1) Ылғалдылықтың маңызын түсінеді
2) Өз бетімен тақырыпты меңгереді
3) Сыни ойлау дағдылары артады
4) Ынтымақтастық орнайды
5) Қызығушылығы артады
Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ. Ауаның ылғалдылығы 8 сынып»
8-сынып
Сабақ тақырыбы: Ауаның ылғалдылығы. Ылғалдылықты өлшеуге арналған құралдар.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, оның пайда болу
себептері, шық нүктесі, психрометр, гигрометр туралы түсінік алуға жағдай жасау.
Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрісін дамыту, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру,
өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшыл болуға, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, өзін-өзі
басқаруға тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі:топтық жұмыс,өз бетімен білім алу,ой бөлісу,өзін-өзі бағалау
Сабақтың көрнекілігі: интертақта,слайдтар, психрометр, гигрометр.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар: | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Булану дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? Сұйықтың булану шапшаңдығы қандай себептерге байланысты? Конденсация деген не? Қаныққан бу дегеніміз не? Қандай буды қанықпаған дейміз? Қаныққан бу қысымы неге тәуелді? Соңғы он жыл ішінде азон азайды, бұның себебі не? | Әр топ есте сақтау қабілеттерін көрсетеді |
Жаңа тақырып бойынша күтілетін нәтиже:
1) Ылғалдылықтың маңызын түсінеді
2) Өз бетімен тақырыпты меңгереді
3) Сыни ойлау дағдылары артады
4) Ынтымақтастық орнайды
5) Қызығушылығы артады
ІІІ. Жаңа тақырып. | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Сыныптар топқа бөлінеді: 1) Бу 2) Шық нүктесі 3) Гигрометр 4) Психрометр | Тақырыптар бойынша постер қорғайды |
IV. Бекіту сұрақтары | 1) Ылғалдылық мөлшері жоғары болатын Қазақстанның аймақтарын ата 2) Жаңбырдан кейін көшеде пайда болған шалшықтардың ұзақ уақыт кеппейтіні неліктен? 3) Аязды күні үрлегенде шынының беті неліктен суланады? 4) Мына құбылысты түсіндір: бұлтты күні неге шық түспейді, ал ыстық күннен соң неге шық мол түседі? 5) Бөлмедегі ауаның температурасы 20оС. Егер құрғақ және ылғал термометрлерінің көрсетулерінің айырмасы 5оС болса, психрометрдің ылғал термометрі нені көрсетеді? | Әр топ берілген сұрақтарға жауап береді. |
V. Қорытындылау | Бағалау: Формативті «Жақсы» «Жарайсыңдар» «Тамаша» т.б. | Топтар бірін-бірі бағалау кртитерийі арқылы бағалайды |
Бағалау критерийі
Дискрептор (максимум 3 ұпай) | I топ Бу | IIтоп Шық нүктесі | IIIтоп Гигрометр | IVтоп Психрометр |
Үй тапсырмасы | | | | |
Тақырыптың дұрыс жеткізілуі | | | | |
Постердің безендірілуі | | | | |
Ой жүйелілігі | | | | |
Логикалық сұрақтар | | | | |
Белсенді оқушы | | | | |
Қорытынды | | | | |
VI. Үй тапсырмасын беру | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| §17. №332-335 есептер | Үй тапсырмасын білу, дәптерге жазып алу |
VII. Рефлексия 1.Не үйрендің? 2. Сабақ ұнады ма? 3. Ұнаса несімен, ұнамаса несімен? | Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы ойларын білу үшін стикерлер тарату | Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу |