Тақырыбы: Алматы қаласы. Зат есім. Атау септігі. 5 - сынып
Мақсаты:
а) Лексикалық және грамматикалық тақырыптарды байланыстыра өту, зат есім және атау септігі туралы мағлұмат беру, сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.
ә) Өздігінен жұмыс істеу дағдыларын арттыру, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту, ауызша сөйлеу, сауатты оқу, жазу дағдыларын дамыту.
б) Отанды сүюге, елін құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап
Түрі: дәстүрлі
Көрнекілігі: Интерактивтік тақта
Барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасып, кезекшімен сұхбаттасу.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Көптік жалғауларды ата.
Өзің туралы әңгімеле.
Досың туралы айт.
Өткен сабақ бойынша сөздердің аудармасын айт.
Подруга, характер, младший, рост, трудиться, помогает.
ІІІ Жаңа сабақ
«Сандар сөйлейді!»
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
а | қ | у | л | м | е | т | с | ы |
Алматым менің
Алматының бағы қандай?
Алмасының дәмі балдай.
Аспанынан арайлы
Алтын сәуле тарайды.(Н.Әлімқұлов)
Сөздікпен жұмыс. Сөйлем құрау
алаң-полщадь
қонақүй-гостиница
азық-түлік-продукты
ескерткіш-памятник
саябақ-парк
сауда-торговля
өнім-продукция
ықшамаудан-микрорайон
қойылым-постановка, спектакль
сүйікті-любимый
жасау-делать
шығару-выпускать
сату-продавать
мұражай-музей
Оқулық бойынша мәтінмен жұмыс
Мәтінді мұғалім оқиды.
1 оқушы оқиды.
Алматы туралы слайд көрсету.
Ереже:
Заттың атын білдіретін сөзді зат есім дейміз. Зат есім кім? не? кімдер? нелер? Деген сұрақтарға жауап береді.
Кім? кімдер? сұрақтары адамға, мамандық атауларына қойылады. Мысалы: ата, ана, Мұрат, оқушылар, дәрігерлер.
Басқа сөздердің (жанды, жансыз) барлығына не? нелер? сұрақтары қойылады. Мысалы: сиыр, ит, торғай, кітап, Астана, қалалар.
Атау септігінің сұрақтары: кім? не? Мысалы: не? қала.
Дәптермен жұмыс.
2-тапсырма. Атау септікте тұрған зат есімдерді теріп жаз.
3-тапсырма.Төмендегі зат есімдерді үлгі бойынша екі топқа бөліп жазыңдар.
Үлгі: кім? не?
халық көше
Адам, аудан, ескерткіш, өнім, тұрғын, азық-түлік, үй, даңғыл, қойылым, әртістер.
Деңгейлік тапсырмалар
ІІІ деңгей
1-тапсырма. Диалогты толықтырыңдар.
ІІ деңгей
Сөздер ішінен зат есімдерді теріп жаз.
Қалам, ағаш, қызыл, жүгірді, әдемі, мұғалім, сызғыш, терезе, он бес, алыс, дәрігер, ата, сіңлі, орындық, бор, ит, тоқылдақ.
І деңгей
Мәтіннің мазмұнын айтыңдар.
Сергіту сәті:
Сөздердің дұрысын тап!
Лаам-алма
Матыал-алматы
Аалқ-қала
Сөздердің аудармасын тап!
Край-...
Комната-...
Флаг-...
Вода-...
Город-...
Мальчик-...
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой.
Алматы ...(қаласының, өлкесінің) оңтүстік жағында Алатау бар.
Алатаудың ...(етегінде, жағасында) «Медеу» мұз айдыны бар.
Алматыда ... (көп, аз) адам тұрады.
Ойлан, тап!
өте, әдемі, қала, Алматы
Алматыда, бар, цирк
ІV Жаңа сабақты бекіту
«Сұрақтар әлемінен» хат келіпті. Ол хатта сұрақтар бар екен. Кәне, сұрақтарға жауап берейік.
Алматы қандай қала?
Ол қайда орналасқан?
Алматыда нелер бар?
Зат есім дегеніміз не?
Атау септіктің сұрақтарын ата.
Берілген сөздерді қорапқа салыңдар, яғни 1-қорапқа кім? кімдер? сұрағына жауап беретін сөздерді, 2-қорапқа не? нелер? деген сұраққа жауап беретін сөздерді салыңдар.
Керекті сөздер: дәрігер, әжелер, кәмпит, доп, қалалар, тас, оқушы, Айдос, Алматы, жапырақ.
Бүгінгі сабақта не білдік?
V Үйге тапсырма беру
4-тапсырма 60 бет.
VІ Бағалау.