Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
Барысы: Бөлме мерекеге сай безендірілген. Ортаға 4 бала шығады:
Нұрислам: Қуаныштың ағайын
Қоңырауын қағайын
Қуандырып біздерді
Өлкемізге күз келді!
Кәусар: Айнала сары ала
Қырманға дән тола
Жемістер пісіпті
Қоймаға түсіпті!
Діннұр: Ендеше не тұрыс
Болмасын жан қалыс
Тойлайық, күлейік
Қуанып билейік!
Інжу:Берекесін сыйлауға Өлкемізге күз келді Жемістерін жинауға Шақырады біздерді
Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.
Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Ендеше ортаға № 12 «Айгөлек» тобының бүлдіршіндіршендерін қошеметпен қарсы алайық!
Раййана:Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көпегін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Ағаштардан жамырап,
Пернизат:Берекелі, мерекелі Келді жомарт алтын күз Қала да, дала да Жанның бәрі жарқын күз
Аружан:Жемісі мол теретін Күз дос екен бізбенен Бәрін тауып беретін Жомарт екен күз деген
Ән «Күз жомарт»
Жүргізуші:Күзім - ау, күзім - ау,
Мінезің бұзық - ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық - ау.
- Онда балалар ортамызға ару күзді шақырайық.. (Ішке сары киім киген түрлі - түсті жапырақтар тағылған Алтын күз келеді)
Алтын күз: Армысыңдар ма, балалар!
Ерінбестен еңбек етіп келетін,
Еңбекшіге бар жемісін беретін.
Мен мырза күз, ынтымақты еліңе,
Берекелі ырыс болып енетін.
Жүргізуші: Қош келдің, алтын күз. Өзіңмен бірге береке - байлық, молшылық, тоқшылық ала келдің. Оған біз өте қуаныштымыз. Біздің балалардың өзіңе арнаған өнерлерін қабыл алыңыз!
Би "Саңырауқұлақтар" (Ақниет, Нұртөре, Асет, Алихан,Діннұр,Бейбіти,Ибраһим).
Би аяқтала бергенде бір бала әлсірей құлайды)
Ақниет: Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып
Көздерім бұлдырап
Басым айналып барады!
(Басқа балалар көмектесіп, демейді)
Ержан: Енді, енді не етеміз?!
(Құлаған баланың атын атайды) қалай көмектесеміз?
Рауан: Сабыр сақта, саспайық
Дәрігер шақырайық!
Ақниет: Жо - жоқ! Дәрігер керек емес!
Қазір өзім тұрамын тез!
Алихан: Онда дәрі ішіп ал,
Менде міне, көп дәрі бар!
Бейбіт: Ауырмау үшін суық суға шомылу керек
Бұл - дәлелденген рецепт!
Ақниет: Ах!
Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! ("Жедел жәрдем" машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді)
Нұрай: Мені неге шақырдыңдар,
Қандай шағым, арыздар бар?
Бәрі бірге: (Әлсіреп құлаған баланы атайды) дәрігерлік көмек керек!
Нұрай: Қазір қарап шығайын,
Неден ауырғанын ұғайын... (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)
Нұрай: - А - а - а - деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қол - аяғың әлсізденген
Қызуың ыссы екен
Білдім, неден ауырғаныңды...!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген!
Ақниет: Енді не істеймін?
Нұрай: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,
Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..
Нұртөре: Қазір күз мезгілі түсті ғой,
Жемістер де, көкөністер де пісті ғой!
Қоймаға қоңырау шалайық
Күз өнімдерін осында алдырайық!
Ернияз: Дұрыс айтасың! (Қалта телефонымен қоңырау шалады)
- Алло, алло! Қойма ма?
Бізге жемістер мен көкөністер керек
Машинаға тиеп жіберіңіз
Мүмкін болса тезірек!
(Машинаның дыбысы естіліп, руль ұстаған жүргізуші бала жемістер мен көкөністерді «тиеп» алып келеді)
Ибраһим: Мен - алмамын, алмамын
Таңдандырар бал дәмім
Пісіп толдым, мінекей!
Баптап ерек бағбаным
Асет: Мені бәрі жүзім дер
Бір - бірлеп дәмдеп үзіп жер
Қызықтырам көркіммен
Қатар - қатар тізілген
Алмас: Мен шиемін, шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қажеттімін адамға
Оны жақсы білемін!
Бексұлтан: Мен алмұртпын, алмұртпын
Аузындамын бар жұрттың
ОЙЫН «Жемістер мен көкеністер»
Залға 3 шеңбер қойылады (олар үлкен себет болады) 4 баланың басына- өрік, қызанақ, орамжапырақ жүзім маскаларын кигізеді. Барлық балалар 4 командаға бөлінеді. 1 –Өрік 2 – Қызанақ 3 – Орамжапырақ 4 – Жүзім
Музыкамен барлығы билейді, тоқтап қалғанда, әр команда өз шеңберіне барып тұрады. Кейін ойын қайталанады.
Жүргізуші: жарайсыңдар балалар! Ендеше тағы да кезекті тақпақтарымызға берейік.
Мерей: Мен қиярмын, сәндімін
Салаттардың сәнімін
Дәруменім мол менің
Жегенге қуат сыйлаймын!
Санжар: Таңдандырар бәрін
Асқабақпын дәмді
Кептірілген дәнім
Таптырмайтын дәрі!
Абдулуахйд: Мен картоппын, картоппын
Бір қарасаң - доппын?!
Немен жесең де жағам
Мені қоссаң тәтті болар тағам!
Тәрбиеші: Бойға қуат нәрі
Таптырмайтын дәрі
Өнімдерді ортаға ала
Тойлайық енді шаттана!
Тәрбиеші: Қызыл, жасыл, сары алтындай
Жапырақтар күздің көркі
Ойланайық, толғанайық
Күз туралы әнге елтіп!
Ән «Осень осень»
Тәрбиеші: Алтын күз, жаңбырлы күз, жомарт күз, суығы шыңдайтын, сұлулығы арбайтын мәрт күздің тойында
- шаршауды білмеуге!........ (Балалар қайталайды)
- көңілді би билеуге!....... (Балалар қайталайды)
- әсем сазды ән салып, (Балалар қайталайды)
- бір - бірімізге жақсы тілек тілеуге ант етейік!
Балалар: Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз!
Тәрбиеші: Қане онда.....
Қызықтайық бірге, сүйінелік,
Қолшатырлы қыздар биіне еріп!
Би «кап кап»
Нұрасыл: Мен - өрікпін, өрікпін
Дәміммен тәтті еліттім
Сүйіктімін сәбилерге
Айтпасам да бөліп тым
Аяулым: Менің атым - қызанақ
Тұзды сеуіп молырақ
Банкілерге салыңыз
Аузын мықтап жабыңыз
Тағамға дәм қосамын
Қыста тәбет ашамын
Тәрбиеші: Жарнамаға құлақ түріңіздер
Жаңалықтарды біле жүріңіздер...
- Әп - сәтте жемістерді сәнділеп салат жасаған ата - анаға үлкен сыйлығымыз бар. Асығыңыздар, асығыңыздар, асығыңыздар!
Ойын шарты: ортаға 2 бала және 2 ата-ана шығады. Баласы Күз ханшайымы әкелген жемістерді таңдап анасына әкеліп береді сол әкелген өнімнен салат жасау.
Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, келесі кездескенше сау болыңдар!
Жүргізуші: Әсем әнсіз той бола ма?
Ән арнайық күзге жаңа!
Жеке ән «Алтын күз!»
Жүргізуші: Жарнама, тағы жарнама!
Жаңалықтан құр қалма!
Тілек айтқанға сыйлық бар
Күзге арнап ортада!
(Балабақша меңгерушісі - мен 1 ата - анаға сөз беріледі, сыйлықтар беріледі)
Жүргізуші Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар қонақтар, келгенше жыл айналып келгенше.
«Бекітемін»
№22 «Ақбұлақ» балабақшасының
директоры_______ Джаманшалова Г.Н.
«___» «____» 2016 жыл
«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»
Дайындаған: №12 «Айгөлек» МАД тобының Тәрбиешісі: Чуйтанова Р.Е
2016-2017 оқу жылы