СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақ "Қазыбек пен Бұқар жырау"

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

 

                                  

 

 -

                                              

   Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлы(1667-1764 ж.ж) қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Теректі бұлағындағы қыстауда дүниеге келген.Көрнекті қоғам қайраткері, батыл, батыр, атақты шешен, Орта жүздің биі, «Жеті жарғы» заңдар кодексін шығарушылардың бірі.

    Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668-1781)қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Әйгілі жырау, Абылай ханның ақылшы биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған.

                                       3. Қолдану.

                                     1.Оқулықпен жұмыс(рөлге бөліп оқыту)

     Рөлге бөліп оқыту (автор, Қазыбек би, Бұқар жырау)

                                            Критерий:

                                         1. Мәнерлеп оқуы

                                           2.Дауыс мәнері  

    «Бес бармақ» әдісі (бірін-бірі бағалау)

                                     

 

 

                                       2. Сөздікпен жұмыс.  

                                       Дәптермен  жұмыс

  Үш бұтақты шідер-аттың үш аяғына бірдей салынатын тұсау

  Төскей-таудың қия беткейі                        

                                         3.Топтық жұмыс

    I топ    1,2 сандарының шешуін түсіндір.

    II топ   3,4 сандарының шешуін түсіндір.

    III топ  5,6,7 сандарының шешуін түсіндір.

   IV топ  8,9,10 сандарының шешуін түсіндір.

                                            Критерий:

          

 

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Қазыбек пен Бұқар жырау"»

Күні: 26.11.2016

Сыныбы: 5 «В»

Пәні: Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Қазыбек пен Бұқар жырау

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Қазақ халқының ұлы тұлғалары Бұқар жырау

мен Қазыбек би туралы білімдерін кеңейту.

Әңгіменің мазмұнын ашу, Қазыбектің

шешендік сөзінің мағынасын ашу, сандар қасиеті

туралы айту, киелі сандар туралы ұғымдарын

кеңейту.

2. Дамытушылық: Шешендік өнер туралы білімдерін тереңдете

отырып, ой белсенділігін дамыту, ұтқыр да ойлы

сөйлеуге баулу, қазақ әдет-ғұрпында киелі

сандардың адам өміріне қатыстылығын ұғындыру,

есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Шешендік өнерді қадірлеуге, ұлттық

құндылықтарды бағалауға, халықтық салт-

дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: Оқулықтар, «Алтын ереже», «Өзін-өзі бағалау

парағы», слайд, бес бармақ, постер

Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі: «АКТ», «Диалогті оқыту», «Жас ерекшеліктеріне

сәйкес білім беру», «Оқу үшін бағалау және оқытуды

бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Ойлан.Жұптас.Талқыла», «Бес бармақ» әдісі,

«Автор орындығы», «Көңіл-күй сызбасы», «Айналмалы

бекеттер»

Пәнаралық байланыс: тарих

Болжамданған нәтиже: Оқушылар өз ойларын әдеби тілде жеткізіп,

ойларын дәлелдей алады, сыни тұрғыдан ойлана

біледі, ұжымдасып жұмыс істей біледі.

Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу.

ә) Топқа бөлу (мақал-мәтел арқылы)

б) Өзін-өзі бағалау парақшасын тарату. Топ басшысын сайлау.


2. Үй жұмысын тексеру.

1. Білім. 1. «Зымыран сұрақтар»

2. «Көңіл-күй сызбасы»

3.Жаңа сабақ:

2.Түсіну. Қазыбек пен Бұқар жырау

1.«Ойлан. Жұптас. Талқыла» (топтық жұмыс)

1-топ. Қазыбек би

2-топ Бұқар жырау

3-топ Жырау мен бидің айырмашылығы

4-топ Би-шешендер

2.Видеодан көрсету. (Қазыбек би мен Бұқар жырау туралы)

3. Аудиодан тыңдату. (мәтін)

3.Қолдану. 1.Оқулықпен жұмыс (рөлге бөліп оқыту)

2. Сөздікпен жұмыс

3.Топтық жұмыс

I топ 1,2 сандарының шешуін түсіндір.

II топ 3,4 сандарының шешуін түсіндір.

III топ 5,6,7 сандарының шешуін түсіндір.

IV топ 8,9,10 сандарының шешуін түсіндір.

4. «Санамақ» туралы түсінік беру.

«Сергіту сәті» «Білгенге маржан»

4.Жаңа сабақты бекіту

4.Талдау. I топ Жоспар құру

II топ Санамақ құрастыр

III топ «Сандар сөйлейді»

IV топ Мақал- мәтелдер, нақыл сөздер

5.Жинақтау. 1. «Айналмалы бекеттер» .

2 . «Автор орындығы»

6. Бағалау. 1. Өзін-өзі бағалау

2. Топты бағалау

Үйге тапсырма: : 1. Қазыбек пен Бұқар жырау (мазмұны)

2. Ізденім жұмысы

3. «Билер сөзі-нақылдың көзі» (ой-толғау)


Кері байланыс. «Бес бармақ» әдісі

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сыныпта жағымда психологиялық ахуал туғызу.

ә) Топқа бөлу (мақал-мәтел арқылы)

Оқушылар қима қағаздарды алады. Сондағы жазылған мақал-мәтелдер арқылы

топтасады. (бірлік, ынтымақ, татулық, достық)

б) Өзін-өзі бағалау парақшасын тарату. Топ басшысын сайлау.

в) «Алтын ереже» (еске түсіру)

2. Үй жұмысын тексеру.

1. Білім. 1. «Зымыран сұрақтар»

-Бір бойында тапқырлық та, білім де, ділмарлық та кездесетін адамды кім дейміз?

-Шешендік сөз дегеніміз не?

-Оның түрлерін ата.



-Сырым жас кезінде кімнен бата алуға келеді?

« Шешең Қаражан қайратты еді. Күндіз келген жиырма кісіні де, түнде келген жиырма кісіні де ренжітпей аттандырушы еді. Шешеңе тартқан боларсың» деген сөзге Сырым қалай жауап берді?

-Малайсары би қандай өтініш айтты?

-Сырым қайда келді?

-Ақсуат би не деді?

-Сырым Малайсары биге қандай өтініш айтты?

-Ақсуат би қандай тоқтамға келді?

-Малайсары би қандай бата берді?

-Кеудең тола бауыр болсын,

Арқаң қара нардай жауыр болсын.

Үйіңнің сыртынан дүбір кетпесін,

Құлағыңның сыртынан сыбыр кетпесін,

Бірақ жасың жетпіске жетпесін,-дегенді қалай түсінесіңдер?

-Өткелсіз суға, асусыз тауға, табылмас жоққа, қара шашты шешеге, қайырымсыз әкеге кездестім дегенді қалай түсінесіңдер?

-«Басқа пәле тілден» дегенді қалай түсінесіңдер?

2. «Көңіл-күй сызбасы»

Әр топ өткен сабақ бойынша өз көңіл-күйін ақ қағаз бетіне түсіреді. (топтық жұмыс)

2. Түсіну. Жаңа сабақ:

Қазыбек пен Бұқар жырау

1. «Ойлан. Жұптас. Талқыла» (топтық жұмыс)

Критерий:

1. Өз ойын әдеби тілде жеткізуі

2. Өз пікірін дәлелдей алуы

1 -топ. Қазыбек би (топтастыру)

2-топ. Бұқар жырау(топтастыру)

3-топ. Жырау мен бидің айырмашылығы(салыстыру)

4-топ . Би-шешендер(іздену)

2.Видеодан көрсету. (Қазыбек би мен Бұқар жырау туралы)

3. Аудиодан тыңдату. (мәтін)

Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлы(1667-1764 ж.ж) қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Теректі бұлағындағы қыстауда дүниеге келген.Көрнекті қоғам қайраткері, батыл, батыр, атақты шешен, Орта жүздің биі, «Жеті жарғы» заңдар кодексін шығарушылардың бірі.

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668-1781)қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Әйгілі жырау, Абылай ханның ақылшы биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған.

3. Қолдану.

1.Оқулықпен жұмыс(рөлге бөліп оқыту)

Рөлге бөліп оқыту (автор, Қазыбек би, Бұқар жырау)

Критерий:

1. Мәнерлеп оқуы

2.Дауыс мәнері

«Бес бармақ» әдісі (бірін-бірі бағалау)



2. Сөздікпен жұмыс.

Дәптермен жұмыс

Үш бұтақты шідер-аттың үш аяғына бірдей салынатын тұсау

Төскей-таудың қия беткейі

3.Топтық жұмыс

I топ 1,2 сандарының шешуін түсіндір.

II топ 3,4 сандарының шешуін түсіндір.

III топ 5,6,7 сандарының шешуін түсіндір.

IV топ 8,9,10 сандарының шешуін түсіндір.

Критерий:

1. Мағынасын ашуы

2. Өмірмен байланыстыруы

4. «Санамақ» туралы түсінік беру.

Санамақ- қазақ балалар фольклорындағы жанрлық түрі. Сәбилерге сан үйрету санаудың ретін танытуды көздейтін ойын өлеңі. Сандар жай ғана санамаланып келіп, соңғы түйіндеуші жолдар ғана ұйқасады.

-Санамақ білесіндер ме?

«Сергіту сәті» «Білгенге маржан»

1-батылдар саны

2-сенімсіздік

3-көңілді

4-ашық

5-еркін

6-бел буғыш

7-арманшыл

8-басшылыққа ұмтылғыш

9-қамқор

10-мейірімді

11-шыдамды

12-сезімтал

4.Жаңа сабақты бекіту

4.Талдау. Топтық жұмыс.

Критерий:

1. Өз ойын әдеби тілде жеткізуі

2. Өз пікірін дәлелдей алуы

I топ Жоспар құру

II топ Санамақ құрастыр

III топ «Сандар сөйлейді»

IV топ Мақал- мәтелдер, нақыл сөздер

5.Жинақтау.

1. «Айналмалы бекеттер»



1. «Қартайса, қарт бабаңды сыйлай біл. Күндердің күні болғанда кімдерде кімнің белі бүгілмес» деп Бұқар жырау данамыз айтқан. Өз ойыңды білдір.


Тапсырма әрбір топқа таратылады. Әр топ өз ойын жазып, келесі топқа береді.

2. «Автор орындығы»

Кез-келген оқушы ортаға шығып, автор болады. Оқушылар авторға сұрақ қояды.

6. Бағалау.

1. Өзін-өзі бағалау

2. Топты бағалау

Үйге тапсырма: 1. Қазыбек пен Бұқар жырау (мазмұны)

2. Ізденім жұмысы

3. «Билер сөзі-нақылдың көзі»(ой-толғау)

Кері байланыс. «Бес бармақ» әдісі

Бас бармақ- Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе

Балалы үйрек-Топта қалай жұмыс жасадым?

Ортан терек-Қандай білім алдым?

Шылдыр шүмек-Сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек-Көңіл –күйім қандай болды?