СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Алып бала" Қ.Әбдіқадыров ашық сабақ жоспары Әдебиеттік оқу 2 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Алып бала" Қ.Әбдіқадыров ашық сабақ жоспары Әдебиеттік оқу 2сынып

Просмотр содержимого документа
«"Алып бала" Қ.Әбдіқадыров ашық сабақ жоспары Әдебиеттік оқу 2 сынып»

Әдебиеттік оқу 2-сынып

Мұғалім: Рахимжанова Д.М.-бастауыш сынып мұғалімі


Сабақ тақырыбы

Қалмақан Әбдіқадыров «Алып бала»

Сабақтың мақсаттары

Оқушыларды « Алып бала» мәтінімен таныстыра отырып, мәтінді талдауға үйрету.. Қ.Әбдіқадыров жайлы мәлімет беру Ұлы адамдар өмірін үлгі ете отыра, отансүйгіштікке, шыдамдылыққа, спортты сүйе білуге тәрбиелеу. Қажымұқан Мұңайтпасов туралы мағлұмат беру, әңгіме мазмұнын түсіндіру. «Алып» сөзіне түсінік беру, әңгіме түйінін ұғындыру, байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорларын дамыту.

Қажетті ресурстар


Оқулық, Қ.Мұңайтпасовтың фотосуреттері, «Шешендік өнер әліппесі» және Оқу техникасы дәптерлері бейнеролик,

Күтілетін нәтиже

  • Әңгіме мазмұнымен танысады;

  • Оқушылар мәтін мазмұнын ұғады, талдай алады, сұрақтар қоя біледі;

  • Негізгі ой-идеяны ашады;

  • Пікірлеседі, ойланады, ортақ ой түйеді;

  • Мәнерлеп оқуға дағдыланады;

  • Топпен,жұппен жұмыс істей отырып, қосымша білім алады.

Негізгі идея


Мәтіндегі негізгі ой-идеяны аша отырып, бала бойына әділеттілік, адалдық, адамгершілік т.б. қасиеттерді дарыту.



+Психологиялық ахуал


Ұстаздармен сәлемдесу,жағымды ахуал орнату

Қызығушылықты ояту

Жұптық жұмыс арқылы бөлім бойынша білімді тиянақтау:

1.Бөлімде танысқан ұлы адамдар

2.Мақалды жалғастыру

3.Бөлім бойынша сөздік жұмыс

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

1.Сөздік жұмыс:Алып,оқыра тию

2.-Суретке назар аударыңдар. Суреттегі адамның күштілігін неден аңғаруға болады?

3. Мәтінді мұғалімнің оқуы
Мәтінді тізбектей оқыту

4.Мәтін мазмұнын талдау

5.Қажымұқан Мұңайтпасов туралы не білеміз?/жинаған мәліметтер бойынша оқушылар әңгімелейді/ /дарынды оқушылармен жұмыс/
Қ. Мұңайтпасов – тұңғыш қазақ балуаны, кәсіби күрескер, әлем чемпионы. Ақмола облысы Қараөткел аймағы Қоспа аулында дүниеге келген. Бала кезінен ол қайратты, алып болып өседі. Ол 28 мемлекетте күресіп, 48 алтын, күміс, қола медальдарын әйгілі сигизмунд белбеуін алған. Ұлы Отан соғысы жылдарында көшпелі циркпен өнер көрсетіп, өзі жинаған 100 мың сом қаражатын қорғаныс қорына жіберді.
1978 жылы «Қажымұқан» атты екі бөлімді көркем фильм түсірілді. Қ. Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» кітаптары бар. «Қазақ даласының батыры» атағы берілді. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1948 жылы Шымкент облысының Арыс ауданы Ленин туы колхозында қайтыс болды.

6.Қажымұқан жайлы бейнеролик көрсету,талдау/жомарттығы жайлы әңгіме ж-сұхбат жүргізу/

Денсаулық, өнер, ептілік, сұлулық, батырлық, шымырлық күштілік, шапшаңдық
7.Қажымұқанның жетістігі /топтық жұмыс/
1905 – Қытайдың Харбит қаласында жапондық Саракикимен джиу - джитсу әдісімен күресіп, қарсыласын ажал құштырады.
1913 – Тройцк қаласында 18 рет белдесуге шығып, 18 рет жеңіске жетіп, бас бәйгені алады.
1927 – “Қазақ даласының батыры” атағы беріледі.
1944 - өз қаржысына ұшақ жасатады. Палуанға Сталин алғыс хат жолдайды.
1945 - “Құрмет белгісі” орденін алады.
1948 – 12 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы Темірлан ауылында қайтыс болады.

Қажымұқанның ескерткіші
Шымкент қаласында
Қажымұқан атындағы стадион, көше, спорт сарайлары бар.
Лақап аттары
«Ямагата Мухунури», «Иван Чёрный», «Қара Мұстафа».
Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы — 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. Бірақ орыс әкімшілігіне бұратана халықтың атын шығарған палуан онша ұнай қоймайды. Сол үшін де Қажымұқан орыс палуандарының атымен күресуге мәжбүр болды. Қажымұқанға неше түрлі лақап аттар беріледі. Сол кездегі саясат бойынша, бізде тек орыстар ғана емес, жапондықтар да күреседі деген жарнамалар жасалып, Қажымұқанды «Ямагата Мухунури» деген лақап атпен күрестіреді. Сонымен қатар, Мухан, «Иван Чёрный» сияқты лақап есімдері болған. Революцияға дейін ол қатысқан чемпионаттарды ұйымдастырушылар, сол замандағы жағымпаз баспасөз өкілдері, біресе «жапон» деп, біресе «маньчжур» деп, мүмкіндігінше «қазақ» екенін айтпауға тырысты.
Шығармашылық тапсырма:
Егер ол өз заманында тәуелсіз елдің азаматы болса,....
Бүгінгі таңда Қажымұқанның ізін жалғап жүрген қандай спортшыларымыз бар?
Өмірмен байланыс

Сергіту сәті

Шығу үшін шымыр боп,
Шынығамыз шаршамай.
Бұлшық еттер шымыр боп,
Аламыз сосын тыныс жай.


Ой толғаныс

1.Қажымұқанның өмірінің соңына шолу жасау/слайд,бейнеролик арқылы/

«Болжау» стратегиясы

2. «Шешендік өнер әліппесі» дәптеріндегі 87беттегі мысал арқылы ,пайымдау жасау

3. «Қалай көмек сұрар едің?» әдісін қолдану

4.Әдеб оқу хрест «Қажымұқан» өлеңің оқыту,мазмұнын талдау

5.Жұппен оқу техникаларын тексеру


Үйге тапсырма

1. Әдеб оқу хрест «Қажымұқан» өлеңін мәнерлеп оқу

2. «Алып бала» мәтінін оқу ,мазмұндау

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Сумативті бағалау





Кері байланыс

«Сиқырлы таяқша» әдісі
















«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі»КММ








«Инновациялық әдіс-тәсілдер –білімнің қайнар көзі» тақырыбында өткен қалалық семинарда өткізген



Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабаққа

арналған қысқа мерзімді жоспар



Сабақтың тақырыбы : Қ.Әбдіқадыров «Алып бала»




Мұғалім: Рахимжанова Д.М.


Сыныбы: 2 «Б»





Өскемен қаласы