СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақ "Анықтауыш. Анықтауыш болатын сөз таптары." 8-сынып

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ жоспары 8-сыныпқа арналған.Сабақтың мақсаты: анықтауыш туралы білім деңгейлерін көтеру, тереңдету.Түрлі әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттірін дамыту,өзіндік шығармашылыққа дамыту.Ұжымшылдыққа,нақтылыққа,өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Анықтауыш. Анықтауыш болатын сөз таптары." 8-сынып»

Уақыты:

Қазақ тілі


Мұғалім: Ниязбекова Г.Б

Сынып: 8 «а»

Сабақ тақырыбы:

Анықтауыш.Анықтауыш болатын сөз таптары.

Жалпы мақсат:

а) білімдік — анықтауыш туралы білім деңгейін көтеру, тереңдету;

ә) дамытушылық — түрлі әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылыққа баулу;

б) тәрбиелік - ұжымшылдыққа, нақтылыққа ,өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,

оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау


Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақтамен жұмыс, кәртішкелер,слайд

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.



Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

2 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Оқушылармен амандасу үш тілде

-Сәлеметсіздер ме,здравствуйте,good morning!

  1. Шеңбер құрып, бір-біріне үш тілде сәттілік,жылы лебіздер айтқызу

Бір-бірінің қолдарын ұстап, жылы сөздер айтып,сәттілік тілейді.

Үй тапсырмасын тексеру



5 мин







Қызығушылықты ояту

3 мин

«Сиқырлы қобдиша» әдісі арқылы оқушыларға өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтары беріледі.

-Сөйлемнің қандай тұрлаусыз мүшелерін білесіңдер?

-Тұрлаусыз мүше дегеніміз не? (ережесі)

-Толықтауыш дегеніміз не?

-Мағынасы мен байланысу түрлеріне қарай толықтауыш қандай түрлерге бөлінеді?(тура және жанама).

-Әр қайсысына мысал келтіріңдер

-Толықтауыш құрамына қарай неше түрге бөлінеді? (3 дара,күрделі,үйірлі)

Сабақтың тақырыбын тапсырма арқылы айқындау. Берілген сөйлемнен сын есімді тауып, атқарып тұрған қызметін анықтаңдар.

Көгілдір аспанда бозторғай ән салады.

-Оқушылар, мына сөйлемдегі сын есім қандай қызмет атқарып тұр?

-Қалай ойлайсыңдар, мен бұл тапсырманы не үшін сіздерге бердім?

-Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбын кім біледі?Сабақтың мақсаты,тақырыбы айтылады.Дәптерлеріңе күн,сабақтың тақырыбы жазылады.

Талдау,жинақтау,қорыту


























Жаңа тақырып

3 мин

5 мин



































Пысықтау

3 мин

5 мин











Сергіту сәті

2 мин




1.ЖЖ. Постерді қорғау. Анықтауыш туралы білгендерін жазып қорғау. (орыс тілінде,ағылшын тілінде)

2. Жаңа сабақты өздері жұппен талдайды.

1-жұп

Сөйлемде зат есімнен немесе заттық ұғымда жұмсалған басқа да сөз таптарынан болған мүшелерді сындық,сапалық,сандық,иелік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейміз.Соған сәйкес сұраулары: Қандай? Қай? Қанша? Неше?Кімнің? Ненің? Керімбаланың осы әніне орай қып,Оралбай да бір кербез әнге шырқай жөнелді.Оның әні – «Гауһар тас». Бірінші сөйлемде әніне деген толықтауышты екі анықтауыш сипаттап тұр.

Анықтауыш өзі анықтайтын мүшесімен қабыса,матаса байланысады.Мысалы, Керімбаланың әніне дегенде матаса байланысқан, осы әніне дегенде қабыса байланысқан.

2-жұп

Анықтауыш бірнеше сөз таптарынан болады.Анықтауыштар құрылысына қарай дара,күрделі және үйірлі болады (кестеге қараңдар)

Анықтауыштар құрылысына қарай

Мысалдар

Дара

Құстар шыршалы орманды жақсы көреді

Күрделі

Қылқан жапырақты ағаштың ең үлкені – алып қарағай.

Үйірлі

Ыстық шаңға құмыққан Байжан купенің терезесін қайта түсіріп жіберді.

Талабы бар жігіт жерде қалмайды.


Анықтауыш болатын сөз таптары

Мысалдар

Сын есімдер

Қысқа жіп – күрмеуге келмес.

Зат есімдер

Сәндікке күміс жүзік тағатын болды.

Сан есімдер

Адамның үш жұрты болады: ағайын жұрты,нағашы жұрты,қайын жұрты.

Есімдіктер

Есімше

Осы жылқы – жүйрік.

Жалбыраған бұтақтары жерге тиіп тұрады.

Ілік септікте тұрған есім сөздер

Шыршаның қабығы жырым-жырым,ал май қарағайдың діңі жып-жылтыр.



1. Тапсырма.(ӨЖ) Анықтауыш болатын сөз таптарынан әр қайсыларын бір-бір сөйлем құрастырыңдар.

2.Кәртішкемен жұмыс.( ӨЖ)Мақал-мәтелдерден анықтауыш сөздерін теріп жазып, орыс тілінде,ағылшын тілінде айтыңыздар.Анықтауыш сөздер қай сөз табынан екенін айтыңыздар.

  1. Көп сөз- көмір, аз сөз- алтын. Көп-много- many, аз-мало-littie

  2. Ең тәтті де тіл,

Ең ащы да тіл,

Ең жұмсақ та тіл,

Ең қатты да тіл. Ащы-горький- bitter , тәтті-сладкий- swet,жұмсақ-мягкий- soft ,қатты-твердый -solid

  1. Ана тілің алпыс тілге татиды. Алпыс-шестьдесят- sixty

  2. Сөзің тәтті болсын,ашуың қатты болсын.


7 мин

3. (ЖЖ)Шығармашылық жұмыс. Шашылып қалған сөздерден мақал-мәтелдер құрып,мағынасын түсіңдіріңдер,анықтауыш қызметіндегі сөздерді атаңдар.

*Туған жер – тұғырың,
Туған ел – қыдырың.

*Өнер алды – қызыл тіл.

* Народная дружба и братство - дороже всякого богатства.

*A friend in need is a friend indeed.(друзья познаются в беде)

Оқушылар тіл туралы ,отан,достық туралы түсініктерін талқылайды

Бекіту

2 мин

4. Семантикалық картаны толтыру

Сөздер

Сын есім

есімдік

Есімше

Зат есім

Сан есім

Ілік септікте тұрған есім сөздер

осы


+





қырық





+


айтқан



+




қызық

+






Резеңке





+



Баланың






+


Оқушылар алған білімдерін түйіндейді

Қорытынды 3 мин





5.(ЖЖ)Венн диаграммасы

Толықтауыш Анықтауыш

Ортақ



Үйге тапсырмасы

2 мин

105-жаттығу,73-бет


Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау

2 мин

Өзін-өзі бағалауы

Рефлексия

мин

1 мин

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »