СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашы? саба? "И,й ?ріптеріні? жазылуы" 2-сынып ?аза? тілі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:  И,й ?ріптеріні? жазылуы

Саба?ты? ма?саты:

Сый,тый с?здерінен тара?ан с?здерде ый ?рпі сол ?алпында жазылатынымен таныстыру, й ?рпіні? шетелден енген кейбір с?здерде басында жазылатыны жайында айту.

Й ж?не и ?ріптері бар с?здерді д?рыс жазу?а ?йрету.

Шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту.

Сауаттылы??а, ізденімпазды??а, ?йымшылды??а т?рбиелеу.

Саба?ты? к?рнекілігі: «Алтын ?а?па» ойыны, ережелер,     геометриялы? фигуралар, суреттер.

Саба?ты? т?рі: жина?тау саба?ы

Саба?ты? ?дісі: с?ра?-жауап, талдау, жина?тау.

Саба?ты? барысы:

?йымдастыру кезе?і:

Психологиялы? дайынды?:

 

Ашы? болсын ?ос ?аба?,

Бізбен бірге бар ?она?.

Бейтаныс та, таныс та

Б?гін т?рде бас ?она?.

 

 -Балалар , б?гінгі саба?ымызды «Алтын ?а?па» ойынын ойнаймыз. Ойынны? шарты: Алтын ?а?памыз ?ш ?а?падан т?рады:Тас ?а?па, К?міс ?а?па, Алтын ?а?па.

?р ?а?паны? ?з тапсырмасы бар.?ш ?а?паны? тапсырмасына толы? жауап берсек, алтын санды??а жетеміз. Алтын санды?ты? тапсырмасын орындаса?, б?гінгі саба?ымызды ?аншалы?ты ме?гергенімізді бай?аймыз. Олай болса,Тас ?а?паны? тапсырмасын орындап к?рейік.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "И,й ?ріптеріні? жазылуы" 2-сынып ?аза? тілі»

Сабақтың тақырыбы: И,й әріптерінің жазылуы

Сабақтың мақсаты:

Сый,тый сөздерінен тараған сөздерде ый әрпі сол қалпында жазылатынымен таныстыру, й әрпінің шетелден енген кейбір сөздерде басында жазылатыны жайында айту.

Й және и әріптері бар сөздерді дұрыс жазуға үйрету.

Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сауаттылыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Алтын қақпа» ойыны, ережелер, геометриялық фигуралар, суреттер.

Сабақтың түрі: жинақтау сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық:


Ашық болсын қос қабақ,

Бізбен бірге бар қонақ.

Бейтаныс та, таныс та

Бүгін төрде бас қонақ.


-Балалар , бүгінгі сабағымызды «Алтын қақпа» ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты: Алтын қақпамыз үш қақпадан тұрады:Тас қақпа, Күміс қақпа, Алтын қақпа.

Әр қақпаның өз тапсырмасы бар.Үш қақпаның тапсырмасына толық жауап берсек, алтын сандыққа жетеміз. Алтын сандықтың тапсырмасын орындасақ, бүгінгі сабағымызды қаншалықты меңгергенімізді байқаймыз. Олай болса,Тас қақпаның тапсырмасын орындап көрейік.

Тас қақпаның тапсырмасы: «Миға шабуыл» Суреттерді пайдаланып , ережені сұрау .

-Келесі қақпа Күміс қақпа

Күміс қақпаның тапсырмалары. «Ой қозғау»

1-жаттығу .Мәнерлеп оқы. Қарамен жазылған сөздердің жазылуына назар аудар.

Алдыңғы сабақта қандай ережемен танысып едік?

Ережені айтқызу , ілу.

Сый, сыйлық, сыйлады , тый. Тыйылды, тыйды сөздерінде ый әріптері естілген қалпында жазылады.


Мына сөздерді оқы:

сыйлық тыйылды

сыйлас тыйдыру

сый сыйласу тый тыйылту

сыйлы тыйым

сыйым тыйымсыз


Өзің қалаған сөздерден бірнеше сөйлем құрастыру






Сергіту сәті: «Топ үйрек» «Май шам»


Алтын қақпаның тапсырмасы: «Білгенің жөн»

3-жаттығу . Жаңылтпашты жатқа жаз.

Тоғайда шоғайна

Жабысар борбайға

Кей бала ондайда

Басады ойбайға.

Й әрпі бар сөздердің астын сыз.

4-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерге назар аудар. Ереже бойынша й әрпі қандай дыбыстан кейін жазылады ?


Есіңде сақта! Й әрпінің шетелден енген кейбір сөздерге сөздің басында жазылады.

Алтын сандықтың тапсырмасы: «Ой таным»

-Ал, балалар, енді біз Алтын сандыққа да келіп жеттік Алтын сандықты ашу үшін мына тапсырмаларды орындауымыз керек.


«Сөз ойла, тез ойла» ойындары

И,Й әріптерден құралған сөздерді табу ки- ине – сиыр-жидек- тәрбие-жиналыс ; ай-сай-ойна-қайық


Дөңгелек бойында орналасқан әріптердің жүйесін тауып үш қатар бойынша геометриялық фигуралардан бүгінгі тақырыбымызға байланысты сөздерді табу және сөйлем құрау.

Алтын сандықтың тапсырмасына назар аударайық


-Балалар, Алтын қақпа ойынында барлық қақпаның тапсырмасын орындап, бүгінгі сабаққа жақсы қатысып, Алтын сандықты өзімізге қалдырдық.


Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма: 5-жаттығу , ережелерді қайталау.