СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақ Одағай сөздер

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық сабақ Одағай сөздер 6 класс тапсырмалар

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ Одағай сөздер»

Күні: 21.04.2015 6 «Ә» Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Одағай сөздер

Сабақтың мақсаты: оқушыларға одағай сөздер туралы түсінік беру;

Сабақтың міндеттері:

А)білімділік: оқушыларға жаңа сөз табы одағай туралы мағлұмат беріп, айтылу ерекшеліктері, жазылу емлесі жайлы кеңірек түсінік беру, сөйлем ішінен тауып, түрлеріне ажыратуды үйрету.

Ә)дамытушылық:оқушылардың есте сақтау қабілеттері мен сөздік қорларын арттыру, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуін, таным деңгейін дамыту;

Б)тәрбиелік:оқушыларды сауатты, көркем жазуға үйрету, тіліміздегі одағай сөздерді орынды қолдана білуге тәрбиелеу.


Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: кубизм, семантикалық карта, сәйкестендіру тесті

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбері

Барлығыңызға сәттілік тілеймін!

ІІ. Үй тапсырмасы:

1 топ: Шылау сөздер

2 топ: Шылау сөздердің айырмашылықтары:

- толық лексикалық мағынасы болмайды;

- сөйлем мүшесі бола алмайды;

-сөз бен сөзді не сөйлемді байланыстырады және қосымша мән үстейді;

- түрленбейді;

3 топ: Демеулік шылау

4 топ: Жалғаулық шылау

5 топ: Септеулік шылау

6 топ: Шылаулардың емлесі


ІІІ. Жаңа сабақ

Тақтадағы әріп жұмбақтарға көңіл аударайық. Әріп жұмбақтан біз жаңа сөз туралы ұғым аламыз. Әріп жұмбақты шешу. Әріптері бар жасырынып тұрған сөзді табайық, сонда біздің бүгін жаңа тақырыптың атын оқи аламыз.

1.Оқу да бар,

Жазуда жоқ. (О)

2. Дала да бар,
Жаға да жоқ ( д )

3.Шегеде жоқ,
Таста бар (а )

4.Ғарышта бар,
Сайыста жоқ ( ғ )

5.Шанада бар,
Әнде жоқ ( а )

6. Торғайда бар,

Алауда жоқ (й)


Кубизм әдісі

Баяндаңыз: Одағай сөздер

Одағай – дербес мағынасы жоқ, адамның көңіл-күйін білдіретін немесе жануарларға қаратылып айтылатын сөз.

Одағайдың ерекшеліктері:

-дербес лексикалық мағына болмайды;

-сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді, сондықтан үтірмен бөлек тұрады;

-сөйлем мүшесі бола алмайды;


Салыстырыңыз: (Шылау мен салыстыру)

Шылау сөздер

Ұқсастықтары

Одағай сөздер






Байланыстырыңыз: Суреттер топтамасындағы суреттерге қарай отырып одағай сөздерді байланыстыру.


Талдаңыз: Сөйлемдерді одағайға айналдырып жазу.

  1. Астанадан көкм келе жатыр.

  2. Кер бестінің шабысын-ай.

  3. Қарағым-ай, білмейді екенсің ғой.


Зерттеңіз: Одағайлар қандай жағдайда сөйлем мүшесінің қызметін атқаратынын түсіндіру.

Қолданыңыздар: Сахналық көрініс. Қатысушылар: дәрігер,анасы, баласы.


Тапсырмалар

1 топ: Мәтіннен оқу, мәтіннен одағай сөздерді табу.

- Ащы – ау тілің, пай – пай – пай!

- Жә, енді біз төсек жайлаймыз.

-Уай, балам, әкең осы Бетқұдықтың мәні – жөнін ұғып, түбін тексерді ме екен?

- Ой, шіркін – ай, айыра алмаған шығарсың!

- Апыр – ай, ата қонысым еді.

- Ойбай, бауырым! Ойбай, бауырым,- деп, ат қойып келе жатыр.

- Ой, ұқсамасаң, тумағыр!

- Уа, қой деймін, балам!

- Әй, шырағым, балам, әуелі ар жағаңда әкең тұр... Сәлем бер!



2 топ: Көп нүктенің орнына тиісті одағай сөздерді қойып, көшір.

........., әжем ауылдан қонаққа келді. ........., мынау не деп тұр!-деді атам.

....., әзер жеттім. ......., кішкене бел жазайыншы.... ........, мына дүлей тіршілік те көк мұздай тас бауыр екен – ау! ........, үйірімен үш тоғыз! ........, сонау Сүйіндіктен осы араға келіп жүргені.

Бүгін менің туған күнім, ..........

Мына адамдар неге жатыр тойламай?

Банкет жасап берер едім өзім – ақ,

Тәңірдің бір жарытпай – ақ қойғаны – ай!

Түлік

түрі

Шақыруда айтылатын сөздер

Түсінік

Жылқы

1


Биенің сауыны болған кезде құлынын еміп, сауу үшін шақырғанда айтылады.

2


Жылқыны ұстау үшін шақырғанда қолданылады.

3


Жылқының үстіне ер салып мінгенше қозғалмай тұруы үшін айтылады.

4


Арба мен шанаға жеккенше атты тоқтату үшін айтылатын сөз.

Түйе

1


Түйенің ботасын емізіп, сауу үшін шақыру.

2


Түйені су ішуге шақыру.

3


Түйені тізесін бүктіріп, шөгеру үшін айтылатын сөз.

Сиыр

1


Бұзаулы сиырды сауу үшін шақыру

2


Сиырды ұстау үшін қолданылатын сөз.

3


Сиырды жүргізу, айдау үшін қолданылатын сөз.

Қой

1


Қойды қозысынан шақырғанда қолданылатын сөз.

2


Қой тосыннан үріккенде, оларды басып тоқтату үшін айқайлап айтылатын сөз.

3


Өрістегі қойды қайыру үшін қолданылатын сөз.

3 топ: Ойнайық та, ойлайық! Кестеде берілген төрт түлік малға байланысты одағайларды табу.


4 топ: 315- жаттығу. Алақай, бәрекелді, әттең, құрау-құрау, қош-қош, пай-пай деген одағайларды кірістіріп сөйлем құрау.

5 топ: Сәйкестендіру тесті

  • Бүгін, былтыр, биыл, ертең, кешке----------- шылау

  • Саңқ, қаңқ етер, жарқ-жұрқ, қолп-қолп етіп---------үстеу

  • Пәлі, ойпырай, алақай, пай-пай, бәрекелді----еліктеу сөз

  • Арқылы, жайында, дейін, шейін, таман, қарай---одағай





6 топ: Семантикалық карта

Мысалдар

Еліктеуіш

бейнелеуіш

Одағай

1

Пай-пай!




2

Жапыр-жұпыр




3

Қаңқ етер




4

Жарқ-жұрқ




5

Апыр-ай




6

Түу




7

Құрау-құрау




8

Бәрекелді




9

Опыр-топыр




10

Жарқ етті




11

Ірк




12

Маң-маң




13

Шіркін




14

Оу пәлі




15

Ойпырмай




ІV. Сабақты қорытындылау

Одағайға байланысты тест тапсырмасы І, ІІ, ІІІ –нұсқада

V. Үйге: 314-жаттығу.

VІ. Бағалау

Өзін-өзі бағалау