СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Армысың,кең дүние!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектеп:№10 жалпы орта мектеп  

Мұғалім: Ходжаева Д

Күні: 05.05.2018

Тақырыбы: Армысың,кең дүние!

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: Жанашырлық,аялау 

Просмотр содержимого документа
«Армысың,кең дүние!»

Тексерілді______________

Өзін-өзі тану сабағына сабақ жоспары

Мектеп:№10

Мұғалім:Ходжаева Д Сынып: 6

Тақырып: Армысың, кең дүние!

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: Адалдық

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «дүние», «әлем», «қоршаған орта» туралы түсінік беру, дүниеге деген жағымды көзкарастарын дамыту.

Міндеттері.

Білімділігі: - оқушыларға «дүние», «әлем» ұғымы туралы түсінік беру

Дамытушылығы: - оқушылардың әлемді жағымды қабылдай білу сезімдерін дамытуға, өмірдің мәнін түсініп, өз орнын табақ білуге ықпал ету;

Тәрбиелілігі: - ізгілікке, жақсылыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті:Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).



Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Ресурстар:

(оқулық, дәптер)

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Бұлбұл кең дүниеге өз сезімін қалай білдірді?

Жарқанаттың кең дүниенің әсемдігін сезіне алмауының себебі неде?

Қарақұртқа кең дүниенің кереметтігі қалай әсер етті?

Кең дүние өзіңді қандай сезімге бөлейді?

Сабақ барысын талқылау:

3.Әңгімелеу (сұхбат)

- «Дүние», «Әлем», «Қоршаған орта» деген ұғымды қалай түсінесің?

- Қоршаған әлемнің адам өміріндегі мәні неде?

- Адамның қоршаған ортаға қарым қатынасы қалай болу керек?

- Өзіңнің дүниеге деген көзқарасың қандай?

- Дүниенің кеңдігін қалай түсінесің?

4. Дәйек сөз

Адам әлемді қаншалықты таныса,соншалық өзін де тани түседі.

Иоганн Гете

5.Шығырмашылық жұмыс

Табиғаттың әсемдігін сурет салу арқылы білдіру

6. Топпен ән айту.

Айналдым сенен, Атамекен!Сөзі: Ш. СариевӘні: Ж. Тұяқбаев

Кең, даламТолғанайын, тоғайын,

Домбырам!Қолға алайын, жырлайын,

Қазағымның даласындай!Көзімніңқарасындай,

Айналдым сені-ай, Атамекен-ай!

Теңіздей!Тебірендім,Тербедің,Сапарда!

Сағынышым сен менің,

Дүние-ай сырларыңдай,

Мөлдіреп тұрғанындай,

Сағындым сені-ай, Атамекен-ай!

Сағыныш мұңдарындай,

Айналдым сені-ай, Атамекен-ай!

Қайырмасы:

Бақыт тұнған күндер-ай!

Жұлдыз тамған түндер-ай!

Өзің куә өмірде,

Кімдер өтті, кімдер-ай!

Атамекен-ай!

7.Үйге тапсырма беру

Қабуснамадан үзіндіні оқып келу

8.Бағалау

Сабаққа белсене қатысқандарыңа үлкен рахмет!!!