Оқытушының түсіндірмесі:
Алкадиендерді полимерлеп көксағыз алынады. Көксағыздар табиғи және синтездік болып бөлінеді. Табиғи көксағыз кейбір өсімдіктердің сүтті шырынында болады. Табиғи көксағызды, негізінен, Бразилияда өсетін гевея ағашынан алады.
Көксағызды күкірт қосып вулканизациялап, резеңкеге айналдырады. Көксағызбен резеңке күнделікті тұрмыс пен техникада кең қолданылады
Лебедев Сергей Васильевич
Лебедев Сергей Васильевич (1874-1934) Орыс химигі, академик. Негізгі ғылыми жұмыстары қанықпаған көмірсутектердің полимерлену, изомерлену, гидрогендену реакцияларын зерттеуге арналған. Мырыш-алюминий араласқан катализатор қатысындаэтил спиртін дегидрогендеп және дегидратациялап бутадиенді өнеркәсіпте алу жолынтапты. Металл натрий қатысында бутадиен-1,3-ті полимерлеп, синтездік каучук (1928 жылы) алды. Каучуктан резеңке және резеңкеден жасалған бұйымдар алу әдісін ашты (1930 жылы). Дүниежүзінде алғаш рет бұрынғы КСРО-да 1932 жылы Лебедев тәсілі бойынша синтездік каучук өнеркәсіпте өндіріле бастады.
Жаңасабақтыбекіту үшін есептер мен жаттығуларды орындаймыз.
Изомериясы және номенклатурасы (атауы)
№1.С5Н8 диенкөмірсутектің барлық изомерлерін жазып ,аттарын атау керек.
№2. Мына көмірсутектердің формуласын жазу керек: а) пропадиен; б) 1,3-бутадиен;
в) 2-метил-1,3-бутадиен; г) 2,4-гексадиен; е) 2,3-диметил-1,3-бутадиен. Қайсылары өзара изомер болады? Қай қосылыста кумулленген, қосарланған және оқшауланған қос байланыс бар?
№3.Химиялық қасиеттері
а) 1,4-пентадиенге; б) 2-метил-1,4-пентадиенге;
в) 1,5-гексадиенге; г) 3,3-диметил-1,4-пентадиенге бромның бір молекуласының қосылу реакцияларының теңдеулерін жазу керек. Түзілген заттарды атау керек. Осы заттарға сутегінің сатылап қосылу реакциялары теңдеулерін жазып, алкендермен алкандарды атау керек.
ІІІ. Сабақтың соңы (..5-8 минут)
Бүгінгі сабақта
Қорытынды:
Әдіс: «10 сұрақ – иə-жоқ деген жауап» химиялық диктант
Оқушыларға бүгінгі өткен тақырып бойынша мұғалім сөйлемдер оқиды, егер оқушы мұғалімнің айтқанымен келіссе «ия», келіспесе «жоқ» деп жауап береді.
«Ия» десе « ∆» белгісін қояды.
«Жоқ» десе «___» сызықша белгісін қояды.
1.Алкендердің жалпы формуласы СnH2n-2
2.Молекуласында екі еселі байланысы бар қосылыстар - алкадиендерге жатады.
3. Алкадиендерге sp3 гибридизация тән.
4. Алкадиендерде көміртек пен көміртек арасында бір жерде қос байланыс кездеседі.
5.Гомологтық қатары метаннан басталады.
6. Изомерленудің төрт түрі тән.
7. Алкадиендерде цис және транс изомерлер болады
8. Алкадиендерге қосылу реакциясы тән.
9. Сигма байланыс пи байланысқа қарағанда әлсіз.
10. Геометриялық изомерия стериоизомерияның бір түрі.
Дескриптор:
Білім алушы
- Алкадиендердің изомерленуін біледі;
- Жалпы формуласын біледі;
- Жалпы алкадиендер тақырыбын меңгерген
Үй жұмысы: [1] 2 бөлім §75. 101 бет. Тақырып соңындағы тапсырмаларды орындау.