СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Ана - біздің гүліміз !» атты мерекелік ертеңгілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

адамзат баласын дүниеге әкеліп оны тәрбиеліп өсіретін ана екенін түсіндіру.Ананы сыйлауға,еңбегін бағалауға.

Просмотр содержимого документа
««Ана - біздің гүліміз !» атты мерекелік ертеңгілік»

«Ана - біздің гүліміз !» атты мерекелік ертеңгілік

Мақсаты: адамзат баласын дүниеге әкеліп, оны тәрбиелеп өсіретін ана екенін түсіндіру. Ананы сыйлауға, еңбегін бағалауға, аналарды құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: зал мерекеге сай безендірілген, түрлі- түсті шарлар, әдемі гүлдер, үнтаспа.
Жүру барысы: 
Балалар екеуден қол ұстасып залға кіреді. Отыруға барады.
Жүргізуші: 
Құтты болсын сегізінші наурызың,
Аман болсын шаңырақта ұл-қызың,
Бақатты бол, қуанышқа кенеліп,
Жарылқасын аспандағы жұлдызың.
8 – наурыз «Аналар» мейрамы құтты болсын! Құрметті ата-аналар балаларыңыздың жүрегінен шыққан жыр толқын, ән-билерін қабыл алыңыздар. «Ана - біздің гүліміз!» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Ән: «Ақ мамам» 
Жүргізуші:
Ақ жүректе сақтаған,
Жарқын жүзің бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйейін,
Келші,келші ақ мамам - дей отырып, біздің әжелерімізге арналған тақпақтарымызды қабыл алыңыздар.
(Тақпақ айтуға ортаға Нармина, Шалқар және Асылай шығады).
Нармина: 
Асыл әжем, мақтанышым менің де.
Қонақ болып отыр, міне төрімде
Өзіне арнап балдай тәтті үніммен
Ән салатын кезім келді менің де.
Шалқар:
Әжелерді сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз.
Әжелерді құрметтеп,
Оларға бас иеміз.
Асылай: 
Әжем менің ақ әжем
Қартаймашы ешқашан
Екеуімізде боламыз.
Тойға бірге барамыз.
Жүргізуші: Балалар, ойын ойнаған сендерге ұнай ма?
Балалар: ия
Жүргізуші: Олай болса, ойынға қатысайық. Ортаға тобымыздың сымбатты да алғыр жігіттерді шақырамыз.
Ойын: «Ең әдемі гүл шоғы»
Шарты: Ұл балалар гүдерден тездетіп, әдемілеп гүл шоғын жинайды.Өздері қалаған қызарға сыйлайды, гүл сыйлаған қызымен би билейді. 


Жүргізуші: 
- Балалар, аналар мерекесі жылдың қай мезгілінде болады?
Балалар: Көктем мезгілі деп жарыса жауап береді.
Жүргізуші: Дұрыс, жарайсыңдар балалар. Қазір жылдың көктем мезгілі.
- Көктем мезгілінде неше ай бар, қане атап жіберейікші.
Балалар: наурыз, сәуір,мамыр айлары бар деп жауап береді.
Би: «Джентельмени»
Джентельмендер биін тамашалайық.

Жүргізуші: Балалардың аналарға арнап жаттаған тақпақ жолдарын тыңдайық.
(Тақпақ айтуға Алихан, Бағжан,Айару, Нұрсұлтан Сабина шығады).

Алихан:
Қамқоршы боп жүресін.
Маңдайымнан сүйесің.
Суға түсіп отқа да 
Бір мен үшін күйесің.
Бағжан:
Қандай бала болмайық
Анамызға дәріміз,
Көтерсінші көңілін
Ән салайық бәріміз.
Сабина:
Анамның түссе қабағы
Шаттанып мен күлмеймін.
Өйткені анам мен анамнан
Жақын жанды білмеймін.
Айару:
Тыным таппай күнімен
Ұйқы көрмей түнімен
Бар жұмысты тындырып
Бірге ойнайсың менімен.
Нұрсұлтан:
Сырнай тартып, би билер
Тойларыңда балалар
Бағалаймыз еңбегін
Аман болсын аналар.
Жүргізуші: Келесі кезекті балалар оркестріне жолдаймыз.
Оркестрдің орындауында «Полька» шығармашылығы

Жүргізуші: Балалар, аналарымыз үйде қандай шаруамен айналысады?
Балалар: тамақ пісіреді, кір жуады, қонақ күтеді, бізді бақшаға әкеледі.
Жүргізуіші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ендеше аналарымызға қолдан келгенше көмектесіп жүрейік. Ойнағаннан кейін ойыншықтарды жинап, кішкене бауырларымызға қамқор болып, анамыз дүкенге кеткенде жыламай, қонақ келгенде қонақтың мазасын алмай ақылды да тәртіпті бала болайық.
Ән: «Апатайым анашым. Орындайтын: Алихан мен Айсана.


Жүргізуші: Ойын ойнап біраз сергіп алайық. 
Ойын: «Орындыққа отырып қалу»
Шарты: Ортаға оншақты бала шығып орындықты әуен біткенше айналып жүреді, әуен тоқтатылған кезде орындыққа отырып қалу керек. Кімге орындық жетпесе сол бала ойыннан шығады. Ойын осылайша соңғы бала қалғанша жалғасады.

Жүргізуші: Балалардың тақпағын тыңдайық.
Диляра:
Сеніміңді ақтайды
Еркелеткен балашың.
Аман жүріп әрқашан
Мұңаймашы анашым.

Мирас:
Гүл-гүл жайнап бәріміз,
Кіреді біздің сәніміз.
Аналарды тойымен
Құттықтаймыз бәріміз.
Мансур:
Қайдан біле берейік,
Көп тіршіліктің жайын біз.
Қандай жұмыс болса да
«Ана» үшін дайынбыз.
Жүргізуші: Балалар,сендер үйде аналарыңа көмектесесіңдер ме?
Балалар: Ия
Жүргізуші: Нағыз көмекшілеріміздің өнерін тамашалайық.Балалардың рольдік ойынға деген қызығушылын арттыру. Анасының колқанаты бола білуге тәрбиелеу мақсатында.
Би: «Анасының көмекшісі».


Ән: «Ақ анам» Нармина мен Ұланның орындауында

Жүргізуші: Ал,енді аяулы аналар,қыздар біз балалармен бірге өздеріңізге арнап шағын сыйлықтарымызды әзірлеген болатынбыз. Сол сыйлықтарымызды қабыл алыңыздар.
(Балалар аналарына,әжелеріне сыйлықтарын тарту етеді).
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, аналар, біздің «Ақбота» екінші кіші тобының балаларының дайындаған «Ана – біздің гүліміз» атты мерекелік ертеңгілігі аяқталды. 
Балабақша меңгерушісі: Ахметбекова құттықтау сөз сөйледі.