СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақ "Жылқы " С.Мұқанов

Нажмите, чтобы узнать подробности

Төрт түлік тің бірі жылқы туралы, оның түрлі қасиеттері туралы өткен сабақ. Оқушылар жылқы туралы бейне баян көрді.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Жылқы " С.Мұқанов»


Бекітемін:

Күні: 15.03.2017ж

Сыныбы: 4 «Ә»

Пәні: Әдебиеттік оқу

Мұғалім: Ахметкалиева М.Б.

Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов «Жылқы»

СМАРТ мақсат: 20 минут ішінде сынып оқушыларының 100%-ы «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы әңгіменің мазмұнымен танысады және «Мені түсін» ойыны арқылы әңгіменің мазмұнын түсінеді, 80%- ы әңгіменің мазмұнына құрылған тапсырмаларды орындау арқылы ойларын жүйелей, дәлелдей отырып жинақтай алады, 60%-ы алған мәліметтерін өмірмен байланыстыра алады.

Сабақтың мақсаты:

1. Сәбит Мұқановтың «Жылқы» әңгімесінің мазмұнымен танысу

2. Әңгіменің мазмұнын ашу және түсіну

3. Әңгіменің мазмұны бойынша өз ойларын жүйелеу, дәлелдей отырып жинақтау, алған мәліметтерін өмірмен байланыстыру.

Күтілетін нәтиже:

1. Сәбит Мұқановтың «Жылқы» әңгімесінің мазмұнымен танысады

2. Әңгіменің мазмұнын ашады және түсінеді

3. Әңгіменің мазмұны бойынша өз ойларын жүйелей, дәлелдей отырып жинақтай алады, алған мәліметтерін өмірмен байланыстыра алады.

Сабақтың түрі: Сындарлы оқытуға негізделген сабақ

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың формасы: Ұжымдық, топтық, жұптық, жеке жұмыс

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

1. «Паравоз» әдісі 5. «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі 9. «Ой қозғау» стратегиясы

2. «Орнын тап!» ойыны 6. «Мені түсін» ойыны 10. «Жарнама» ойыны

3. Сөзжұмбақ шешу 7. «Шындық және жалған» ойыны 11. «Егер мен бақташы болсам ...»

4. «Топтастыру» әдісі 8. «Жалғасын тап!» ойыны ойыны

Бағалау әдістері:

1.«Бағдаршам түстері» 2. Мадақтау 3.Критериялды бағалау кестесі

Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Дербес компьютер, интербелсенді тақта, слайдтар, топ атаулары, плокаттар, сөзжұмбақ, ақпараттық парақшалар, жұмыс парақтары, жылқының суреті, кестелер және рефлексия парақшалары

Пәнаралық байланыс: Дүниетану , орыс тілі, шет тілі, математика, бейнелеу өнері

Пайдаланылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиет: «Әдебиеттік оқу» оқулығы, 4-сынып. Алматы: Атамұра, 2015. 264 бет. Автор:

С. Рахметова «Әдебиеттік оқу пәнінің оқыту әдістемесі»

Қосымша әдебиет: «Сұрақ және жауап» және «Ол кім? Бұл не?» энциклопедиясы

Интернет ресурс: Wiki беттері, «Қаламгер» және «Сабақтар» сайттары


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезеңі

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Мақсаты:

Ұйымдастыру кезеңі

1мин

Психологиялық дайындық:

1. Сәлемдесу

Жабырқауды білмейміз.
Жалқаулықты сүймейміз,

Біз талантты жас ұлан
Үлгі аламыз жақсыдан

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Топтарға біріктіру.

І топ – «Байшұбар»

ІІ топ – «Тайбурыл»

ІІІ топ – «Қарақасқа»

Оқушылар сәлемдеседі, сабаққа даярлығын көрсетеді.







Оқушылар қима қағаздар арқылы 3 топқа бірігеді


Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, психологиялық ахуал туғызу.

Үй тапсырмасын сұрау.













Топаралық бағалау






БІЛУ

5мин















2мин







1мин




1мин

Жеке және топтық жұмыс.

Топтық тапсырма:

І топ: «Паравоз» әдісі арқылы өлеңді жатқа айту


ІІ топ: «Орнын тап!» ойыны арқылы берілген қима қағаздардан өлең шумағын құрастыру


ІІІ топ: Сөзжұмбақ шешу.





«Бағдаршам түстері» арқылы бағалау.

Қызыл-керемет Жасыл-жақсы Сары-қанағаттанарлық


Жаңа тақырыпқа қызығушылық ояту сұрақтары: (Сұрақ қою техникасы қолданылады)

- Балалар, сөзжұмбақтан қандай сөз шықты?

- Неліктен сөзжұмбақтан ондай сөз шығып тұр деп ойлайсыңдар?

(Қайта бағыттау сұрақтары қойылады)

Жылқы туралы бейне баян көрсетіледі.

- Жылқы жануары туралы не білеміз?

(Топтастыру жасау)

- Ол қандай жануар?

- Бұрын өткен батырлар жырында жылқы жануары қалай суреттелген? (Жетелейтін сұрақтар қойылады)


«Авторды тану» түсінік беру.

(Сәбит Мұқанов жайында)

С. Мұқанов ( 1900 - 1973) қазақтың аса көрнекті жазушысы. Ол Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында туған. Жастайынан ауыз әдебиетімен кең сусындап, өлең жырды жатқа айтып өскен. 14-15 жасынан бастап өлең жазып бастаған.Сәбит өзіне ұлы Абайды ақылшы ұстаз тұтқан.

Оқушылар топтық жұмыс жүргізеді.

І топ: «Паравоз» әдісі арқылы өлеңді жатқа айтады

ІІ топ: «Орнын тап!» ойыны арқылы берілген қима қағаздардан өлең шумағын құрастырып шығарады.

ІІІ топ: өлең мәтінінен құралған сөзжұмбақты шешеді. Сөзжұмбақ ортасындағы жылқы сөзін анықтайды.








Сұрақтарға жауап бере отырып жаңа сабақтың тақырыбын өздері ашады.


-жылқы


-жаңа тақырып



Жылқы туралы бейне баянды тамашалайды.



Жылқы туралы білетін мәліметтері бойынша топтастыру жасайды.











Автор туралы мәлімет алады.

Үй тапсырмасын сұрау және пысықтау.

Есте сақтау қабілеттерін тексеру




Өткен тақырып пен жаңа сабақ арасында көпірше орнату, жаңа сабаққа қызығушылықта-

рын ояту.







Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


Оқушылардың өзіндік білім алуына жағдай жасау.

Негізгі бөлім

Жаңа сабақ
















ТҮСІНУ














ТАЛДАУ

























1мин




1мин














5мин




6мин









2мин





1мин



3мин





1мин




3мин

* Сабақтың мақсаты айқындалады.

* Критериялды бағалау кестесі таныстырылады

«Өмір мектебі» романынан «Жылқы» әңгімесін үзінді етіп беріп отыр екен. Жылқының ерекше қасиеттерімен, жылқышы мамандығының ерекшелігімен танысамыз, және жылқы шаруашылығы жөнінде  түсінік аламыз. -Жылқыда не жоқ? -Жылқы пірі? -Ұлттық ойындар -Қандай Мемлекет рәмізінде жылқы бейнесі бар? -Қалай шақырамыз? Оқулықпен жұмыс.

(Тақтадан жаңа тақырып көрсетіледі)

Дәптермен жұмыс.

Сөздікпен жұмыс.

Жылқы – лошадь - horse

Бақташы – пастух - shepherd

Қос – оңай құрылып, жиналатын баспана – палатка - tent

Оттау – кушать - eat

Асыл – драгоценный – precious


«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі – топтық жұмыс жүргізіледі. Оқушыларға әдістің шарты түсіндіріледі.






«Мені түсін!» оқыта үйрету ойыны

Әр топ сөйлегеннен кейін «Бағдаршам түстері» арқылы оқушылардың мәтін бөлігін түсінген түсінбегендін анықтау


Тапсырмалар:

Әңгіменің бірінші бөлімі бойынша

«Шындық және жалған» ойыны - жеке жұмыс


Жұптық тексеру

Екінші бөлімі бойынша – Кесте толтыружұптық жұмыс



Үшінші бөлімі бойынша - «Жалғасын тап!» ойыны – топтық жұмыс

Сергіту сәті.

«Жылқышы» әні

Оқушылар алдын ала ілініп тұрған сабақтың мақсатымен танысады.











-өт

-қамбар ата

Көкпар, аударыспақ, бәйге, теңге ілу, жарыс, қыз қуу

-елтаңба

-құрау-құрау

Оқулықтағы мәтінмен танысады



Оқушылар сөздікпен жұмыс жүргізе отырып әңгімемен танысады.









Топтық жұмыс бойынша 3 топ өздеріне берілген әңгіме бөліктерін оқиды, іштей ойын жүйелейді, жұптарымен бөліседі, топта талқылайды.

Ойынның шарты: Оқушылар өздерінің оқыған мәтін бөліктерін 10 тірек сөз немесе сөз тіркестері бойынша айтып жеткізелді.



Оқушылар берілген кестедегі сөйлемдердің шындық немесе жалғандығын анықтайды.

Жұптарымен жұмыс парақшаларын алмастырып кестені дұрыс жауап бойынша тексереді. Жылқының пайдасын мәтін бойынша дәлелдейді.

Нақыл сөздердің жалғасын табады.


Оқушылар жылқышы әнін тыңдап, сергейді.

















Жаңа сабақтың мазмұнын ашу, түсінуге жағдай жасау.

Жаңа сөздермен танысу және үш тілділікті дамыту.









әңгіменің мазмұнын талдай білуге үйрету


Оқыту процесіндегі қиындықты анықтау





Оқушылардың әңгіме мазмұнын меңгергендігін тексеру





















Оқушыларды сергіту

ЖИНАҚТАУ




























БАҒАЛАУ






Үйге тапсырма:



Рефлексия


5мин




























2 мин






1мин




3мин

Топтық жұмыс:

І топ: «Ой қозғау» стратегиясы





ІІ топ: «Жарнама» ойыны





ІІІ топ: «Егер мен бақташы болсам, ... » ойыны














Критериялды бағалау кестесі арқылы сабақтың мақсатына жеткен және талпынған оқушыларды анықтау.


«Жылқы» әңгімесін оқып, әңгімелеу,

«Ер қанаты- ат» тақырыбына әңгіме жазу.

Оқушыларға

«Не білдің? Не үйрендің? Не қиын болды?» деген сауалдар қойылған парақшалар таратылады.



І топ: «Қасиетті мал - жылқы» деген сөз аясында ой толғаныстарын постерге топтастыру түрінде жазады.

ІІ топ: Жылқы жануарын жарнамалайды. Сату немесе өткізу мақсатында

ІІІ топ: Оқушылар «Егер мен бақташы болсам, онда жылқы малының жас бойынша атауларын нақты білер едім» деп жылқының 7 жасқа дейінгі атауларын теріп жазады:

1 .Құлын.

2. Жабағы.
3. Тай

4. Дөнен.
5. Құнан.
6. Бесті.
7. Ат.







Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне толтырады.

Оқушылар парақшалардағы сұрақтарға жауап беріп, мұғалімге тапсырады.


Жаңа тақырыпты бекіту. Оқушыларды шығармашылыққа баулу.























Оқушылардың жүргізген жұмыстарын саралау







Кері байланыс орнату






















Өзіндік талдау

15 наурыз 2017 жылы 4 «Ә» сыныбында С.Мұқановтың «Жылқы» әңгімесі бойынша ашық сабақ өткізілді.

Сабақтың смарт мақсаты - 20 минут ішінде сынып оқушыларының 100%-ы «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы әңгіменің мазмұнымен танысады және «Мені түсін» ойыны арқылы әңгіменің мазмұнын түсінеді, 80%- ы әңгіменің мазмұнына құрылған тапсырмаларды орындау арқылы ойларын жүйелей, дәлелдей отырып жинақтай алады, 60%-ы алған мәліметтерін өмірмен байланыстыра алады.

Сабақтың мақсаты - Сәбит Мұқановтың «Жылқы» әңгімесінің мазмұнымен танысу. Әңгіменің мазмұнын ашу және түсіну. Әңгіменің мазмұны бойынша өз ойларын жүйелеу, дәлелдей отырып жинақтау, алған мәліметтерін өмірмен байланыстыру болды.

Күтілетін нәтижесі - Сәбит Мұқановтың «Жылқы» әңгімесінің мазмұнымен танысады. Әңгіменің мазмұнын ашады және түсінеді. Әңгіменің мазмұны бойынша өз ойларын жүйелей, дәлелдей отырып жинақтай алады, алған мәліметтерін өмірмен байланыстыру болды.

Сабақтың түрі - сындарлы оқытуға негізделген сабақ болса, типі- аралас сабақ, ал формасы- ұжымдық, топтық, жұптық, жеке жұмыс болды.

Сынып оқушылары «Байшұбар», «Тайбурыл», «Қарақасқа» деп 3 топқа бөлінді. Үй тапсырмасын айту үшін оқушылар топтық жұмыс жүргізді.

І топ «Паравоз» әдісі арқылы өлеңді жатқа айтты.

ІІ топ «Орнын тап!» ойыны арқылы берілген қима қағаздардан өлең шумағын құрастырып шығарды.

ІІІ топ өлең мәтінінен құралған сөзжұмбақты шешті. Сөзжұмбақ ортасындағы жылқы сөзін анықтады. Сұрақтарға жауап бере отырып жаңа сабақтың тақырыбын өздері ашты. Жылқы туралы бейнебаянды тамашалады. Жылқы туралы білетін мәліметтері бойынша топтастыру жасады. Автор туралы мәлімет алды. Оқушылар сөздікпен жұмыс жүргізе отырып әңгімемен танысты. Топтық жұмыс бойынша 3 топ өздеріне берілген әңгіме бөліктерін оқып, іштей ойын жүйеледі, жұптарымен бөлісіп, топта талқылады. «Мені түсін!» оқыта үйрету ойыны арқылы оқушылар өздерінің оқыған мәтін бөліктерін 10 тірек сөз немесе сөз тіркестері бойынша айтып жеткізелді. «Шындық және жалған» ойыны арқылы оқушылар берілген кестедегі сөйлемдердің шындық немесе жалғандығын анықтады. Кесте толтыру әдісі арқылы жұптарымен жұмыс парақшаларын алмастырып кестені дұрыс жауап бойынша тексерді. Жылқының пайдасын мәтін бойынша дәлелдеді. «Жалғасын тап!» ойыны арқылы нақыл сөздердің жалғасын тапты. Оқушылар сергіту сәтінде «Жылқышы» әнін тыңдап, сергіді. І топ «Ой қозғау» стратегиясы арқылы «Қасиетті мал - жылқы» деген сөз аясында ой толғаныстарын постерге топтастыру түрінде жазды. ІІ топ «Жарнама» ойыны арқылы жылқы жануарын жарнамалады. ІІІ топ «Егер мен бақташы болсам, ... » ойыны арқылы оқушылар «Егер мен бақташы болсам, онда жылқы малының жас бойынша атауларын нақты білер едім» деп жылқының 7 жасқа дейінгі атауларын теріп жазды. Бағалау бөлімінде критериялды бағалау кестесі арқылы сабақтың мақсатына жеткен және талпынған оқушылар анықталып, бағаланды. Үйге тапсырмасына «Жылқы» әңгімесін оқып, әңгімелеу, «Ер қанаты- ат» тақырыбына әңгіме жазу берілді. Рефлексия сәтінде оқушыларға «Не білдің? Не үйрендің? Не қиын болды?» деген сауалдар қойылған парақшалар таратылып, оқушылар өз ойларын жазды.

Сабақ жоғары деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті.