СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

“Ана-біздің күніміз,ананың-біз гүліміз!”

Нажмите, чтобы узнать подробности

Айналайын анашым

Ақылы асқан данасың

Балаң үшін не керек

Бәрін іздеп табасың

Просмотр содержимого документа
«“Ана-біздің күніміз,ананың-біз гүліміз!”»

Тақырыбы: “Ана-біздің күніміз,ананың-біз гүліміз!”



Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Ана туралы өлеңдер, әндер айтуға және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру арқылы тілдерін дамыту.

Өзінің жақын адамдарын қуанта білуге,аналарын,әжелерін құрметтей білуге тәрбиелеу.

Кейіпкерлер:

Көктем- Музарханова Шырай

Көбелек- Мадетова Гүлназ

Құрал-жабдықтар: гүлдер,шалғыш,шүберек,тегеш,қысқыш,жіп

Қолдарында гүл ұстаған балалар залға музыка әуенімен тәрбиешінің артынан екі қолдарын жоғары көтеріп екі жаққа тербеліп кіріп, орындарына келіп отырады.



Тәрбиеші: Ана десем алғыс алам халқымнан,

Ана десем,теңіз болам шалқыған.

Ана десем,ашылады қабағым,

Ана десем,әділдікті ұғынам.

Біз ғана емес,

Қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар,

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар,қасиетті аналар!



Тәрбиеші: Құрметті аналар,әріптестер,ақ жаулықты әжелер, қызғалдақ гүлдей жайнаған бүлдіршін қыздар, қадірменді қонақтар! Бірінші кіші “Б” тобының “Ана-біздің күніміз, ананың-біз гүліміз” атты ертеңгілімізге қош келдіңіздер!





Тәрбиеші: Балалар қазір қай жыл мезгілі?

Балалар: Көктем

Тәрбиеші: Балалар біз қандай мерекені тойлауға жиналып отырмыз?

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар,аналар мерекесін.

Олай болса,бүгінгі біздің мерекеміздің сәнін келтіретін көктем аруын қарсы алайық.(Әсем әуенмен залға көктем аруы кіреді).

Көктем:

Дала гүлге бөленеді

Қуанышқа кенеледі

Орман, тоғай , бақтарда

Өйткені мен көктеммін.

Құстар сайрай жөнеледі.

Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгін ерекше әдемі болып отырсыңдар! Сендердің бүгінгі мерекеге арнап дайындаған көптеген өнерлеріңнің барына күмәнім жоқ!

Тәрбиеші: Сәлеметсің бе ару-көктем! Бүгін біздің балалар сізге, мына мерекеге арнап, өнерлерін көрсету үшін көп дайындалды. Балалардың сіздерге арналған әндері бар екен.

Тәрбиеші: Қарсы алыңыздар: Ән “Нұрын төккен маған”

Нұрын төккен маған

Шуағымсың сен

Айналайын ана, қуанышыңмен

Шаттандырған мені

Жұбанышым сен

Құттықтаймын ана, мерекеңізбен!

Ля-ля-ля-ля-ля-ля

Ля-ля-ля-ля-ля-ля

Аялаған мені

Ән қанатыңмен

Құттықтаймын сені, салтанатыңмен

Бақытты ғой, заман

Қандай көңілді

Мен тілеймін саған, ұзақ өмірді.

Көктем: Жарайсыңдар,балалар.Әндерің өте тамаша екен,тағы қандай өнерлерің бар?

Тәрбиеші: Көктем аруы,біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің аналарына арнап дайындаған тақпақтары бар екен.

Ортаға Жангир, Аделя, Ералы, Алимжан келе қойыңдар.

Жангир

Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.

Аделя

Мен анамды сүйемін

Құшағына енемін

Мәпелеген анамды,

Қуантсам деп келемін.

Ералы

Аялаған саялаған,
Бар бақытым берекем
Апатайым құттықтаймын
Бүгін сенің мерекең.

Алимжан:

Айналайын анашым,

Көкте күн боп жанасын.

Ет жүрегің елжіреп,

Құшағыңа аласың.

Тәрбиеші: Көктемде барлық тіршілік иелері оянады. Жер көгеріп,құстар жылы жақтан ұшып келеді.

Балалар, көктемде ең алғаш бүр жарып шығатын гүліміз қандай?

Балалар: Бәйшешек.

Дұрыс айтасыңдар!

Осы кезде музыка әуенімен залға көбелек ұшып келеді.

Көбелек: Сәлеметсіңдер ме,балалар? Мерекелерің құтты болсын!Сендер өте өнерлі екенсіңдер,мен сендердің дауыстарыңды естіп келдім.Ой мұнда менің кішкене көбелектерім отыр екен ғой.Сендерді көріп,сендермен әдемі би билегім келіп кетті.Кәне бәріміз билейік.



Тәрбиеші: Қарсы алыңыздар «Көбелектер биі»

Көбелектер бір тізбекпен қанаттарын қағып,аяқтарының ұшымен кіреді.Жарты шеңбер жасап тұрады.Қолдарын екі жаққа ұстап,аяқтарын гүлдердің үстіне кезек қойып,қимылдатады.Орындарында тұрып,қанаттарын екі жаққа қағады.Орындарында айналады.Қолдарын көтеріп,түсіреді.(2-рет).Орындарында тұрып айналып,қолдары алдында,гүлге қонады.Орындарынан тұрып,қанаттарын қағып,аяқтарының ұшымен шығып кетеді.

Тәрбиеші: Қарсы алыңыздар балаларымыздың әжелеріне арнап дайындаған өлең жолдарын тыңдайық. Ортаға Жамиля,Алан,Диляра келе қойыңдар.

Диляра

Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі



Нұрсұлтан:

Көремін ана өзіңді,

Шуағын шашқан көзіңді.





Алан

Менің әжем, гүл әжем

Алтын әжем, күн әжем

Апам үшін, мен үшін

Нағыз ана тілі әжем.

Жамиля:

Ақ апамды әрқашан,

Сыйлап жүрем әрқашан.

Қуантайын деп оны,

Өлең айтып беремін.



Тәрбиеші: Енді кішкентай бүлдіршіндеріміздің орындауында ән:

«Мен тәртіпті баламын»

Мен тәртіпті баламын,

Айтқан тілді аламын.

Анам нанға кеткенде,

Үйде ойнап қаламын.



Шкафтарды ашпаймын,

Кітаптарды шашпаймын.

Текшелерден үй жасап,

Қызық ойын бастаймын.

Көбелек: Балалар мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.

Ортаға ұлдар келе қойыңдар.

Ойын: «Гүл жинау»

Шарты: Ұлдар шығып,ән ырғағымен гүлдерді жинап,қыздарға силайды.Балаларды ептілікке және жылдамдыққа тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Өте көңілді ойын болды иә, балалар! Көбелек енді сен бізге қонақ бол!

Тәрбиеші: Енді біздің бүлдіршіндеріміздің аналарына арнап дайындаған тақпақтарын тыңдайық.Ортаға Ерназ,Аяла,Ақжол,Мақсат келе қойыңдар.

Ерназ

Айналайын анашым

Ақылы асқан данасың

Балаң үшін не керек

Бәрін іздеп табасың

Аяла

Ана біздің гүліміз,

Ана біздің күніміз.

Ақжол

Жердегі бар тағамнан

Ана сүті нәрлі екен

Бұл жалғанда анамнан

Сүйікті адам бар ма екен

Мақсат

Айналайын анашым,

Асқар таудай панасың

Күн көзіндей күлімдеп

Құшағыңа аласың.

Тәрбиеші: Қарсы алыңыздар «Моряктар» биі.

Мақсат,Алан,Дильшат,Жангир,Ерназ,Ералы,Бейбарыс,

Алимжан,Ақжол

Балалар шагаттап бір қатарда тізбектеліп шығып, қолдарын белге қойып,шагаттап тұрады.Қолдарын шекелеріне қойып,жан-жағына қарайды.Қайта қолды белге қойып, аяқтарын алдыға кезекпен қояды.Отырып,ескек еседі.Қолдарын дүрбі жасап,айналаны қарайды.Алдыға аяқтарын кезекпен қойып,шаңын сүртеді.Бастарын иіп шығып кетеді.

Тәрбиеші: Тағы да балаларымыздың тақпақтары бар екен,соны тыңдап алсақ.

Рүстем,Алихан,Айзере,Әли шыға қойыңдар.

Рүстем:

Іш ауырса,тіс ауырса,

Мамам дәрі береді.

Барлық ана,барлық бала,

Оны жақсы көреді.

Алихан:

Әлпештеген,аялаған,

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мерекеңмен құттықтаймын.

Айзере

Ана біздің күніміз

Ананың біз гүліміз

Қызыңды ана қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

Әли:

Менің анам ақылшым,

Күн секілді білгенге.

Шашырайды шуағы,

Үйімізге кіргенге.

Тәрбиеші: Ал енді біздің балаларымыз аналарына қалай көмектеседі,соны көрсетіп берсе.Ортаға үш қыз,үш ұл келе қойыңдар.

Ойын: «Кішкентай көмекшілер»

Шарты: Балалар тегене ішіндегі сүлгілерді жуып,жіпке апарып ілу.

Өздерінің аналарына арнап дайындаған тақпақтарымен ортаға балаларды шақырамыз.

Зере

Еркелесем күлімдейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан иіскеп менің

Құлыншағым күнім дейтін

Дильшат

Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.

Бейбарыс:

Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.



Айша:

Мен деп кірпік қақпаған

Менсіз тағат таппаған

Бақыты үшін баланың

Аман, сау жүр, ақ мамам

Тәрбиеші: Қарсы алыңыздар “Біз кішкентай бөбекпіз!” әні

Біз кішкентай бөбекпіз,

Дөңгеленген бетіміз.

Міне,міне осылай,

Дөңгеленген бетіміз.



Біз кішкентай бөбекпіз,

Үлкен сәлем бермекпіз.

Міне,міне осылай,

Үлкен сәлем бермекпіз.

Ортаға тақпақтарымен Ақжол,Айтолқын,Асылмахмұт,

Жибек шыға қойыңдар.

Жибек:

Анашым,анам,

Ризамын саған.

Тіліңді алам,

Ақылды болам.

Асыл Махмұт:

Ана деген ақ көңіл,

Күнмен бірге келеді.

Ана деген шат көңіл,

Шарықтайды үнемі.

Айтолқын

Мені жақсы көреді

Күндей күліп жүреді

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді

Ақжол:

Жердегі бар тағамнан,

Ана сүті нәрлі екен.

Бұл жалғанда анамнан,

Сүйікті адам бар ма екен?
Тәрбиеші: Қарсы алыңыздар “Вальс” биі

Ортаға Рүстем,Алихан,Әли,Нұрсұлтан,Асыл Махмұт,Айтолқын, Аяла,

Диляра,Айзере,Аделя

Балалар жұптасып бірге келеді.Ұлдар бір қолдары артта.

Қыздар көйлектерінің етегінен ұстайды. Бір қалыпты шеңбер бойымен жүреді де,шеңберге тұра қалады.Ұлдар қолдарымен белдерінен ұстап тенселіп тұрады, ал қыздар ортаға келіп айнала билейді.Ұлдар отырып,қыздар ұлдарды айналады,соңында қол ұстасып кетеді.

Көктем мен көбелек: Ал енді балалар, біз сендермен қоштасайық. Мерекелеріңіз құтты болсын! Сау болыңыздар!

Балалар: Сау болыңыздар!

Тәрбиеші: Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемгі күндей жарқырап,жүздеріңізден қуаныштың нұры кетпесін,әрқашан кішкене бүлдіршіндеріңіз сіздерді тәтті қылықтарымен қуанта берсін,мерекелеріңіз құтты болсын дей келе сөз кезегін балабақша меңгерушісі: Досбаева Айнұр Мұратовнаға берсек.



Тексерген:





Бекітемін_____________

№1 “Еңлік” балабақша

меңгерушісі А.М. Досбаева





Ана-біздің күніміз,ананың-біз гүліміз!”



Бірінші кіші “Б” тобы

Тәрбиешілер: Сагдолдина А.

Құдайбергенова А

Музыка жетекшісі: Бекшойынова А.

Әдіскер: Боржикова Л.

Зайсан қаласы

2016-2017 жыл

Айсұлу

Көктем келді шуақты

Балаларды қуантты

Алақай-ау, алақай!

Құстар сайрап, бақтар жайнап, гүл атты.



Данияр

Жасыл көктем келеді

Самал беттен өбеді

Көкте бұлттар көбейсе

Мөлдір тамщы төгеді



Ерасыл

Дала гүлге толыпты

Аққу көлге қоныпты

Алақай-ау, алақай!

Көктем қандай, көктем қандай көрікті.



Кербез

Бүршік атып, жапырақ шашып,

Даланы гүлдер басады

Сұлу көктем есігін ашып

Шуағын бізге шашады.



Айару А.

Бүршік жарып ағаштар

Құстар ұя салады

Сылдыраған бұлақтар

Ағып бара жатады.



Ераман

Үмітіндей көзіңе

Көп қарайсың үңіліп

Еркелеген кезімде

Ертегіңіз тұр күліп

Айдияр

Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі

Әлихан

Менің әжем, гүл әжем

Алтын әжем, күн әжем

Апам үшін, мен үшін

Нағыз ана тілі әжем.

Айзада

Мені жақсы көреді

Күндей күліп жүреді

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді

Олжас

Құрт пен майын жинаған

Балаларға сыйлаған

Бұл әжемнің өмірі

Таусылмайтын жырлаған

Әли

Айналайын анашым

Ақылы асқан данасың

Балаң үшін не керек

Бәрін іздеп табасың



Айшолпан

Жанымызды жайнатқан

Сіздерсіз ғой аналар

Зор денсаулық, мол бақыт

Тілейміз біз балалар



Айару

Жердегі бар тағамнан

Ана сүті нәрлі екен

Бұл жалғанда анамнан

Сүйікті адам бар ма екен



Кербез

Айналайын анашым,

Асқар таудай панасың

Күн көзіндей күлімдеп

Құшағыңа аласың

Еркеназ

Ақ қабақты анашым

Күн сәулелі анашым

Әлпештеген баласын

Айналайын анашым



Талғат

Көремін ана өзіңді

Шуағын шашқан көзіңді

Мейірге толы құшағың

Оятар асыл сөзіңді



Аяла

Ана біздің күніміз

Ананың біз гүліміз

Қызыңды ана қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз



Алина

Ете гөр қанағат

Әзірге берермін

Балалақ махаббат

Балалақ жүрегім

Нұрғожа

Еркелесе күлімдейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан иіскеп мені

Құлыншағым күнім дейтін

Мөлдір

Менің анам ақылшым,
Күн секілді білгенге
Шашырайды шуағы
Үйімізге кіргенде

Аяжан

Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.

Мадияр

Мен де кірпік қақпаған

Менсіз тағат таппаған

Бақыты үшін баланың

Аман сау жүр ақ мамам

Ералы

Аялағеан саялаған,
Бар бақытым берекем
Апатайым құттықтаймын
Бүгін сенің мерекең.

Мұстафа

Мәпелейсің мені анам

Қолыңдағы құсыңдай

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағыңда қысылмай

Медина

Жамандықтан сақтандырып

Жақсы ісімді мақтан қылып

Ақ мамамды мен әрқашан

Жүрсем деймін шаттандырып