СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Ас мәзірі" 1 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

По новой программе урок "Ас мәзірі" для 1 класса для русских школ

Просмотр содержимого документа
«"Ас мәзірі" 1 сынып»





Мұғалімнің аты-жөні: Әбілова Б.Т.

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ас мәзірі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.4.1 Мұғалімнің көмегімен тыңдалған материал не туралы екенін түсіну

1.2.3.1 Сұхбаттасын түсіну және түрлі тәсілмен әрекет жасау, этика нормаларын сақтап жауап беру

1.3.1.1 Таныс сөздерді тұтас оқу

1.5.1.2 Сөйлеу барысында жіктік /септік жалғауларын мұғалімнің көмегі/үлгісі бойынша қолдану

1.5.2.1 Әріп пен дыбысты ажырата білу, дыбыстардың дыбысталу ерекшелігін ескере отырып, сөздерді дұрыс жазу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Тағам түрлерін атай алады, ас мәзірі бойынша қалаған тағамын ала алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады, тақырып көлемінде өзара тілдесе алады.

Кейбір оқушылар:

Сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Ас болсын!», «Рақмет!»

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


1.«Күн бейнесі» жаттығуы. Ұйымдастыру

— Балалар, күннің жылуы қай мезгілде көбірек түседі?

— Көктем.

— Иә, дұрыс айтасыңдар, көктем мезгілінде.

-Ендеше балалар осы күн шуағын сезіне отрып, бір – бірімізге тілек білдірейкші.

-Күннің қандай белгілері бар?

(оқушылардың арасында сенімділікті арттырып, бір – біріне деген жылы сөздерін, тілектерін айту арқылы достықтарын арттыру үшін, шаттық шеңберге тұрып, айналамызға жылу сыйлайық деген ұсыныспен жылы сөздер айту.)

Оқушыларды 2 топқа бөліп отырғызу. Үшбұрыштар және төртбұрыштар тобы.


Шаттық шебері








Сабақтың ортасы



Жаңа сөздер; ас мәзірі – меню, Ас болсын – приятного аппетита!

1-тапсырмада берілген сөйлеу үлгісіне аударады. Ен алдымен жаңа сөздер қатарымен таныстырады. Олар: сорпа,- /сюп/ soup ботқа- porridge /поридж/, ет – meat / миит/ бауырсақ, салат, су – /уота/ wafter шырын- juice / джус/, сүт- / милк/ milk,. Содан кейін үлгіде берілген «Мен шырын аламын» деген сөйлемнің мағынасы түсіндіріледі.

2-тапсырма бойынша оқушылар «Маған ... беріңізші» деген өтініш үлгісін еске түсіреді. Берілген кесте бойынша нан, сүт, ет, бауырсақ сөздерін қолданады.

(МК, Ж) 3-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Мұғалім оқушыларды сөйлесу үлгісімен таныстырады. Мұғалім оқушылардың назарын «Ас болсын!», «Рақмет!» деген ілтипат сөздеріне аударады. Содан кейін оқушылар берілген үлгі бойынша асханадағы сөйлесу үлгісін жүзеге асырады. Үлгі:

- Сен не аласың?

- Маған салат және шырын беріңізші. -Міне, ал. Ас болсын!

- Рақмет!


Оқулық

Аудиодиск: 7.3.1; 7.3.3.

№2 жұмыс дәптері


Сергіту сәті


Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Аяқталуы


Қызықты тапсырма





№4 Суретке қара. Толықтырып айт.

Дәптер 21 бет





Оқулық, дәптерлер.21 бет


Сабақтың соңы


Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім





Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.