Просмотр содержимого документа
«"Анама арналған ашық оқу қызметі"»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
№ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА
Күні: _______________
Білім беру саласы: “Шығармашылық”
Ұйымдастырылған оқу іс -әрекетінің түрі: Сурет салу.
Тақырыбы: Анама арналған моншақтар
Мақсаты: Балаларға горизонтальді жүргізілген сызықта гуашьпен бір көлемде шеңберлердің суретін салуға үйрету. Эстетикалық талғамын дамыту.
Қажетті құрал – жабдықтар: Сурет дәптері, бояулар, қылқалам, сүрткіштер
Сөздік жұмыстар: Моншақ
Оқу іс –әрекетінің кезеңдері | Тәрбиешінің іс әрекеті | Баланың іс - әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық | Мен балаларға қуыршақ Айсұлудың қонаққа келгендігін айтады. Қуыршақ Айсұлудың көйлегі қандай әдемі, шашы ұзын, аяқ киімі қандай әдемі .Айсұлу өзіне әдемі моншақ сатып алыпты, ал енді анасына да осындай әдемі моншақтар сыйлағысы келетіндігін, сендерге анасына моншақтар таңдауға көмек сұрай келгендігін айтады. Балаларға моншақ түрлерін, түстері қандай болатынын, пішіні қандай болатынын түсіндіреді. Сөздік жұмыстар жүргізу. | Қуыршақ Айсұлуға амандасады. Балалар қуыршақ Айсұлудың киімдерінің, моншақтарының әдемі екендігін айтады. Моншақтардың түстерін, пішіндерін қарап өз ойларын айтады. Қуыршақ Айсұлуға анасына моншақ таңдауға көмектесетіндігін айтады. Моншақ сөзін сыбырлау әдісімен қайталау. |
Ұйымдастыру шылық - ізденістік | Сергіту сәтін жасайды. Балаларға горизонтальды жүргізілген үзік сызықтар арасына бір көлемде шеңбер (моншақтар) салуды ұсынады. Оң қолдарына қылқаламды алып, ауада шеңбер салуды жаттықтырады. Сурет дәптерде қуыршақ Айсұлудың анасына моншақ салуды, бояуды шығармай әдемі бояу керектігін түсіндіреді. | Сыңғыр – сыңғыр моншақтар Құлағында сырғалар Оң қолыңда білезік Сол қолында білезік Саусақтарда сақина Санап көрші қанеки 1,2,3....1,2,3 Демалайық жинап күш Дайын сызылған үзік сызықтар арасына оң қолдарына қылқаламды алып солдан оңға қарай шеңбер салады, ішін дөңгелетіп, бояуды шығармай бояйды. |
Рефлексиялық түзетушілік | Енді салған суреттерін көріп шығуды ұсынады. Қуыршақ Айсұлуға балалардың салған суреттері ұнағандығын, анасына қалаған моншақтарды алатындығын айтып, қуанып рахмет айтып, қайтады | Балалар салған суреттерін қарап, қандай моншақтар салғанын, қандай түспен бояғандарын айтуға тырысады. Қуыршақ Айсұлумен қоштасып, жұмыс орнын жинастырады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Моншақтардың әр – түрлілігін.
Нені игереді: Шеңбер сыза білуді.
Нені біледі: Шетіне шығармай бояуды.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші _________________________________
Әдіскер _________________________
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
№ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА
Күні: _______________
Білім беру саласы. Әлеумет
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: 8 Наурыз - аналар мерекесі.
Мақсаты: 1. Халықаралық мереке - 8 Наурыз мерекесімен таныстыру.
1. Аналарды тек мереке күні ғана емес, күн сайын сыйлау, қадірлеу керектіғін балалардың саналарына үғындыру.
2. Әдепті болуға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі қүралдар: 8 Наурызға арналған тақырып- тық суреттер, мамандықтар бейнеленғен суреттер, торғайдың суреті.
Сөздік жұмыс: қолы шебер.
Билингвальды компонент: мереке - праздник, ана - мама, сыйлық - по- дарок.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық | 1. Көңіл күй әліппесі. - Қайырлы таң, балалар! Кәне, бәріміз бір-бірімізге жылы сөздер айтып, көңілімізді көтеріп, сабағымызды бастайық. 2. Біздің топқа торғай үшып кірді, түмсығында хат бар сияқты. Бүл хатта не жазылғаны туралы торғай білмейді, торғайға көмектесеміз бе? Сенен өскен балалар, Батырлар мен даналар Құттықтаймыз мейраммен, кұрметті аналар! | Балалар сабаққа жақсы көңіл күймен назар аударады. |
Ұйымдастырушылық -ізденістік | 1. Білімді өзектендіру. - Қандай мереке жақындап келе жатыр? - Торғайға осы мереке жайлы толығырақ айтып берейік. 2. Әңгіме: «8 Наурыз». Көкгем - жыл мезгілі. - Көктем түсе күн жылы шуагын шашады. Қар астынан қылтиып, жасыл шөп шыға бастайды. Жылы жаққа үшып кеткен үзақ, қараторғай сияқты қүстар үшып келе бастайды. Міне, осы кезде алғашқы көктем мерекесі - 8 Наурыз халықаралық әйелдер күні аталып өтіледі. Бүл мереке мемлекеттік болып саналады, яғни бұл күні барлық адамдар демалады. Бұл мере кеде қыздарды, аналарды, әжелерді, апалар- ды өлең, такпақ айтып, гүл сыйлап қүттықгау дәстүрге айналған. 3. «Мерекедегі фотосуреттер» ойыны. Шарты: әртүрлі мерекелік фотосуреттер көрсетіледі, солардың ішінен 8 Наурызға байланысты суреттерді таңдайды. 4.Билингвальды компонент: мереке-праздник, ана -мама, сыйлық- подарок. 5.Сергіту сәтін өткізу. -Барлықтарыңның аналарың өте жақсы адамдар, барлығы өз мамандықтары бойынша еңбектеніп, айналасындағыларға көмек береді. -Кәне, торғайға аналарымыз бен әжелеріміздің мамандықтары жайлы айтып берейік. | Қызығушылығын көрсетеді. Тақпақты тыңдайды. Менің сұрақтарына жауап береді. Мені мұқият тыңдап, әңгімеге қатысады. «8 Наурыз» тақырыбында суреттерді таңдап, өз таңдауын түсіндіреді. Қайталайды. Сергіту сәтін орындайды. Аналар мен әжелердің мамандықтары жайлы айтып береді. |
Рефлексиялық - түзетушілік | Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін бекітеді. | Сұрактарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: әйел адамдардың мамандықтары кандай болатынын және олардың ер адамдардың мамандыктарынан ажырата алуға берілген тапеырманы.
түсінеді: 8 Наурыз - халықаралык әйелдер мерекесі екенін.
қолданады: сүрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу, яғни
коммуникативтік және алған ақпаратты талдай білу дағдыларын.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші ______________________________________
Әдіскер_______________________________________________________________________