Ана-өмірдің шуағы
1-жүргізуші:Армысыздар,аяулы аналар,құрметті ұстаздар,гүлдей құлпырған қыздар!Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті.Ана бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен. Аналар мен нәзік қыздар қауымының төл мерекесі.Олай болса
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті,жан аналар!
дей келе алғашқы сөз кезегін мектебіміздің директорына береміз.
2-жүргізуші:Ана өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.
1-жүргізуші:Ана-барлық өмірдің бастауы.Ол адамды өмірге әкеледі,оны тәрбиелейді,өсіреді.Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан,ананың ақ сүтінен дариды.Ана-ұлы адам,Ана-құдіретті жан,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын,
Аяулы аналар!!!
Арулар!!!
Ұстаздар!!!
2-жүргізуші:Той пердесін ашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық,-деп келесі кезекті ән
1-жүргізуші:Тамаша ән орындалған сияқты.Міне бұл тек аналарға деген ерекше құрмет.Осындай хақ діннің заңына бағынған халқымның салт дәстүрін құрметтеген адам аналарын құрметтеуі тиіс.Әрқашанда аналар беделі биік болсын.
2-жүргізіші:
Әлемің жарығын
Сыйладың сен маған
Даланың әр гүлін
Жинадың сен маған.
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті.Әлемдегі жақсылық көзі,адамдық қасиет,ақ тілек,мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.Олай болса келесі кезекте ән «Өсиет»қабыл алыңыздар
1-жүргізуші:
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды-дей отырып келесі кезекті «Мереке» әнін қабыл алыңыздар
2-жүргізуші:
«Отбасы шағын мемлекет»деген сөз бар.Ынтымағы келіскен,түтіні түзү ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі.Әйел ана отбасы жылуын сақтаушы,қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.
Мерекеге арналады бұл билер.
Көтерілсін,қанекей,көңіл-күйлер.
Алдарыңызда қазіргі қазақ биі
Таң қалдырып қанекей би билеңдер. Олай болса келесі кезекті биші қызымызға берейік
1-жүргізуші:
Осы айтылған сөздердің бәрі шындық,бәрі шын аналар ажалдан күштірек,жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды,ақындарды,ерлерді тауып беретін аналар.
2-жүргізуші:
Өзіңе еліктеп өсермін
Борышты өтермін қалайда
Тым нәзік,жұтаңдау жырымды
Жүректе жылытшы жарай ма?
1 -жүргізуші:
Олай болсы аяулы қызымыз осында отырған барша аналарға,ұстаздарға өлең оқиды.
2-жүргізуші:
Барша ана құтты болсын мерекеңіз
Әрқашан ана сізбен берекеміз
Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам
Сонда біз кісілікке теңесеміз.-дей келе келесі кезекте ән
1-жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар әнді суйсең менше сүй,-деп келесі кезекті ән.
2-жүргізуші:Құтты болсын ардықты анам
Асыл анам мерекең
Құты болсын ұстаздарым
Қуанышты береке
1-жүргізуші:Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны,жанашыры,қадірлісі,қамқоршысы,ақ сүтін емізіп аялаған ардақтысы.Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын.Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан.Ана баланы тоғыз ай көтеріп,толғатып дүниеге келтіріп қана қоймайды,оны көзінің қарашығындай қорғап,аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады.
2-жүргізуші:Демеңіз бір өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды