Просмотр содержимого документа
«Ашық шара "Нептун күні"»
Тақырыбы: «Нептун күні»
Білім беру салалары: «Әлеумет», «Денсаулық»
Кіріктірілген ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: «Экология негіздері», «Дене шынықтыру»
Мақсаты:
1.Білімділігі:Балаларға су тіршілік көзі екенін үйрету.
2.Дамытушылығы:Сумен ойнайтын ойындардың ережесін сақтай отырып, балалардың қимыл - қозғалысын, икемділігін, шапшаңдығын арттыру.
3.Тәрбиелігі:Достыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:: Нептун киім үлгісі, су құятын ыдыстар, сүзгі, су тапаншасы, сабынды көпіршіктер, шелектер, жасанды бассейн.
Әдісі: Әңгімелеу,сұрақ-жауап,ойын.
Жүргізуші::Күн күлімдеп желойнайды,
Толқындар көңілді шулайды
Нептунғақонақтар асыға келеді
Балалармен қыздардың топтары.
Жүргізуші::Балалар бүгін қандай күн?
Балалар: Нептун күні.
Жүргізуші:Сендер Нептунның кім екенін білесіңдерме?
Балалар: Ол көлпатшасы.
Жүргізуші:Олай болса Нептунды шақырайық.
Барлығы: Нептун теңізпатшасы
Келеғой, келеғой, келеғой.
Нептун:Сәлеметсіздер ме балалар, құлағыма жетті, бұл мерекеменің құрметіме арналған екен. Мен Нептун – көлпатшасы, мерекелеріне келіп тұрмын.
Жүргізуші:Нептун теңіз патшасы шаршаған шығарсын орындыққа отырып, балаларымыздың ойынын тамашалаңыз.
Нептун: Жарайсыңдар, балалар. Мен сумен ойындар ойнағанды жақсы көремін. Олай болса ойындарыңызды тамашалап, сенденмен бірге ойнайын.
Жүргізуші:Бүгінгі ойынымызға «Балдырған» тобы балалары қатысады.
1-ойын:«Су тасушылар».
Шарты:Балалар бос шелегімен мәреге барады. Шелегін суға толтырып, келесі балаға шелегін береді. Келесі бала суды мәредегі ыдысқа төгеді.
Шелекке суды көп толтыру керек.
Жүргізуші:Енді келесі ойынымыз.
2-ойын«: Кім жылдам»
Шарты:Қолында сүзгі ыдыстарға суда тіршілік ететін жануар, құстарды өз жәшігін тасиды.
Нептун:Жарайсындар балалар! Жақсы ойнайды екенсіңдер.Енді балалар мен жалғыз келген жоқпын.Өзімен балықтарымызды алып келдім.Балықтарым сендерге билеп беремін дейді.
ЖүргізушіІ:Балалар шапалақтап шақырайықшы.
3-ойын: «Мергендер».
Шарты: Екі топ су тапаншасынан бір - біріне су шашады.
Жүргізуші:Нептун сізге балаларымыздың ойындары ұнады ма?
Нептун:Әріне ұнады. Өте тамаша, қызықты сумен ойындар ойнадыңдар. Менің де сендерге сыйлығым бар. Міне сендерге сабынды көпіршіктер. Сендер сабынды көпіршіктерді үрлеп көңілді көпіршіктерді тамашалаңдар.
Балалар: Рахмет, Нептун – көл патшасы.
Балаларды мақтау, рахмет айту.
«ОРДА Султан» ЖШС «Алтынсақа» балабақшасы

Ашық шара
Тақырыбы: «Нептун күні»
Тәрбиеші: Утепова А.Б.
Атырау-2017 оқу жылы