Бөлім: 8-бөлім: Музыка. Қазақтың киелі домбырасы.
Мектеп: Сұрған орта мектебі
Күні: 2-сабақ Мұғалімнің аты-жөні: Майкенова Кулжан Нурлановна
Сынып: 7 Қатысқандар саны: 4 Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы: Әлемге танымал «Ұлытау»
Мақсаты:
Жаңа тақырып бойынша әртүрлі тілдік тапсырмалар орындауды, жай сөйлемдер құрауды, мәтін мазмұны бойынша өз ойын жеткізуді үйрету.
Сілтеме: Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерийлері: Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): мәтін бойынша ақпарат береді, тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді қолданып жай сөйлемдер құрайды.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): негізгі ақпаратты пайдаланып, мәтінді мазмұндап береді, тақырыпқа қатысты сыныптастарымен диалог құрады.
Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып бойынша өзге дереккөздерден қосымша ақпарат береді, өз пікірін еркін жеткізе алады, шағын мәтін құрай алады.
Жаңа сөздер: тыңдарман, дәріптеу, батылдық, ұйытқу, аңқу, жылқылардың желісі, қатал жүзді, үйлестіру, елестету
Грамматика: Етістіктің шақтары (бұрынғы және ауыспалы өткен шақ, мақсатты және болжалды келер шақ) мен қалау райдың қызметін білу
Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақта, копьютер, слайдтар, үнтаспа, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, смайликтер.
Оқыту әдістері: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, жұптық жұмыс, «Жүректен-жүрекке» тренингі, "Интервью алу" әдісі, «Жетістік сатысы» , диалог, «Дауыстап ойлау» тәсілі. «Төрт сөйлем» әдісі
Дереккөздері: Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік, ғаламтор желісі.
І. Сабақ барысы
1. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қазір барлығымыз шеңберге тұрамыз. Сендермен
«Жүректен жүрекке» тренингін өткіземіз. Жүректі ұстап, бір-бірлеріңе ұсына отырып, жақсы тілектер айтасыңдар. Оқушылар бір – біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.
Мақсаты: оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту және мейірімділікке тәрбиелеу.
Топқа бөлу.
Оқушылар үлестірілген музыкалық аспатар суреттері (домбыра, скрипка) бойынша топқа бөлінеді
Мақсаты: оқушылардың сурет бойынша топтағы өз орындарын жылдам табуға, шапшаңдыққа дағдыландыру.
2. Өткенді пысықтау
Мақсаты: Оқушының жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыландыру.
"Интервью алу" тәсілі Бір оқушының көмегімен орындалады.
- Күй дегеніміз – не?
-Күй туралы кімнің поэмасы бар?
- Ол поэмада кім бейнеленген?
-Сен күй тыңдайсың ба?
-Қандай атақты күйшілерді білесің?
-Домбыра – қандай аспап?
-Домбыра туралы не білесің?
-Қазіргі күйшілер туралы білесің бе?
Бағалау: смайликтермен бағалау
ІІ. Сабақ ортасы
1. Қызығушылықты ояту
Мақсаты: оқушылардың сабаққа, қазақ әніне деген қызығушылығын ояту.
Балалардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында Ұлытау тобының орныдауындағы «Сағым дала» күйін тыңдайды. Көз алдына елестету.
2 "Сұрақ - жауап" әдісі
Мақсаты: бұл әдіс арқылы сабақтың тақырыбын, мақсатын бірлесіп қою. Ауызша сөйлеу қабілеттерін дамыту.
-Балалар, бұл күйде қандай аспаптар естіледі?
-Қандай көріністер көз алдарыңа келді?
-Бұл қандай топ орындаған?
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Әлемге танымал «Ұлытау».
Балалар, қазір біз, сендермен бүгінгі сабағымыздың мақсатын бірлесіп қоямыз.
- Қалай ойлайсыңдар бүгін сабақта не істейміз?
- Мәтінді тыңдап түсінеміз.
-Тірек сөздер, дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнерін қолданып мәтіннің негізгі ойын анықтаймыз.
- Сұрақтар, сөйлемдер арқылы мәтінді мазмұндаймыз.
3. Жаңа сөздермен жұмыс
Мақсаты: оқушылардың сөздік қорларын байыту
Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталайды. Сөз тіркестерін құрайды.
4. Мәтіналды жұмыс. Айтылым. 2- тапсырма Сурет бойынша әңгіме құра.
Мақсаты: оқушыларды ойын дәлелдеп айта білуге үйрету.
Мәтінмен жұмыс. 3-ші тапсырма. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау. Тыңдалым. Оқылым. «Дауыстап ойлау» әдісі
Жұптаса отырып берілген тақырыпты біреуі дауыстап оқиды, екіншісі тыңдай отырып ой түйеді. Бір- біріне түсіндіреді.
Мақсаты: Оқушыларды дұрыс тындауға ынталандырады. Оқылым, тындалым дағдылары қалыптасады. Ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры молаяды.
Бағалау: «мадақтау» сөздерімен бағалау.
Сергіту сәті «Қара жорға» биі
«Мистер Х» әдісі. Мәтін бойынша негізгі мәліметті, жылдам әрі нақты толтыру. Әр оқушыға толтыру парағы таратылады, оқушылар шеңбер құрып, бір-бірінен мәлімет жинайды.
Мақсаты: оқушылардың есте сақтау дағдыларын қалыптастыру.
І-нұсқа
Қазақтың «Ұлытау» этно-рок тобы ... жылы құрылды. Топтың мақсаты- бүкіл әлемге .... таныстыру, домбыраның қадір-қасиетін дәріптеу. ... мен скрипканың үнін тамаша үйлестіреді. Қазақ мәдениетін әлемге таныстыру. «Ұлытау» тобы – ... тобы. Отандық және ... композиторлардың шығармаларын орындайды. ... шығармалар мен туындыларды орындайды.
ІІ-нұсқа
Қазақтың «Ұлытау» ... тобы 2001 жылы құрылды. Топтың мақсаты- бүкіл әлемге қазақ халқының мәдениетін таныстыру, ... қадір-қасиетін дәріптеу. Домбыра мен .... үнін тамаша үйлестіреді. ..... әлемге таныстыру. «Ұлытау» тобы –жаңалық тобы. .... және әлемдік композиторлардың шығармаларын орындайды. Классикалық шығармалар мен туындыларды орындайды.
ІІІ-нұсқа
... этно-рок тобы .... жылы құрылды. Топтың мақсаты- бүкіл әлемге ..... мәдениетін таныстыру, домбыраның қадір-қасиетін дәріптеу. Домбыра мен скрипканың үнін тамаша .... . Қазақ мәдениетін ..... таныстыру. «Ұлытау» тобы –жаңалық тобы. Отандық және әлемдік .... шығармаларын орындайды. ..... шығармалар мен туындыларды орындайды.
Бағалау: «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі
5-тапсырма Берілген етістіктерді шақ формасымен түрлендіріп, сөйлем құра.
Мақсаты: оқушылардың жазылым, сөздік қорларын, есте сақтау дағдыларын жетілдіру.
Бағалау: смайликтер арқылы бағалау
Жұптық жұмыс. Қағаз қиындыларынан мереке атауын анықтау.
2018 жылы шілденің бірінші жексенбісі ұлттық домбыра күні болып жарияланды.
Домбыра құрылысымен таныстыру.
ІІІ. Қорытындылау
«Төрт сөйлем» тәсілі
Мақсаты: Оқушылардың ойлау сөйлеу қабілетін, тіл байлығын жетілдіру.
Пікір. Мәтін бойынша пікіріңді бір сөйлеммен жаз.
Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
Мысал. Пікіріңді өмірмен байланытыр.
Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жаз.
Үлгі:
Пікір. Қазақтың «Ұлытау» этно-рок тобы- жанашыл топ.
Дәлел. Топ қазақтың қара домбырасын әлемге танымал етті.
Мысал. Түрлі тақырыптағы, түрлі дыбыстың ерекшеліктері бар туындыларды орындайды.
Қорытынды. «Ұлытау» тобы – қара домбыра мен скрипканың үнін үйлестіре білген топ.
Бағалау: смайликтер арқылы бағалау
IV. Үй тапсырмасы
7-тапсырма. Жақша ішіндегі тұйық етістіктерді тиісті тұлғада қойып, сөйлемді жаз.
V. Рефлексия
Кері байланыс. "Жетістік сатысы" әдісі. Түрлі -түсті стикерді жабыстыру.
Мақсаты: оқушылардың жаңа сабақ бойынша білім деңгейлерін анықтау, келесі сабақты жоспарлауда назарға алу.
Жақсы түсіндім
Аздап түсіндім
Түсінбедім