ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. «Ыстық орындық» стратегиясы. Сұрақтарға жауап беру. Талқылауға арналған сұрақтар. -Қазір қай жыл мезгілі? - Сен басыңа не киесің? - Сен аяғыңа не киесің? -Қыста қалай киіну керек? ІІІ. Жаңа сабақ. Сөздікпен жұмыс./ сурет бойынша/ МК.Ұ/ Интербелсенді тақтадағы киімдердің суреттеріне оқушылардың назарын аудартамын. Сурет бойынша атау, қайталау жұмыстарын жүргіземін. Берілген үлгі бойынша 1, 2, 3 жақта жіктеуді үйретемін. - Сен не киесің? - Мен күртеше, бас киім, етік киемін. -Әлібек не киеді? -Әлібек шалбар, жейде киеді. /Қ/ Мақтау, мадақтау. Оқулықпен жұмыс. Тыңдалым.Тыңда.Қайтала. Оқы. Күн суық.Мен далада ойнаймын. Бас киім киемін.Пәлте киемін. Етік киемін. Әлібек далада ойнайды. Ол бас киім киеді.Күртеше киеді.Шалбар киеді.Бәтеңке киеді.Ол ауырмайды. Оның киімі қалың. Айтылым. 4-тапсырма.Түсі қандай? Ойыны. -Күртешенің түсі қандай? -Күртешенің түсі көк. -Көйлектің түсі қандай? -Көйлектің түсі қоңыр. -Етіктің түсі қандай? -Етіктің түсі қара. - оқушылар сұрақты түсінеді. - түстерді біледі. /Қ/ Мақтау, мадақтау. Жазылым. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды жаз. Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. Сергіту сәті. «Сурет салу» ойыны./ Оқушылар дәптерге өздері қалаған киімдердің суретін салады/. Топтық жұмыс. Геометриялық фигуралар бойынша топқа бөлінеді. /оқушылар қима қағазда жазылған киімдердің суретін салады,бояйды, қазақша атауын жазады./ 1-топ. /баскиім, етік, күртеше/ 2-топ. /көйлек, жейде, белдемше/ 3-топ. / етік, пәлте, мойынорағыш/ - киімдердің суретін сала алады - сурет бойынша киімдердің атауларын айта алады - киімдердің түстерін атай алады. /Әр топ бір-бірін бағдаршам түсі арқылы бағалайды/ /Қ/Сабақты қорытындылау мақсатымен оқушылармен кері байланыс орнатамын. Оқушылар сабақ барысында нені білгенін,қалай жұмыс істегенін,не қызықты әрі жеңіл болғанын,не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады. «Жұбын тап» ойыны . Оқушылар жаңа сөздерді суретпен сәйкестендіреді. Презентацияда берілген үлгі бойынша жауаптарын дұрыc/ бұрыстығын тексереді. |