СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақ .Етістік туралы түсінік 6 сынып

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Етістік туралы түсінік.Етістіктің  жасалу жолдары.Оқушылар жоба қорғай отырып ,өз ойын еркін айтады.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ .Етістік туралы түсінік 6 сынып»

«М.Горький атындағы орта мектеп»КММ

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Буркитбаева Самал Шаденовна


Қысқа мерзімді жоспар


Қазақ тілі 6-сынып

Сабақтың тақырыбы

Етістік туралы түсінік

Жалпы мақсаттары

Етістіктен алған білімдерін толықтыра отырып, етістік туралы жалпы мәлімет беру. Етістіктің негізгі түбір етістік және туынды түбір етістік түрлерін меңгерту.


Сілтеме

1.Қазақ тілі: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Атамұра» 2015 / С.Исаева, Ж.Дәулетбековна

Оқу нәтижесі

Оқушылар етістік туралы мәлімет алады. Негізгі түбір етістік, туынды түбір етістігін қолдана отырып, сөйлемдерді дұрыс құрай білуге дағдыланады. Айтылған пікірін тыңдай білуге, бірін-бірі бағалауға үйренеді.

Негізгі идеялар

*Ұйымшыл болуға үйренеді;

*Тапсырмалар мен жаттығуларды топпен жасауға дағдыланады;

*Сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді;

*Бірін-бірі бағалауға үйренеді;

Сабақтың көрнекілігі

Плакат, интерактивті тақта, суреттер, смайликтер, қоржын, үлестірмелі парақшалар, кеспе қағаздар т.б

Оқыту әдістері

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Блум таксономиясы; Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану; сұрақ-жауап т.б

Кезең

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Блум таксономиясы

10минут

1.Ұйымдастыру.

2.Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындық барысын қадағалау.

3. зат есім, сын есім, сан есім, есімдік деп 4 топқа бөлу.

4.Топ басшылары тағайындалып, топтың атын қорғайды.

5.Үй тапсырмасын тексеру.



Топ бойынша тізбектелген ашық сұрақтар:

1. Есімдік дегеніміз не?

2. Сілтеу есімдігі дегеніміз не?

3. Жіктеу есімдігі дегеніміз не?

4. Жалпылау есімдігі дегеніміз не?





1. Оқушылар амандасады.

2. Оқушылар сөз таптары бойынша топқа бөлінеді.

3.Топтар бір-біріне сәттілік тілейді.

4. Топ басшыларын сайлайды, әр топтарының аттарын қорғайды.






5. Үй тапсырмасы тізбектелген ашық сұрақтарға жауап беру арқылы іске асырылады.

Сағаттың тілімен топтар бір-біріне сұрақтарды тізбектей қойып шығады.


Білу

1 минут

Сөзжұмбақ арқылы жаңа тақырыпты ашу.

  1. Есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есімнің) орнына жүретін сөз табы.

  2. «Мен», «сен», «ол» сөздері есімдіктің қай түріне жатады?

  3. –ыншы, -інші жұрнақтары арқылы жасалатын сан есімнің мағыналық түрі.

  4. «Бұл», «сол», «мына», «мынау» есімдіктері есімдіктің қай түріне жатады?

  5. «Орманды», «тоғайлы», «өнерлі», «білімді» сөздері сын есімнің қандай мағыналық түріне жатады?

  6. Затты, сандық белгіні, сан-мөлшерді белгісіз етіп жорамалдап, тұспалдап көрсету мәнін білдіретін есімдіктің түрі не деп аталады?

  7. «Кісі елінде күркірегенше

Өз еліңде дүркіре»

мақалындағы есімдіктің түрі.


Сөзжұмбақ арқылы жаңа тақырыптың «Етістік» екенін табады.

Түсіну

10 минут

5 топ Жаңа тақырыпты өздері түсіндіреді. Топтарға түсіндіретін ұғымдар жазылған кеспе қағаздар таратылады.

1-топ. Етістік

2-топ. Негізгі түбір етістік

3-топ Туынды етістік

4-топ Туынды етістіктің жұрнақтар арқылы жасалуы

Мұғалім интерактивті тақта арқылы қосымша мәліметтер ұсынады.

  1. Етістік туралы түсінік

  2. Етістіктің жасалу жолына қарай түрлері

  3. Туынды етістіктердің жасалу жолы

Топтағы оқушылар кітаптың көмегімен жаңа тақырып бойынша постер дайындап, оны тақтаға шығып қорғайды, топтарға түсіндіреді.


Қолдану

7 минут

Жаттығу жұмысы. Теориядан алған білімдерін практикада қолдану. Тапсырмаларды топтарға бөліп беру.

Дәптермен жұмыс орындату.

1-топ 169-жаттығу. Мәтіннен етістікті табу.

2-топ 2-тапсырма. Ақылды оқушы не істейді?

3-топ Адасқан сөздерді орнына қойып, мақалды табу.

4-топ «шығар, жаптырды, өргіз, кешір, көгерді, жалқауланба, аула, төсе, көмектес» сөздерін қатыстырып сөйлем құрау.


Сергіту

2 минут

Сергіту сәті "Қызыл гүлім - ай"

Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Талдау

5 минут

  1. «Сиқырлы сурет» топтық жұмыс. Әр жұпқа суреттер таратылады. Сол суреттерге тақырып қойып, мәтін құрастыру.


Оқушылар құрастырған мәтіннің ішінде міндетті түрде негізгі түбір етістік, туынды етістік сөздер болу қажет.


Жинақтау

3 минут

Жаңа тақырып негізінде «Кубизм» әдісі бойынша топтарға сұрақтар қойылады.

1. Негізгі түбір етістік дегеніміз не?

2. Туында етістік дегеніміз не?

3. Етістік дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?

4. Туынды етістіктердің жасалу жолы қандай ?

5. Туынды етістік қандай сөз таптарынан жасалады?

6. Етістік жасалу жолына қарай неше түрге бөлінеді?


Бағалау

2 минут

«Екі жұлдыз бір тілек» бойынша бағалау.


Білімдерін қорытындылау.







Рефлекция

3 минут

Оқушыларға бүгінгі сабақ туралы түсінгендерін стикерге жазып, ілу тапсырылады.

Не үйрендім? Не білгім келеді? Келесі сабаққа ұсыныс пікірлер, талап-тілектер.


Үй тапсырмасы


174-жаттығу. Ережені жаттау.