СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Аналитикалык есеп yлгiсi

Нажмите, чтобы узнать подробности

ЖЫЛ БОЙЫ ЖАСАЛГАН ЖУМЫСТЫГ АНАЛИТИКАЛЫК ЕСЕБI

Просмотр содержимого документа
«Аналитикалык есеп yлгiсi»

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын №9 «Радуга» бала бақша - гимназиясы















2014-2015 оқу жылы бойынша № 9 “Радуга”

бала бақша - гимназиясы

қазақ тілі мұғалімі

Оспанова Гүлсім Амангелдіқызының

аналитикалық есебі

















Мен 2014-2015 оқу жылында ІІ «А» және «Б» топтарында, мектепалды даярлық 5-6 жас «А», «Б» топтарында қазақ тілінен сабақ бердім. Балалардың білім деңгейі анағұрлым жақсарды. Балалармен қосымша жұмыс жасалды. «Балдырған» үйірмесі жұмыс жасады. Балалар лексикалық тақырыптарға қатысты сөздер мен көркем әдебиетпен танысты. 12 түсті, 1ден 20ға дейін санауды, жыл мезгілдерін, киімдер,жиһаздар, электр құралдарын, азық-түліктерді т.с.с тақырыптар бойынша білім алды. Қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері жұмбақтар, мақалдар, жаңылтпаштар мен санамақтарды, ертегілерді біледі.

Өздік білім жетілдіру тақырыбым: «Мектепке дейінгі балалардың тілін, сөздік қорын ойын технологиясы арқылы дамыту»

Тақырып бойынша жұмысты 2013-2014 оқу жылында басталып, 2015-2016 оқу жылында аяқталмақ.Мақсаты: Жаңашыл технологияларды қолдана отырып өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту.

Міндеттері:

  • Балалардың қазақ тілін оқып білуге қызығушылығын арттыру;

  • Қазақ тінінің төл дыбыстарын анық айта алуға дағдыландыру;

  • Қазақ халқының салт-дәстүрін, фольклорымен таныстыру;

  • Жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдана отырып жан-жақты дамыту;

  • Тілдерін жаттықтыру, сөздік қорларын молайту;

Тақырыпқа қатысты әдебиеттер тізімі: ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, Бала құқықтары туралы конвенция, “Педагогика” - Әбиев, Құдиярова, Бабаев“Қазақ тілі” Өскемен, ШҚМУ баспасы, 2003 ж, “Балабақша және отбасы”, “Балдырған”, “Көркем әдебиет”, “Бала мен балабақша журналдары”, Әдістемелік нұсқау “Күншуақ” Б.Б.Баймұратова, З. Еденбаева. Дидактикалық ойындар “Педагогикалық сыр-сандық” М.И. Нүсіпбекова, Қ.Ш. Жүнісова Т.Солтанбеков «Қазақ тілін оқыту ерекшеліктері», Ж.Ахтанов «Мектеп жасына дейінгі тәрбие мен білім беру үрдісі».

Кеңестер: «Балабақшада өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретудің тиімді бір жолы-ойын», «Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық ойын арқылы қазақ тіліне үйрету».

Өзіндік педагогикалық тәжірибесімен алмасуы:

  • Тамыз конференциясы 2014 жыл. Мастер класс, баяндама: «Мектеп жасына дейінгі ұйымдарда балаларға ұлттық тәрбие берудің жаңа технологиялары»;

  • 2015 жыл Пед.кеңес №3. Баяндама тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балаларды Қазақстан халықтарының ұлттық педагогикасымен таныстыру арқылы көптіліділікке тәрбиелеу»;

  • Ұлы отан соғысының жеңісіне 70 жылы мерекесіне арналған «Өнерлі ұстаз» облыстық байқауына қатысып сертификат алдым.

Балаларен жұмысым: ШТ «Жыл мезгілдері еліне саяхат» ашық сабағын дайындап өткіздім. Оқу іс-әрекетінде «Не артық?», «Сиқырлы алмалар», «Көкөністер мен жемістер», «Киімдер», «Асықтар» дидактикалық ойындары ойнатылып, ТРИЗ, денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологисы мен ізденіс- шығармашылық технологиялары қолданылды.

Тақырыптық сабақтар өткізу «Көп тіл білу-өнер», Әдеби кеш «Өнер-білім бар жұрттар», Тілдер фестивалі «Қазақстан –– ортақ шаңырағымыз», «Тұңғыш Президент күні» тақырыптық кеш, үйірме жұмысы: «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін сахналау, «Естен кетпес ерлік» экскурсия.Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған іс-шара.

Ата-аналармен жұмыс: «Біз қазақша сөйлейміз» акциясы, «Тілдер керуені» кітап көрмесі, «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» танымдық сайысы.

Қызметкерлермен жұмыс: қазақ тіліндегі тақырыптық кинофильмдер көрсетілімі, «Үш тіл патшалығы» қызметкерлер арасында сайыс, «Қазақшаңыз қалай?» қызметкерлер арасында сайыс, «Қош келдің, Әз Наурыз!» қызметкерлерге арналған сайыс, мерекелік кеш.

Педагогтардың ұйымдастырылған іс – әрекеттеріне қатысуым: Кашенова Р.К. «Приключение пчелки ЖУЖУ», Мастер-класс «Использование новых технологии по методу Воскобовича», Жанбырбаева С.А. «Ертегілер еліне саяхат», «Ғажайып ғарыш», «Көктем аруы», «Дауыс іздеген балапан» театр, Хамитова А.М. «Ойланып ойнайық», «Хайунаттар бағында», Апекова «Дыбыстар әлеміне саяхат», Тасыбаева Г.Ж. «Жыл мезгілдері», Спотару А.Н. «Приключения Карандашика», Ата-аналармен жұмыс «Семейные традиции», Хамраева «Цветик-семицветик», Жумкенова В.А. «Стадион» сюжеттік ойыны, Кабдрашева Б.М. «Шайхана» сюжеттік ойыны, Спирина И. Ю. «Ауруханада», Шаймағанбетова А.Е. «Үй жануарлары».

Балабақшада оқу жылы бойынша өткізілген «Білім күнінде» «Математика» ролінде, «Алтын күз» мерекесінде «Бұлт», «Тәуелсіздік мерекесінде» «Алтын адам», «Жаңа жыл меркесінде» жалмауыз кемпір, «Аяз ата», «Дәу» ролдерінде, 8 наурызда «Көктем», «Наурыз», «Абылай хан» ролдерінде,

Мектепалды даярлық 6-7 жас тобында «Қош бол балабақша» ертеңгілігінде Жалқаубек ролдерін сомдадым.

Қорытынды: Осы оқу жылында өздік білім жетілдіру тақырыбым бойынша жоғарыда аталған жұмыс түрлерін жасадым. Осы тақырып негізінде үш тілдегі дидактикалық ойындар түрлерін топтастырып жинақтадым. Келесі оқу жылында «Мектепке дейінгі мекеме педагогтары мен тәрбиешілеріне арналған үш тілді дидактикалық ойындар жинағын» шығаруды жоспарлаудамын.