Тақырыбы: «Ұстаз – ұлы тұлға»
Мақсаты: Оқушыларды ұстаздарды, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеуге, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу. Білім мен біліктілік ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу.
Жүргізуш:і
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ардагерлеріміздің орны ерекше.
Мектебіміздегі ардагер ұстаздардың қатысуымен «Ұстаз – ұлы тұлға!» тақырыбындағы ардагер — ұстаздармен сыр- сұхбат шарасына қош келдіңіздер!
1-оқушы: Ұстаз - шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау - адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен
2-оқушы: Туюшев Равиль Рафкатович өзінің педагогикалық қызметін 1969 жылы бастады. 1973 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. 1981 жылдан 2012 жылға дейін Шалқар қаласындағы №5 орта мектептің директор қызметін атқарды.
3-оқушы: 2012 жылдан бастап -2016 жылға дейін Шалқар аудандық «Тұлпар» спорт-сауықтыру лагерінің директоры қызметін атқарды.
Шалқар аудандық Халықтық Демократиялық «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
4-оқушы: Өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде саламатты өмір салтын қадыптастырудағы Р.Р.Туюшевтің ігі істері ерекше. Жастар арасында спортты кең ауқымда насихаттау мақсатында мектеп жанындағы хоккей алаңында Равиль Рафкатович көп жыл бойы қысқы спорттық ойындарды жоғары деңгейде ұйымдастырып келеді.
5-оқушы: «Жасыл ел» бағдарламасын орындау мақсатында мектепте, қалалық саябақта және қала көшелерінде көгалдандыру жұмыстарын сапалы жүргізіп келеді.
Туған өлкені гүлдендіру мен көріктендіру мақсатындағы жұмыстарды жоғары дәрежеде ұйымдастыра білгені үшін № 5 орта мектеп «Үздік білім беру ұйымы» деп танылып, мектеп директоры облыс әкімі тағайындаған жүлде автокөлікті иеленді.
2009 жылы мектеп «Облыстың ең үздік жалпы білім беретін мектебі» деп танылып, облыс әкімінің 1000 000 грантын иеленді.
6-оқушы: Туюшев Равиль Рафкатович басқарып отырған № 5 орта мектеп соңғы үш жыл бойы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша үздік көрсеткіш көрсеті, білімді ұрпақ тәрбиелеудегі білім сапасын көтеріп келеді.
7-оқушы: Равиль Рафкатович ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысады, аудандағы тәжірибелі директорлардың бірі, «КСРО білім беру ісінің үздігі”, Тәуелсіздіктің 10 жылдығына, 10 жыл Астанаға орай мерейтойлық медальдарымен марапатталған және 2016 жылы Қазақстанның Тәуелсізідігінің 25-жылдығына орай Шалқар ауданының «Жыл адамы» атағына ие болды
8-оқушы: Өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде салауатты өмір салтын қадыптастырудағы Р.Р.Туюшевтің игі істері ерекше. Жастар арасында спортты кең ауқымда насихаттау мақсатында мектеп жанындағы хоккей алаңында Равиль Рафкатович көп жыл бойы қысқы спорттық ойындарды жоғары деңгейде ұйымдастырып келеді.
1- жүргізуші:
Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берейік.
Монтаж
Кешегі ұстаз - осы, ізетпен сәлем бер
(Зейнеткер ұстаздарға арнау)
1-оқушы
Ғасыры жас, заманы асқақ өрендер,
Әр сат сайын жаңалыққа елеңдер.
Әже көрсең, немере бар жанында,
Кешегі ұстаз - осы, ізетпен сәлем бер.
2-оқушы
Арман жолмен болашаққа қадам бас,
Сонда қоғам саған да мін таға алмас.
Кешегі ұстаз - салиқалы қарт көрсең,
Бұрыла кет, ілтипатпен амандас.
3-оқушы
Болашаққа артып барлық сенімін,
Олар текке өткерген жоқ өмірін.
Мектебімен бірге жылдар жасасып,
Құрметін көрген талай елінің.
4-оқушы
Жандар емес босқа уақыт өткерген,
Бар өмірі бала, шәкірт деп келген.
Олар кеше жасай алған ұлылық,
Білім беріп қара тақта, ақ бормен.
5-оқушы
Олар сенің атаңды да оқытқан,
Олар сенің анаңды да оқытқан.
Қарайласаң солар жүрген өткенге,
Тәлім алған ағаң-дағы, әпкең де.
Солар айтар, жас көңілің сенбесе,
Саған да ұстаз - осы жандар, ендеше.
Жүргізуші:
Ал ендеше осындай жүректі де сабырлы жандармен сыр-сұхбат жасасақ қайтеді, достар? - Әрине жасайық.
- Мына гүлдерді алуларыңызды сұраймыз. Кімнің гүлінің ішінде «Сыр – сұхбат» деп жазылған сол ұстазды ортаға шақырамыз.
«Сыр – сұхбат» сұрақтары:
1. Ұстаздық өміріңіз сізге ұнай ма?
2. Кешегі өзіңіз оқыған мектебіңіз бен қазіргі мектепте қандай өзгерістерді байқайсыз?
3. «Ұстаз - мектептің жүрегі» деген сөзді қалай түсінесіз?
4. Сабағыңызда оқушыңыз ұйықтап қалған кезі болды ма?
5. Оқушы кезіңізде сабаққа кешігіп келген кезіңіз болды ма? Болса сол туралы есіңізде ме?
6. Неліктен осы мамандықты таңдадыңыз?
7. Жас кезіңіздегі армандарыңыз орындалды ма?
8. Ұстаздық өміріңіздегі жарқын белестер жайлы айтып берсеңіз.
9. Қазіргі өмірді жаңадан бастау мүмкіндігі туса, оны өзгертер ме едіңіз?
10. Егер сіз ұстаз болмасаңыз, басқа кім болуыңыз мүмкін еді?
Жүргізуші:
- Көп рахмет сізге, біздің көкейіміздегі сұрақтарға жауап бергеніңізге ризамыз. Олай болса, осы сыр-сұхбаттан қандай әсер алдыңыз, соны мына "смайликтер" арқылы көрсетіп, қайталап берсеңіз дейміз. Және бір өтініш, сізге ұнаған сұрақты қойған оқушыға мына сыйлықты қолтаңбаңызбен табыс етсеңіз дейміз.
(қонақ берілген сыйлыққа өз қолтаңбасын қойып, оқушыға табыс етеді)
Жүргізуші:
Ұстаз — ұлағатты есім. Шәкірттеріңізді білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт — бағдар беруде еңбектеріңіз зор. Олай болса, құрметті ардагер – ұстаздар, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем болып, ұзақ ғұмыр кешіңіздер демекпіз