СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Аманкелді Үдербайұлы Иманов— қазақ халқының батыры.

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Аманкелді Үдербайұлы Имановқазақ халқының батыры.

Просмотр содержимого документа
«Аманкелді Үдербайұлы Иманов— қазақ халқының батыры.»

Аманкелді Үдербайұлы Иманов— қазақ халқының батыры. Қазақстанда 1916 жылы өріс алған Ұлт-азаттық көтерілістің басшысы. Торғай уезі Қайдауыл болысының 3-ауылында 1873 жылы сәуірдің 3 күні кедей шаруа отбасында туған. 1918 жылдан Компартия мүшесі.7 жасында әкесі, одан 5 жылдан кейін шешесі қайтыс болып, жастайынан жетім қалады. Ауқатты адамдарға жалға тұрып жүріп, еңбекші халықтың тартқан қайғы-қасіретін, ауыр тұрмысын көреді.Иманов Амангелді әуелі ауыл молдасынан 2 жыл оқып, кейін Тасыбай, Ташмағамбет ишамдардың медресесіне түсті. Медреседе 4 жыл оқыған ол түрік, парсы, араб тілдерін меңгерді. Ел ішіндегі дау-шарға ерте араласып, сол себепті Ресей империясының жергілікті билеушілерінің қудалауына ұшырап, 1896-1911 жылдары аралығында бірнеше рет түрмеге қамалды. 1919 жылдың мамыр айының 18 күні дүниеден озды.

Аманкелдінің есімі қазақ халқының тарихындағы аса бір даңқты кезең — 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліспен тығыз байланысты. Бұқара халықтың бұл қозғалысы қазақ жігіттерін майдандағы қара жұмысқа алу жөніндегі патша үкіметінің 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығынан кейін өрістей түсті. Аманкелді Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Атбасар, Перовск т.б. қалаларға өз өкілдерін жіберіп, жұмысшы-шаруаларды патша өкіметіне қарсы күреске шақырaды. Төзгісіз қанауға ұшырап, жерінен айырылған қазақ кедейлері Аманкелдінің отрядына лек-легімен келіп қосылып жатты. 1916 жылдың қазан айында тек Торғай мен Ырғыз уездерінде ғана 20 шақты отряд құрылады. Аманкелді отрядтарға қатаң тәртіп енгізді. Көтерілісшілерді қару-жарақты қолдана білуге жөне соғыс өнерін меңгеруге үйретті. Аманкелдінің көтерілісшілер отряды патша өкіметінің жергілікті органдарына қарсы бірнеше ұрыс жүргізіп, 1916 жылы қазанда Торғай қаласын қоршауға алды. Осы операцияда Аманкелдінің ұйымдастырушылық жөне қолбасшылық таланты айқын көрінді. Оның қол астындағы 50 мың сарбазы ерліктің, табандылықтың тамаша үлгісін көрсетті. Патша үкіметі Аманкелдінің шабуылын тойтару үшін жазалаушы корпус жіберуге мәжбүр болды. Тек жаудың негізгі күштері келіп жеткеннен кейін ғана, 27 күннен соң Аманкелді өз сарбаздарын қаладан алып кетті. 1917 жылы қаңтарда ол қаланы басып алуға қайта әрекет жасады, бірақ күш тең болмағандықтан ел ішіне кетеді.

Аманкелдінің туған ауданы және республиканың көптеген колхоз, совхоздары батырдың есімімен аталады. Алматы қаласында және бірсыпыра аудан, облыс орталықтарында батырдың ескерткіш мүсіні орнатылған. Ж.Жабаев, Аманкелдінің бұрынғы сарбазы, халық ақыны О.Шипин т.б. ақындар батырға арнап өлең, поэмалар жазды. Жазушы Ғабит Мүсірепов

Аманкелдінің туған ауданы және республиканың көптеген колхоз, совхоздары батырдың есімімен аталады. Алматы қаласында және бірсыпыра аудан, облыс орталықтарында батырдың ескерткіш мүсіні орнатылған. Ж.Жабаев, Аманкелдінің бұрынғы сарбазы, халық ақыны О.Шипин т.б. ақындар батырға арнап өлең, поэмалар жазды. Жазушы Ғабит Мүсірепов "Аманкелді" пьесасында халық батырының көркем бейнесін жасады. Ш. Айманов атындағы “Қазақфильм” киностудиясы өз көрермендеріне тұңғыш рет Азамат соғысының батыры А.Иманов туралы “Аманкелді” фильмін ұсынды. Халық суретшілері Әбілхан Қастеев ("Аманкелді" портреті, "Аманкелді шабуылы", "Торғай жорығы") пен Қ. Телжанов ("Аманкелді", "Аманкелді қызыл атты әскері") Аманкелді образын тартымды бейнеледі.

Аманкелді Имановқа арналған Алматы қаласындағы ескерткіш.Ұзындығы – 6,3 м. Архитекторы Т.К. Басенов

Аманкелді Имановқа арналған Алматы қаласындағы ескерткіш.Ұзындығы – 6,3 м. Архитекторы Т.К. Басенов

Аманкелді Имановтың атымен аталған көшелер Алматы, Астана, Шымкент, Тараз, Талдықорған, Орал , Қостанай, Петропавл, Павлодар, Теміртау, Семипалатинск, Хромтау, Арыс, Балхаш, Шахтинск, Кентау қалаларында бар.1969 ж. Аманкелді ауылында халық батырына арналған музей ашылды.Ал 1964 ж. Үрпек ауылында осы музейдің филиалы ашылған.Бұл музейде 5 экспонатты зал, 2 кабинет , зал және кинозал бар. Музейде 2 мыңнан астам экспонат бар.Оның ішінде Аманкелді Иманов күнделікті тұрмыста қолданған заттары , қару-жарақтары бар.

Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!