Сыныбы:5
Пәні: Әдебиет
І Сабақтың тақырыбы: «Аяз би» ертегісі
ІІ Сабақтың мақсаты:
1.Білім беру: Ертегіні оқыта отырып, сөз құдіреттілігін түсіндіру.
2. Дамыту: Жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге, оны өмірде
пайдалана білуге ұмтылдыру.
3. Тәрбиелеу: Адамгершілікке, шыншылдыққа, адалдыққа
тәрбиелеу.
ІІІ Сабақтың түрі: аралас
ІV Сабақтың типі: бекіту сабағы
V Cабақтың көрнекілігі: плакат, суреттер, мақал-мәтелдер
VІ Сабақтың әдісі: Топтастыру, «Вэнн диаграммасы»
VІ Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй жұмысын сұрау
3.Жаңа сабақ:
Жоспар құру арқылы ертегіге толық талдау жасау.
Жоспар тараулары мақал-мәтелдер арқылы алынды.
-
Құстың, шөптің, адамның жаманын табуға ханның уәзірлерін жұмсауы.
Есірген хан елді ермек етер.
-
Жаманның жақсы мен жаманды айыра білуі.
Ащы мен тұщыны татқан білер,
Алыс пен жақынды жортқан білер.
-
Жаманды ханның уәзір етіп алуы.
Ақыл-ердің қорғаны.
-
Меңдінің Жаманды таңдауы
Кедейлігіне қарама, кісілігіне қара.
-
Жаманның сертке беріктігі
Сертке берік бол,
Досыңа серік бол.
-
Қырық уәзірдің ханды Жаманмен араздастыруы
Арсыз адам жала жауып аздырады,
Ақылды адам жол тауып оздырады.
-
Жаманның Барсакелмес сапары
Жігітке жар қымбат,
Намыс пен ар қымбат.
-
Ханның өтірігіне Жаманның жауабы.
Түстік жерге өтірік айтсаң,
Кешке ізіңмен барады.
-
Ханның Жаманды сағынып іздеуі.
Ескі дос естен кетпес.
10)Хан сөзін шеше алмаған уәзірлердің Жаманға баруы.
Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш.
11)Ханның қырық уәзірді жолға салуға тапқан ақылы
Жақсы ісіңнің артында сауабы бар,
Зұлымдықтың артында жауабы бар.
12)Жаманның арсыз уәзірлерді хан жазасынан құтқаруы.
Арын сатқан ер оңбас,
Ажарын сатқан сері оңбас.
13)Хан тағына отырған Жаман.
Ақылды жетер мұратқа,
Ақылсыз қалар ұятқа.
«Топтастыру» (ертегінің тәрбиелік мәнін ашу)
-«Аяз би» ертегісінен қандай тәрбие аламыз?
1. Жақсы мен жаманды айыру
2. Ақылдылық
3. Кішіпейілділік
4. Адамгершілік
5. Қарапайымдылық
6. Әділдік
7. Адалдық
8. Сертке беріктік
9. Шыншыл
«Вэнн диаграммасы»
Жаман
|
Ортақ қасиеті
|
Қырық уәзір
|
Ақылымен хан көңілінен шығады.
Ешкімге жамандық ойламайды
Әділдігімен халыққа жақын.
Адал жар
|
- Ханға қызмет жасайды
- Ақыл беретін, ойласатын кеңесші
|
Күншіл
Қызғаншақ
Ақылсыз
Арсыз
Намыссыз
Парықсыз
|
Ой- толғау. «Менің ертегіден алған әсерім»
Үйге тапсырма: Мазмұны
Сурет салу
Оқушы білімін бағалау.