Бекітемін:
Ақтау қаласы әкімдігінің
Білім бөлімінің №28
«Балдәурен» бөбекжайы МКҚК
директоры______________З.Тұрлан
«____ » ______________2018 ж.
Білім беру саласы:Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Драма
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: «Көңілді көліктер»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты:Жұбымен келісе отырып сезім ырғағы мен қозғалыс үйлесімін сақтау,сахнада бағдарлау.Көліктер туралы мағұлмат бере отырып,таныстыру.
Көрнекілігі:Көліктердің суреттері
Әдіс –тәсілдері:түсіндіру, көрсету, үйрету, сұрақ-жауап.
Қайырлы күн қонақтар, бүлдіршіндер.
Амансыңдарма,балалар,
Күн сайын өскен саналар.
Саналы бол,талапты да, талантты,
Бүгінгі күн елімізге арналар,
Қане, балалар шаттық шеңберіне жиналамыз.
Шаттық шеңбері: Сәлем саған алтын күн,
Сәлем саған көк аспан.
Сәлем саған жер ана,
Сәлем саған достарым,
Сәлеметсіздерме қонақтар.
Қане, бір-бірімзге жылы лебіздер білдірейік: мейірімді бол, талапты бол, көңілді бол,т.б
Жарайсыңдар балалар қане орнымызға жайғасамыз.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Үш ай бар,
- Қыс айларын атайықшы?
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан
- Қыс мезгілінде күн қандай болады?
- Салқын ,суық, аязды, қарлы, боранды болады.
Жарайсыңдар балалар, күн суық, ал сендер балабақшаға қандай көлік түрімен келесіңдер?
- Көлік дегеніміз не?
- Көліктің қандай түрлері бар?
- Көліктерге не жатады?
- Көліктердің қандай пайдасы ?
-Міне, бүгінгі оқу қызметімізде көнде көріп жүрген , мініп жүрген көліктер туралы өтетін боламыз.
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын ал сендер тауып көріңдер?
1. Құс сияқты құс емес,
Жүрседе тым биікте.
Қақпайды бір қанатын,
Жүрседе тым биікте . (Ұшақ)
2. Қос күрекпен еседі,
Су көлігі деседі. (Қайық)
3. Жүргізуші жүргізеді,
Төрт аяқты батырды . (Жеңіл көлік)
Жарайсыңдар балалар, недеген тапқыр балалар едіңдер.
Көрнекілік суреттерге назар аударайықшы.
«Көңілді көліктер»
Балалар көліктердің өзі төртке бөлінеді:
Әуеде жүретін көліктер - Ұшақ, Тікұшақ, зымыран
Суда жүретін көліктер – Кеме, қайық
Темір жол көліктері – Поёздь
Ал, жерде жүретін көліктердің өзі екіге бөлінеді екен. Олар жеңіл және ауыр көліктер. Мысалы автобус,жедел жәрдем көлігі, жүк көлігі, өрт сөндіру көлігі т.б.
Көлік бізге не үшін керек? (баланың жауабы)
Яғни көліктер
- бір жерден екінші жерге жету үшін керек. (ауылдан-қалаға, үйден-дүкенге, т.б.)
- Ауыр жүктерді тасымалдау, апару үшін керек (мыс үй құрылысына арналған қиыршық тастар, құмдар, саз цемент , үлкен сөрелер, ауыр сөмкелер, шкаф, тоңазытқаш т.б. біз қолмен көтере алмаймыз, сондықтан ауыр жүк көліктеріне жүгінеді екенбіз)
Демек бізге көліктердің көп көмегі бар екен.
Балалар көліктер туралы кім тақпақ біледі.
Мереке: Үлкен болып өскенде,
Машина алам менде.
Бірақ ол үшін әрине,
Оқу керек күнде.
Раяна: Досым маған ойыншық,
Машинасын сыйлады.
Дөңгеленіп аяғы,
Асыр сала зырлады.
Аймекен: Сары,қызыл, жасыл шам,
Жол бойында жанады.
Жүргізуші ағалар,
Оңға ,солға қарады.
Бағыт берген бағдаршам.
Түзу жолды табады.
Жарайсыңдар балалар рахмет! (есік қағылады)
Ой балалар, бізге қонақ келген сияқты, қане есікті ашып көрейік.
Бағдаршам көңілсіз кіреді.
Бағдаршам: Сәлеметсіңдерме балалар! Балалар менің шамдарым сынып қалды,мен енді көліктерге қалай бағыт бағдар беремін? Егер шамдарымды қалпына тезірек келтірмесем, онда көшеде көлік кептелісі көп болады. Көліктер бір-біріне соғып кетуі мүмкін. Менің шамдарымды қалпына келтіруге көмектесесіңдерме?
(балалардың жауабы).
Тәрбиеші: Олай болса, шығармашылық алаңына барайық, сол жерден бағдаршамның көзін қалпына келтіруге көмектесейік.
(көңілді әуен үнімен балалар шығармашылық алаңына барады. Шығармашылық алаңында жұмыстар жүргізіледі.)
Бағдаршам: Рахмет балалар,сендер маған көп көмектестіңдер. Сендердің көмектеріңнін арқасында жолда енді көлік кептелісі де, көліктердің бір-біріне соғып кету қаупі де болмайды. Көліктерім мені күтіп қалған болар. Мен өз орныма бармас бұрын сендермен бір сергіп алғым келеді.
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз,
Қанатымызды жаямыз.
Әуеде самғап ұшамыз,
Орнымызға қонамыз.
Дидактикалық ойын:«Көліктердің дыбысын ажырат»
Мақсаты:Балалардың ойлау қабілетіндамыта отырып,есте сақтау қабілетін арттыру,байқампаздыққа баулу.
Қортынды:
Балалар, бүгін біз не туралы өттік? (көліктер)
Көліктердің қандай түрлері болады екен? (ауа, жер,су көліктері. Ауа көліктеріне-ұшақ, тік ұшақ, су көліктеріне-қайық жатады екен. Ал, жер көліктерінің өзі екіге бөлінеді екен, ауыр және жеңіл көліктер)
Көліктердің қандай пайдасы бар? (бір орыннан екінші орынға жету үшін, ауыр жүктерді тасу үшін т.б)
Бүгінгі оқу қызметіміз ұнады ма? (ия)
Маған сендердің шығармашылық алаңында бағдаршамның көзін қалпына келтірген сәттерің ұнады. Тағы да кімге қай бөлімі ұнады? (баланың жауаптары тыңдалады)
Бүгінгі оқу қызметіміз осымен аяқталды. Назар салып, белсене қатысқандарың үшін рахмет, сау болыңыздар.
Ақтау қалалық білім бөлімінің №28 «Балдәурен» бөбекжайы
МКҚК
«Көңілді көліктер»
тақырыптық ашық оқу қызметі
Тәрбиеші: Тангибаева А.К.
Ақтау 2018ж