СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ана – аса қымбатты жан

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Ана – аса қымбатты жан»  

Мақсаты:                                                                                                                             Аналар мерекесімен бірге күннің нұрын төгіп келген көктем мерекесінің ерекшеліктерін атай отырып, табиғаттың жаңаруын, құлпыруын балаларға жеткізу.Ешқашан аналарын ренжетпеуге, қолғанат болуға, құрметтей білуге тәрбиелеу.                                                                                       Кейіпкерлер: Жүргізуші, «Кәмпит-Ханшайым», «Қоян» , «Түлкі», «Аю» Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: Безендірілген әсем зал, гүлдер, құмыра, сыйлықтар, әсем әндер жазылған үнтаспа, т.б Ертеңгіліктің барысы: Балалар залға, бір-бірден музыка ырғағына билеп кіреді. ( «Меркелеріңізбен» әуенімен)

1-Тәрбиеші: - Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған «Шаңырақ» тобының бүлдіршіндерінің «Ана - аса қымбат жан!» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!  

Просмотр содержимого документа
«Ана – аса қымбатты жан»

«Ана – аса қымбатты жан»


Мақсаты: Аналар мерекесімен бірге күннің нұрын төгіп келген көктем мерекесінің ерекшеліктерін атай отырып, табиғаттың жаңаруын, құлпыруын балаларға жеткізу.Ешқашан аналарын ренжетпеуге, қолғанат болуға, құрметтей білуге тәрбиелеу. Кейіпкерлер: Жүргізуші, «Кәмпит-Ханшайым», «Қоян» , «Түлкі», «Аю»
Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: Безендірілген әсем зал, гүлдер, құмыра, сыйлықтар, әсем әндер жазылған үнтаспа, т.б
Ертеңгіліктің барысы:
Балалар залға, бір-бірден музыка ырғағына билеп кіреді. ( «Меркелеріңізбен» әуенімен)

1-Тәрбиеші: - Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған «Шаңырақ» тобының бүлдіршіндерінің «Ана - аса қымбат жан!» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Барлық балалар хормен:

Біз айтамыз тақпақ

Анамызды мақтап

Біздің ана әдемі

Біздің ана аппақ

2-Тәрбиеші:
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Хор: «Құттықтаймын мама»
1-Тәрбиеші:
- «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Қыздар тақпақ

2-Тәрбиеші: -Балалар туған күнде, мерекелерде аналарымыз дастарханға қандай тәтті тағамдар салады.
-Дұрыс айтасыңдар, кәмпитті балалар да, үлкендер де жақсы көреді. Кәмпитсіз дастарханның сәні кірмейді. (әсем әуенмен залға «Кәмпит –Ханшайым» кіреді)

-Кәмпит-Ханшайым: (кіріп билейді)
Мен тәттімін,
Балалардың сүйікті дәмімін,
Мерекенің сәнімін,
Дастарханның әрімін.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар, мені таныдыңдар ма? Мен, «Кәмпит-Ханшайыммын»Сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім.
1-Жүргізуші: хош келдің, төрлет кәмпит ханшайымы,бізбен бірге бол.

Біздің балалар саған арнап би билеп береміз дейді.

Би: «Детки конфетки»

Кәмпит-Ханшайымы:жарайсыңдар балалар, мен сендерге ойын алып келдім, қане бәріміз ойын ойнайық.

Ойын: «Кәмпит жинау»

Кәмпит –ханшайымы: рахмет сендерге балалар , менің кететін уақытым келді, менің алып келген кәмпиттерімді апайларыңа беремін, мереке соңында аласыңдар.

2-жүргізуші: Жарайсыңдар! Тыңдаңдаршы балалар ана жақта «Мама, мама» деген дауыс естіледі.

1- жүргізуші: Бұл не дыбыс? Кім екен мамасын жоғалтқан?

Залға қоян кіреді.

Қоян: Мама, мама! Мамамның артынан секіріп келе жатыр едім. Адасып қалдым. Енді қайдан табамын? /жылайды/

2- жүргізуші: Қоянжан неге жылайсың ,жылама.Біз саған мамаңды тауып береміз. Балалар қоянжанның мамасын тапқанша сендер қоянның көңілін көтеріп бір би билеп беріңдер

2-Тәрбиеші:
Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық «Аспазшылар»биін
Би: «Аспазшылар»

Түлкі кіреді: Мен ешкімнен қорықпаймын. Мен бәрін де алдаймын.

Қоянның қасына келіп: Қоян, сен неге жылайсың?

Қоян: Мен мамамды жоғалтып алдым.

Түлкі: Мамаң қандай?

Қоян: Менің мамам бәрінен де сұлу, әдемі.

Түлкі: Өтірік айтпа, менің мамам бәрінен әдемі.Ең әдемі менің мамам. (артына қарайды. Мамасы жоқ) Ой, менің мамам қайда? (Басын ұстайды). Мен мамамды жоғалттым.(Екеуі жылайды.)

1- жүргізуші: екеуінде жыламаңдар сендердің мамаларын әдемі ,сұлу.Мамаларыңды тапқанша біздің балалармен бірге көңілдерінді көтеріп ойын ойнап алыдар.

Ойын: «Өз балаңды тауып ал»

Аю келеді: Бұл не шу, ұйқымнан ояттыңдар ғой.

2- жүргізуші: Аюжан ренжемеші мында қоян мен түлкі мамаларынан адасып қалыпты,олар жылай береді. Біздің балалар көңілдерін көтеру үшін би билеп,ән айтып жатқан еді .

Аю: Ааааа. Ал, мамаларың қандай еді?

Екеуі: Сұп – сұлу, әп - әдемі!

Аю: Жоқ, жоқ,жоқ, менің мамам әдемі.

«Жоқ, менің мамам әдемі.», - деп үшеуі дауласады.

1-жүргізуші: Қәне дауласпаймыз. Бәріңнінде мамаларың әдемі , сұлу.Қараңдаршы сендердің жылағандарыңды көріп біздің балалар сендермен бірге ойын ойнағысы келіп тұр

Қимылды ойын: «Арам-зам-зам»

(Ғажайып сәт, әуен қосылып залға ару көктем кіреді)

Ару көктем:Саламатсыздар ма, балалар! Менімен бірге күн жылынып, айнала сұлуланып нұрланып тұр. Сендер неге шулап жатырсыңдар. Ой , менің ормандағы достарым мында екен ғой

1-Жүргізуші: Сәлеметсізбе АРУ көктем қош келдіңіз, төрлетіңіз. Бізде мереке болып жатыр . Ормандағы достарымыз аналарын жзоғалтып алған екен. Соған жылап жатыр.

Ару көктем:Жыламаңдар мен сендерді аналарыңа апарамын.

2-жүргізуші: Келіңіз ару көктем балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ұлдар тақпақ:

Ару көктем : жарайсыңдар балалар, енді әкелеріңнің де өнерін тамашалайық.

Ойын: «Анамның бір күндік өмірі»

Би: «Маленкая старан»

1-жүргізуші: Қариясы бар үйдің, қазынасы деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, әнімізді қабыл алыңыздар

Ән: «Ақ әжем»

Ойын:

2-жүргізуші:

Анашым аяулы адам сен едің,
Серігі болған біздердің .
Түн ұйқысын төрт бөлген,
Қамқоршы менің анашым. Ән: «Топ-топ»

Ару көктем: Рахмет балалар ,көңілімді көтердіңдер.Мен сендерге өзімнің сыйлығымды ала келдім.Енді мен достарымды Түлкіжан,Аюжан,Қоянжанды мамаларына апарайын Сау болыңдар , балалар!

1-жүргізуші: Күндеріңіз толсын гүлге, желекке Отбасында болсын ырыс-береке Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.

Балалар сыйлықтарын береді












































































«Қостанай қаласы әкімдігінің

Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

11 бөбекжай - бақшасы»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

















«Ана – аса қымбатты жан»
























Ортаңғы «Шаңырақ» тобы

Тәрбиешілер: Ахатова А.Қ

Фаткуллина К.С





























Қостанай ,2020ж.