Адам анатомиясы (латынша anatome – кесу, бөлшектеу деген ұғымды білдіреді) – адам денесінің құрылысын, пішінін, қимылдарын, мүшелердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін жаратылыстану ғылымының бір саласы.
Адам анатомиясының негізін салушы – ежелгі рим дәрігері Гален, одан кейін шығыс ғалымдары: Ар-Рази, Ибн-Рушд, Әбу Әли ибн Сина адам анатомиясына елеулі жаңалықтар қосты. Қазақ даласында адам анатомиясы мәселелері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (15 ғасыр), Халел Досмұхамбетұлы (20 ғасыр) еңбектерінде баяндалды.
Адам денесі бас, мойын, бағана, қол және аяқ бөліктерінен тұрады. Адам қаңқасына бағана қаңқасы (омыртқа бағанасы және кеуде клеткасын құрайтын сүйектер), бас сүйек және қол-аяқ қаңқалары жатады. Бас сүйек: ми сауыт пен бет сүйектеріне бөлінеді. Ми сауытының ішінде ми, есту және тепе-теңдікті сақтау, көру ағзалары орналасқан. Омыртқа бағанасы: мойын , кеуде , бел , сегізкөз және құйымшақ бөліктерінен тұрады. Омыртқа бағанасының кеуделік бөлігіне 12 жұп қабырғалар бекиді. Олар алдыңғы жағында төс сүйекпен қосылып кеудені құрайды. Кеуде қуысында өкпе, жүрек, кеңірдек, өңеш, тамырлар мен жүйке талшықтары орналасқан. Омыртқа бағанасының бел бөлігі іш бұлшықеттерімен бірге іш қуысын түзеді. Yстіңгі жағында іш қуысы кеуде қуысынан көк ет арқылы бөлінеді. Іш қуысында бауыр, асқазан, талақ, ішек, ұйқы безі, бүйректер, тамырлар, жүйке талшықтары орналасқан. Іш қуысы төменгі жағында жамбас астауы қуысына жалғасады. Бұл қуыста несеп қуығы, тік ішек және жыныс ағзалары жатады. Қол қаңқаларын жауырын, бұғана, тоқпан жілік, шынтақ жілік, кәрі жілік, қол басы сүйектері құрайды. Аяқ қаңқасына жамбас сүйектері, ортан жілік, асықты жілік (кіші жілік) және аяқ басы сүйектері жатады. Сүйектер өзара буындар, шеміршектер арқылы жалғасады. Оларды бұлшықеттер жауып жатады.
Біз адам денесіне көз жүгіртіп қарағанда , негізінен өлі жасушаларды көреміз . Тері , шаш және тырнақтардың беткі бқлігі өлі жасушалардан тұрады.Олар - кезінде тірі жасушалардан тұрған,бірақ біз қозғалғанда , сүлгімен сүртінгенде яғни күнделікті тіршіліктегі барлық әрекеттеріміз кезінде біртіндеп өліп , түсіп қалатын жасушалар.Көзге көрінетін сыртқы мүшелердің арасындағы нағыз тірі бөлігі – көз.
Сүйек бүкіл денені ұстап тұратын және оның мүшелерін байланыстыратын мықты тірек құрайды. Барлық сүйектер бірігіп , қаңқаны құрайды.Қаңөа денемізді қорғап , ұстап тұрады.
- Біздің денеміздің көп бөліктерінің үштен бірі судан тұрады , ал сүйектер тек бестен бір бқлігін ғана құрайды.
- Бас сүйекте 22 сүйек бар, оның 14 бет , 8 бас ми сүйегі.
- Ең ұсақ сүйектер – құлақтағы ұсақ үш сүйек.
- Ең ұзын сүйек – бүкіл дененің төрттен бір бқлігін құрайтын сан сүйегі.
- Ең жалпақ сүйек – жаңбас сүйек.
- Көптеген адамдарда 12 жұп қабырға бар , тек 500 адамның бірінде ғана 11 немесе 13 жұп қабырға болады.
Біз қозғалсақ та , тыныс алсақ та , асты шайнасақ та – бұл әрекеттердің барлығын дененің бұлшық еттері орындайды.Әрбір жекеленген бұлшық ет жұмыстың бір түрі – дене мүшелерін тартуға мүмкіндік беретін жиырылуды ғана атқарады.Алайда дәл үлесімділікте жұмыс істей отырып, денедегі жүздеген бұлшық ет мың түрлі істі тыңдырады.
- Бұлшық еттер дене салмағының бестен екі бқлігіне дейінгі мқлшерді құрайды.
- Орташа алғанда ерлерде әйелдерге қарағанда дене салмағының бұлшық еттер салмағына қатынасы артық болады.
- Ең үлкен бұлшық ет – бөксе бұлшық еті.
- Ең кіші бұлшық ет – құлақтың түпкі жағында орналасқан көлемі 1 санының мөлшеріндей үзеңгі бұлшық ет.
Сіз қазір оқып отырғаннан басқа ештеңемен айналысып отырмағандай болып сезінесіз .Алайда біздің денеміздің көптеген бөліктері қызу жұмыс үстінде.Үздіксіз жұмыс істеп отыратын өмірлік маңызы зор әрекеттердің бірі тыныс алу болып табылады.Ол әрбәр бәрнеше секунд сайын күні-түні жалғасып отырады.Жүрек соғысымен қатар тыныс алу – дененің ең қажетті қызметі.
- Біз демалғанда немесе ұйықтағанда , тек 3-4 секундта бір рет тыныс аламыз.
- Дене жүктемесі шамадан тыс болғанда тыныс алу секундына бір ретке дейін жиілейді.
- Терең тыныстағанда өкпеге 2 – 3 л ауа барады.
- Қалыпты тыныс алғанда 1 минут ішінде өкпе 10 л ауаны , ал қатты тыныс алғанда 150 литрден астам ауаны айдайды.
- Тыныс алуды тежеп ұстағаннан кейін , адамның терең тыныс алуына оттегінінің жетіспеушілігі емес , қандағы еріген көмірқышқыл газының жетіспеушілігі мәжбүр етеді.
- Демді сыртқа қаншалықты мөлшерде шығарғанымызға қарамастан, өкпеде жарты литрдей ауа қалады.
Адам тек ауамен ғана өмір сүрмейді.Дене сондай – ақ тағам мен сусындарды қажет етеді.Тағам денеге өсу , қалпына келу және қуат алу үшін керек.Сусындар денеге қан айналымының су өорын толықтыру үшін қажет.
- 0 сағат-ас шайналып , жұтылды.
- 1 сағат –тағам асқазандағы қышқылды және ферменттерді сіңірді.
- 2 сағат-жартылай қорытылған тағам ары қарай қорытылып , сіңірілуі үшін аш ішекке жылжыды.
- 4 сағат-тағамның көп бөлігі асқазаннан аш ішекке өтті.
- 6 сағат-тағамның қалдықтары суды сіңіріп , оны организмге қайтаратын тоқ ішекке өтеді.
- 10 сағат – қалдықтар соңғы бөлім – тік ішекке нәжіс түрінде жиналады.
- 16-24 сағат-нәжіс артқы тесік арқылы сыртқа шығарылады.
Денеде көптеген әрекеттер болып жатады.Әрбір кішкентай жасушада қуатты , құнарлы заттарды және өзге шикізаттарды пайдалану және қалдықтар түзі арқылы күрделі химиялық үдерістер болып жатады.Қанайналым жүйесі – осы шикізатты бүкіл дене мүшелеріне үздіксіз жеткізіп , қалдықтарды кері алып кетуді атқаратын күретамыр ( артерия ) , көктамыр ( вена ) және қылтамырлар ( капиллярлар ) сияқты қан тамырларының күрделі желісі.Қанайналымының басты орталығы – жүрек.
Адам сезімтал ма?Өйткені адамның сезім мүшелері болады.Сезім мүшелеріне көрі, есту,иіс сезу , дәм сезу және түйсіну жатады.Олар бізге айналамызда , деңеміздің беткі қабатында , аузымызда , мұрнымызда не болып жатқанынан мәлімет береді.Денеміздің ішінде бұлшық еттер мен буындардың орналасқанын көрсететін ұсақ сенсорлар болады.
- Тілдің дәм сезі бүртіктері негізгі төрт жәм – тәтті , тұзды , қышқыл және ащыны ғана ажыратады.
- Керісінше , мұрын 10000 астам алуан түрлі иісті ажыратады.
- Тамақтану кезінде тіл дәмдерді ажыратқанда , мұрын да ауыздың артқы жағынан мұрын қуысына келген иісті сезеді.
- Біздің тамаөтын дәмі дейтініміз – тек дәмдер ғана емес , түрлі иістерді сезіну.
Дененің өз “ Интернет ” желісі болады.Ол жүйке деп аталатын мыңдаған өзектер арқылы миллиондаған дабыл жібереді,жүздеген ағзалар арасындағы әрбәр тарапқа , қзге ағзаларды бақылайтын ағзалардан миға дабыл жібереді.Ми денемен негізгі жүйке – жұлын арқылы байланысады.
Ми ешқашан тыным таппайды.Тіпті түнде дененің көптеген мүшелері босансып , қозғалмайтын кезде де ми жұмыс істеп жатады.Ол жүректін соғысын , дененің қызуын , ас қорыту жүйесін бақылайды.
- Орташа алғанда ми 1,4 кг салмақты құрайды және бастын жоғарғы жағын алып жатады.
- Ерлердің миы әелдерге қарағанда көбірек , өйткені ерлер әйелдерден сәл ірілеу болып келеді.
- Дегенмен дене мөлшерімен салыстырғанда , әйелдің миы ерлерге қарағанда сәл артығырақ.
- Бас сүйектегі миды үш жұқа жарғақша – ми қабықтары қоршаған.Олар жұлын сұйықтығын қамтиды.Ми өзін соққылар мен шайқалудан сақтайтын осы сұйықтықта қалқып жүреді.