СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Алтын күз" «Балауса» ортаңғы тобы

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Алтын күздің сыйы-жемістерден де дәм тататын кез келген сияқты. Тобымызға оралайық, келген қонақтарымызға «Сауболыңыздар» дей отырып, күз берекелі, астықты болсың демекпіз! 

Просмотр содержимого документа
«"Алтын күз" «Балауса» ортаңғы тобы»

МКҚК №7 бөбекжай-бақшасы













Алтын күз

«Балауса» ортаңғы тобы









Тәрбиешілер: Сандыбаева А.Е















Қостанай 2016-2017





«Алтын күз» мерекесі.

Музыка ойнап безендірілген залға балалар келіп кіреді «Би» вход.

Жүргізуші: Келді міне, алтын күз

Сары шашты жарқын жүз

Мол өнімді ісімен

Таңдандырып халқын күз!

Армысыздар! Сәлеметсіздерме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.

Балалар тақпақтарын айтады

Ән: «Бұл алтын күз»

Жүргізуші: Жарайсыңдар! Орындарына жайғаса қойыңдар!

-Ал, балалар, балалар,

Енді бері қараңдар

Бізге қонақ келмекші

Сендерді бір көрмекші.

Әуелі жұмбақ жасырам,

Қулығымды асырам.

Таба алсаңдар шешімін

Қонағымды дәл ортаға шақырам.

Жұмбақ: Жиын-терін болатын,

Қамбаға астық толатын

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Балалардың жауабы)

Өте жақсы. Ендеше уәде еткенімдей ортаға қонағымыз-алтын күзді шақырайық!

(Музыка ойнап, ішке Алтын күз келіп кіреді)

Алтын күз: Сәлеметсіңдерме, балалар!

Сәлеметсіздерме, қонақтар!

Мен алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін!

Қонаққа келдім сендерге.

Оған достым таң қалма!

Жапырақ та сиқырлы,

Ойын ойнар түр-түрлі!



-Ал балалар мен сендерге жай келген жоқпын, сендердің өнерлерінді тамашалауға

келдім

Жүргізуші: Алтын күз біздің балалар сізге ән салып, би билейміз-дейді.

Алтын күз: Ендеше тамашалайық

Ән: «Күзде»

Би: «Қолшатыр»

Ойын: «Күн шықты, жаңбыр жауды»

Алтын күз: Бәрекелді рахмет! Балалар тыңдандаршы біреу жылап жатқан сияқты ол кім болды екен? Қане қарайықшы. Қарайды. Балалар бұл қоян екен. Қоян саған не болды неге жылап отырсың?

Қоян: Қалай жыламайын? Барлық жануарлар қысқа дайындалып өздеріне азық жинап қойды, тек қана мен үлгермей қалдым.

Алтын күз: Туу, қоян шошыттың ғой, мен қорқып кетсем. Уайымдама біз саған көмектесеміз. Солай ма балалар? (балалардың жауабы). Алдымен біздің балалардың өнерлерін тамашала.

Ән: «Күз тамаша»

Би: «Чунга-чанга»

Ойын: «Кім жылдам?» (көкөністер мен жемістерді себетпке ажыратып жинау)

Алтын күз: Жарайсыңдар, балалар! Енді бұл жемістер мен көкөнітерді қоянға сыйға берейік (балалардың жауабы).

Қоян: Рахмет айтып, балалармен қоштасады.

Алтын күз: Өте жақсы балалар! Билеп, ән салдыңдар. Рахмет сендерге! Мен сендерге жай келген жоқпын, сендерге сыйлықтар әкелдім. (Себетті беру). Ал балалар менің сендермен қоштасатын уақытым келді. Сау болындар! Келесі кездескенше!

Жүргізуші: Балалар, Алтын күзге рахмет айтып, қоштасайық! Сау бол! (балалар Алтын күзбен қоштасады).

Алтын күздің сыйы-жемістерден де дәм тататын кез келген сияқты. Тобымызға оралайық, келген қонақтарымызға «Сауболыңыздар» дей отырып, күз берекелі, астықты болсың демекпіз!