Атырау энергетика және құрылыс колледжі
Боранғалиева Ұлдай Сағынтайқызы
Атырау қаласы
Тақырыбы: « Мен таңдаған мамандық »
Ашық тәрбие сағаты
Мақсаты:
Білімділік: Студенттерге мамандық таңдау, олардың негізгі түрлерін таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта- ықыласын арттыру; дәнекерлеуші мамандығы бойынша терминдерді қайталау, теориялық білімін анықтау, мамандық тарауы бойынша алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, студенттердің ойлау қабілетін, ой белсенділігін арттыру, студенттердің шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ету; ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру; ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: өз мамандығы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, өз Отанына адал қызмет етіп, үлесін қосуға шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Міндеті:
· Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту;
· Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу;
· Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Мамандық туралы суреттер, интерактивті тақта, слайд көрсету
Күтілетін нәтиже: Өзінің қызығушылығын, икемділігін, болашағын сезінеді;Өзі- өзі бағалау, талдау дағдысы артады; Өзінің қызығушылығын, икемділігін, болашағын сезінеді;
Барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
1 жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, Студенттер. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Мен таңдаған мамандық» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз дегендей -Әлемде мыңдаған мамандық бар екен және жыл сайын жаңарып, оған жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға көбісі нақты жауап бере алмайды.
2 жүргізуші: Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Әрқайсымыз мамандық таңдау мәселесіне тап боламыз. Мамандық таңдауда біз үнемі дұрыс шешім қабылдауды үйренеміз
1 жүргізуші: Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар
Әннің сәні болмаса мәні оятар, – деп ағартушы ақын Абай айтқандай, кезекті әнге берейік.
Ән: « ......» орындайтын: 8 топ студенті Айтбай Естай
2 жүргізуші: Көркемсөз 5-топ студенті Камидоллаев Әзілхан «Абай үні» атты өзінің шығарған туындысын орындайды
1 жүргізуші: Келесі орындауларда бесінші және екінші топ студенттерінің дайындаған мамандық туралы тақпақтарын қабыл алыныздар!
Мен инжеренр боламын,
Жерден алтын табамын.
Жолын қуам әйгілі,
Академик ағаның.
Ал мен ақын боламын,
Сусылдаған қаламым
Адамдардың жүрегін
Жырмен жаулап аламын.
Бірің болып дәрігер,
Емдеп жатсаң ауруды.
Құрмет тұтып қалың ел,
Сыйлап жатса бар гүлді.
Бәрімізде жей тұғын
Ең алдымен нан керек.
Көтеруге ел туын
Қуат керек, әл керек.
Түбін де баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған,болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.
Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес бай болу,
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібінде сай болу!
Қолда темір қалағым,
Саздан сарай қалаймын.
Алматыдан аумайтын
Әсем қала саламын.
Тасты жонып қашаған,
Әсем мүсін жасаған.
Мүсінші аға өнерін,
Өте жақсы көремін.
Қолда алтын қалғым,
Зәулім үйлер саламын.
Ертең менде ел сүйген,
Құрылысшы боламын.
Ұланымын даланың,
Ұрпағымын бабаның.
Есейгенде мен ертен,
Құрылысшы боламын.
2 жүргізуші: Келесі кезекте ән орындайын бесінші топ студенті Қадыр Нұрберген
_________ әнімен.
1 жүргізуші: Ринат сен мамандық иесі болу үшін не істеу керек? Бұны сен қалай түсінесің?
2 жүргізуші: Ендеше әрқайсысы өз қалаған мамандығымықтары туралы өз ойларымен бөліссін. (дәрігер, мұғалім, құрылысшы, дәнекерлеуші оқушылар өз ойларын айтады)
1 жүргізуші: Ринат көрдіңбе, біз үшін сонымен мамандықтын барі де маңызды.
Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуміз ертең ақын, екіншіміз инженер, енді біріміз құрылысшы болуымыз мүмкін. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.
• — Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;
• — адамның болашаққа апаратын жолы;
• — адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;
• — мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
• — оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;
• — ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру;
• — мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;
• — келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе сол
• — адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.
2 жүргізуші: Дұрыс айтасын Аслан! Ендігі кезекті осы өзіміздің мамандығымыз туралы екенші және бесінші топ студенттерінің дайындаған әзіл-ысқақ қойылымын тамашалайық!
Ән орындайтын Мейіржан
1 жүргізуші: Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.
Мақсатыма жеткізер- уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.
Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап ілім-білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!
Алтын уақыттарыңызды бөліп, тәрбие сағатымызда қолдау көрсеткен қонақтарға 8 «д» сынып ұжымының дайындаған алғыс хатын тапсыруға рұқсат етіңіздер.Осымен « Мен таңдаған мамандық » атты ұйымдастырылған тәрбие сағатымыз аяқталды. Тыңдағандарыңызға көп рахмет!!!