Сонан соң бейнебаян көрсету. «Тіл және сөйлеу» тақырыбында оқушыларға жалпылама түсінік беру Және бүгінгі сабақтың тақырыбы «Тіл және сөйлеу » екенін айту. Оқулықтағы 1-тапсырмамен жұмыс жасамас бұрын, «Отан» туралы түсінік қалыптастыру. Ол үшін бізге Білгішбек қонаққа келіп, өзінің логикалық тапсырмаларымен проблемалық жағдаяттар туғызады. Жалпы Отан туралы ұғым қалыптастыру. 1-тапсырма «Отан» мәнерлеп хормен оқу Бүркіт Ысқақов туралы ақпарат беру. Отан-менің ата-анам, Отан-досым, бауырым. Отан-өлкем, астанам, Отан-аудан, ауылым. Қандай мағына беріп тұрғанын сұрау. Сөйлемдер құрастыру. (Т) Суретпен жұмыс. «Отан» туралы постер құрастырупостер құрастыру. Оқушыларды 4 топқа бөлу. 2-о қушы арасындағы диалог Шетел азаматы: HELLO! Қазақстан -Сәлем! Шетел:-WHERE DO YOU LIVE? ҚАЗАҚ: -Мен Қазақстанда тұрамын ШЕТЕЛ: understand in Kazakh but I can not speak ШЕТЕЛ: - Tell me about Kazakhstan! ҚАЗАҚ: -Қазақстан әлемдегі улкен мемлекеттердің бірі және ол менің туган жерім, менің отаным. Мен Қазақстанды жақсы коремін, Қазақстанның астанасы-Астана қаласы, Қазақстанда коптеген әдемі жерлер бар ҚАЗАҚ -Қазақстан туралы ақпарат бергенің үшін рахмет, Сау бол! ҚАЗАҚ -Коріскенше! Сергіту сәті Қара жорға Оқулықпен жұмыс Өлеңнің төртінші жолын буынға бөліп жазу. Отан-аудан, ауылым. Сөзжұмбақ шешу «Отан » сөзін шығару Туған жерге байланысты жұмбақтар шешу Жұмбақтар. 1. Бар ма, жоқ па – оны анық білмейсің, Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (Ауа). 2. Жылт – жылт еткен, Жырадан өткен. (Су). 3. Ақ шапанын үстінен алты ай бойы шешпейді, Қара шапан үстінен алты ай бойы түспейді. (Қара жер мен қар). 4. Өсіп тұрған бұл не? Жаз болса жайнап. Саясында ән салып, Құстар жүрген сайрап. (Ағаш). Ертегіден алынған сюжеттерге байланысты жұмбақ жасырайын 1. Қашып кеткен атадан, Қашып кеткен ападан. Орманда кеше жүр едім, Домалап шықты алдымнан. (Бауырсақ) 2.Кедей еді бұл бала, Айы туды оңынан, Жын шығады керемет, Сиқырлы оның шамынан. (Алладин) 3.Үй жинаған ұқыпты, Бір қыз бопты ертеде Тыңдамаған мысықты, Салыпты ғой әлекке. (Мақта қыз бен мысық) 4.Джунглиде өскен жасынан, Епті бала болыпты, Багира, Бану достары. Шерхан оның қас жауы. (Маугли) 5.Кішкене қыз орманға, Жалғыз өзі барады. Апасына қартайған Дәмін салып алады. (Қызыл телпек) 6.Аяғынан тұсаулап, Кемпір оны ұстайды. Желмен ұшар желпілдеп, Босап кетсе бұл шалы. (Қаңбақ шал) Полиглот «Полиглот» -Мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақтың жауабын орыс және ағылшын тілдеріне аудару керек. 1.Сыртта - арқаңда, Сыныпта- партаңда. (сөмке, сумка, a bag) 2. Білерімнің куәсі, Білмесімнің куәсі. Іші толған колтаңба, Алып шығам әр таңда. (күнделік, дневник, a diary ) 3.Есек құлақты, Мысық аяқты. Түйе ерінді, Ешкі құйрықты. (қоян, заяц, hare) 4. Сөз үйретсең қайталайды. Өздігінен айта алмайды. (тоты құс, папугай,parrot) 5.Өзі дана, Үні жоқ. Сөйлемейді, Тілі жоқ. Қолыңа алсаң - шешен, Ақылы асқан көсем. (кітап, книга, book) 6.Бұтақта ілініп тұрамын, Піскенде себетке құладым. (Алма, яблоко, apple) 7. Қылдай белі бүгілген, Өзінен де жүгі үлкен. (Құмырсқа, муравей, ant) 8. Шәкіртке жанашыр, Мейірман кім, жаны асыл. (мұғалім, учитель, teacher) 9.Төрт аяқты чемодан, мүйізі бар қадаған. Естімейді, сөйлейді, Ішіндегі көп адам. (теледидар, телевизор, TV) 10. Адамға серік, Күзетке берік. (Ит, собака, dog) 3-тапсырма Ойын шарты: Ғажайып сәт. Топқа Білгішбек келеді, амандасады.Өзін балаларға таныстырады.Қолында кішкентай сандық. -Балалар, менің қолымдағы не зат? -Сандық қандай? -Түсі қандай? -Балалар,сандықтың ішінде тапсырмалар бар,оған жауап бересіңдер ме? Ойын: «Күннің шуағы» Тақтаға шуағын шашқан күн суреті ілінеді. Күннің шуақтарында сұрақтар жазылған. Білгішбек балаларға сұрақтарды бір- бірден оқиды. 1.Сендердің ауылдарың қалай аталады? 2. Біздің мектебіміз қалай аталады? 3.Елордамыз қай қала? 4.Елбасымыз кім? 5.Ұлттық тағамызды ата? 6. Мектебімізде қандай ұлт балалары бар? 7. Астанада қандай ғимарат бар? 9.Біз қай топтың балаларымыз? Білгішбек: Мінекей балалар, сендер білімді екенсіндер, сұрақтарға жақсы жауап беріп,топтарыңа күннің жылуын таратып,одан қуат ,жігер алып отырсыңдар,рахмет сендерге.(Білгішбек отырады)
|