Атырау энергетика және құрылыс колледжі
Боранғалиева Ұлдай Сағынтайқызы
Атырау қаласы
Ашық тәрбие сағаты
Атырау 2016 ж
«Тәуелсіздіктің ақ таңы!»
Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізу жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен құрбан болғандарын студенттерге жете ұғындыру; студенттердің дүние кеңейті, Отанды сүюге, құрметтеуге, адамгершілікке, ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
1-жүргізуші
Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым –Ата заңым қабылданып.
Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 25 жыл толып отыр.
Құрметті қонақтар, ұстаздар, студенттер! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.
1-жүргізуші:
Қанша азапқа түсіп, қуғын-сүргінге ұшыраса да, қазақтың үш жүзі қайта бірігіп, жоңғарларға күйрете соққы берді. Бұдан кейін патшалық Ресейдің еліміздегі шырайлы егістік жерлерді күштеп басып алуға арналған отарлау саясатына қарсы күрескен халқымыздың қаһарман ұлдары: Сырым мен Кенесарының, Исатай мен Махамбеттің, Сыпатай батырлардың есімдерін мақтан етуіміз керек.
Тәуелсіздік мерекесіне орай құттықтау үшін сөз кезегін Атырау энергетика және құрылыс колледжінің директоры Темірташев Нұрғали Құмарұлына береміз.
1-жүргізуші:
Осыдан жиырма бес жыл бұрын егемендігімізді жариялып, Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы біздің яғни қазақ халқының аңсаған арманы еді.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Осындай нұрлы күнге қол жеткізгеніміз Желтоқсан оқиғасының нәтижесі.
1-жүргізуші Ән «Желтоқсан желі» орындайтын 21 топ студенті Сарсенбайқызы Әсел
Көркем сөз : «Тәуелсіздік» орындайтын 5 топ студенті Қамидоллаев Әзілхан
1-жүргізуші:
Желтоқсан айы кешегі дүркіреп өткен 1986-шы жылына дейін дүйім қазақ үшін желтоқсан атауы, және бір қыстың атауы еді. Кейін бұл сөздің мән-мазмұны да, құлаққа жетер әуені де мүлде өзгерді.
«Желтоқсан» десе – ақ, әрбір қазақтың көкірегінде небір көріністер қоздап қоя беретін болған. Ең алдымен «Желтоқсан желі» немесе «Қарабауыр қасқалдақ» деген мұңды да асқақ әуеннің сарыны алыстан талып естілер еді.
Келесі кезекте алдарыңызға студенттердің Тәуелсіздікке арналған өлеңдерін ұсынамыз
1-жүргізуші
Ия, Желтоқсан айы…Тәуелсіздіктің бізге оңай келмегені анық.
Енді осы кезеңнен қысқаша көрінісімізді тамашалаңыздар
Көрініс «желтоқсан жаңғырығы»
Студенттер үстел үстінде әнгіме айтып отырады.
(бос әңгіме айтып отырғанша, гитарамен ән айта отырайық- Жігіттің әңгімесі)
Екінші жігіт: Жігіттер мен қыздар оданша, басқа ән айтқанша өзімізідің туған жеріміз туралы ән айтайық! (Туған жер әні орындалады).
Осы кезде сырттан Ләззат келіп, жандарына отырып
Ләззат: Қыздар мен жігіттер бүгінгі жаңалықты естідіңдерме?
Екінші қыз: Ләззат кешігіп қайдан келесің?
Ләззат: Мен қарсы беттегі дүкеннен келемін, алаңға жастар жиналып жатырған көрінеді!
Екінші қыз: Бұл не жаналық?
Үшінші қыз: Қойыңдаршы қыздар, онсызда жақсы отырмыз. Оданда әнімізді жалғастырайық.
Ләззат: Қойындар әндеріңді. Жаңалықты қосыңдаршы!
Екінші қыз: Жарайды, Ләззаттың көңілін қалдырмай, радионы қосайық. (Осы кезде радио қосылады).
Радиодан жастардың көтеріліске шығып жатқандығы туралы хабарлайды.
Екінші жігіт: Орыннан турып олай болса бізде алаңға шығайық, бізде өз еліміздің патриоты емеспіз бе? Жүріңдер жігіттер!
Екінші қыз: Қазақ елін қазақ басқарсын! Бізде алаңға шығайық! Жүріңдер барайық! Бізде алаңға жиналайық!
Үстел басындағы жастар ұрандарымен алаңға аттанады. Сахна бос қалады.
Сахнаға полиция қызметкерлері әрлі-берлі жүріп, халықты басындармау керек, басындарсаң басқа шығады дұрыс па?
Қалған полициялар (дәл солай) деп қолпаштайды.
Осы кезде сахнаға жастар шығады. (Қазақты қазақ басқарсын. Колвин кетсін, Біз қарсымыз деген ұрандарын айтып жатады.)
Сахнада жастар мен полиция қызметкерлері арасында төбелес басталады.
Төбелес соңында полиция қызметкерлері көтеріліске шыққан жастарды ұрып-соғып , сүйреп сахна артына сүйреп алып келеді.
Сахна ауысады. Қайраттың үйі. Рөлде Қайрат. Жеңгесі. Достары
Қайраттың досы мен Жеңгесі үслет басында ас ішіп отырады.
Осы кезде даладан үйге Қайрат пен оның досы келеді.
Жеңгесі: Бармысың құлыным ау, қалайсың?
Қайрат: Бармын, алдыңа келіп тұрмын. Аманмын. (деп үстелге жайғасады)
Жеңгесі: Қайрат жан, мен сен туралы жағымсыз, әңгімелер естіп жатырмын. Сол жайлы айтсаңшы маған (деп жыламсырайды)
Қайрат: Жеңеше бұлардың барлығы өсек аяндаргой, сенбеңіздер!
Сол кезде есік соғылады.
Ішке екі милиция келеді.
Полиция: Салеметсіздерме? Біз Ішкі Істер органынан келдік. Қайрат Рұсқылбеков осы үйде тұрады ма?
Жеңгесі: Жоқ, жоқ еш қайда жібермеймін. Ата-анасына не бетімді айтамын. Құлыным қайда барасын деп жылап қала береді.
Пилиция қызметкерлері Қайратты күштеп алып кетеді.
Жеңгесі мен достары жылап үйде қала береді.
Арада бір ай өткен соң. Үйде күрсініп жылап отырған Қайраттың жеңгесіне даладан почташы қыз келеді. Сүйінші-сүйінші апа! Қайрат ағамнан хат келді.
Қарындасы: Апатай мен далаға ойнауға кеттім.
Жеңгесі хатты ашып оқиды.
Қайраттың хаты: Бауыр ет бауырларым,қадірлі қарындастарым.Өздеріңзге белгілі, мен жазықсыздан жазықсыз темір торға қамалғанымды. Түйедей жала жабу мен ату жазасын алғанымды. Иа, мен сіздерден еш жасырмаймын, мен 18 желтоқсан 1986 жылы алаңға бардым, көпшілікпен бірге. Барғанда да Қонаевтың күйін күйттеп барған жоқпын. Тек қана, ол жерге барған себебім, бар мақсатым, біріншіден, ол жерде не болып, не істеп, не қойып жатқанын өз көзіммен көру болды. Екіншіден, алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып-соғып, өлтіріп жатыр дегенді елден естіген соң, өз басым қолымды жайып «күл болмасаң, бүл бол» деп отыруға еркектік ар-намысым еш жетпеді. Ер қатарында ер қара боп, саны бар, сапасы жоқ боп, ербеңдеп жүрген намыссыз еркек мен емеспін, құдайға шүкіршілік, менің де көркейген кеудемде нағыз ерге лайық «намыс» баршылық. Оның үстіне «қыздың жолы жіңішке» деген. Менің түсінігімше, әйел адамға ер адамдар тұрмақ, аң екеш аңдардың, хайуандардың еркегі де ұрғашысына мүйіз, я болмаса тұяғын көтермейді. Ал, біз бәріміз де аң емес, адамзаттың ұлы-адамбыз, сондықтан, ер адам әйел затына қол жұмсауға тиіс емес, әуелі еш правосы жоқ. Міне, қысқаша айтқанда, осындай түсінікпен, әйел затына ер болып, өз қолұшымды беріп, көмектесуге, оларды арашалап-қорғау үшін барғаным рас. Ол үшін әлі күнге дейін еш өкінбеймін, керісінше, үлкен мақтаныш тұтамын. Бірақ та, Құдай өзі куә, адам баласын еш өлтіргенім жоқ. Мұндай айуандық жасаудың өзі, сормаңдай менің қолымнан келмейді. Еш уақытта, ешқашан да...
Ал, әйел затына айуандықпен қол көтеріп,шашынан тартып, көкпарша сүйрегені өте рас. Ол адам күні бүгінге дейін аман-есен зыр жүгіріп жүр. Өз қолыммен жасаған бар теріс қылық, бар қылмасым осы ғана». Мен өзімді қанша зар еңіреп айтқаныммен, еш ақтай алмадым. Менің өліміме тек жалқаулар мен тергеуші топтар кінәлі. Қош болыңдар! Сәлеммен, Қайрат!!!
Жеңгесі: Жас кеттіңгой жаным! Деп өксіп жылайды
Сахна ауысады.
Қайрат Рысқұлбековты тергеу.
Тергеуші: Завершенный Қайрат Рысқұлбековты шақырыңдар!
Екі қарауыл Жүр кәні деп жұлқып ортаға Қайратты алып келеді.
Қайрат: Жібер! Жіберіңдер!!!
Тергеуші:Сен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?
Қайрат: Егер ол көшелермен жүрмесем қайдан көрем?
Тергеуші: Советскийді сен өлтірдің бе?
Қайрат: Жоқ, мен өлтірмедім!
Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті.
Қайрат: Олай болса мені сол адаммен кездестір. Бұл өтірік жала.
Тергеуші: Ах, ты каприз нешастный, я тебе покажу өтірікті. Жала дейдігой еще. Әй, сен Рысқұлбеков сен Советскийді өлтірдім деп мойында. Сонда сенің жазаң жеңілдейді. Егер мойындасаң әкеңе тиіспейміз.
Қайрат: Жолдас тергеуші, мен өлтірмеген адамды қалай өлтірдім деп айтам. Адам түгілі тышқанды да өлтірмедім.
Тергеуші: Заключенный Рысқұлбеков сен ақымақ болма. Советскийді өлтірдім деп мойында. Бұл бірінші. Енді екінші менің қолыма 4000 теңге әкеліп бересің! Түсіндің бе, мақұлық?
Қайрат: Ауылда әзер күн көріп отырған ата-анамды қинағым келмейді. Не үшін төлеуім керек.
Тергеуші: Әкетіңдер! Мынаны атыңдар!!!
Орындарыңыздан тұрыңдар сот келе жатыр.
Сот: Қылмыскер Қ. Рысқұлбековті алып келіңіздер.
Ортаға Қайрат келеді
Сот: Қ. Рысқұлбеков айыпты деп табылып, Қазақ КСРО жоғарғы сотының 60 бабы мен 3 жылға бас бостандығынан айырылып, жазаның ең ауыр түрі өлім жазасына кесілсін. Рысқұлбеков соңғы сөзін айтсын.
Қайрат: Күнәдан таза басым бар.
21 де жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозтарғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар,
Қазақ деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Қайрат деген атым бар,
Еркек тоқты құрбандық,
Атам десең атыңдар!!!
Сот: әкетіңіздер! Атыңдар, көзін құртыңдар!!!
Сахна жабылады
1-жүргізуші
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,
Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, жас қайраты жас өркені халқымның!
Желтоқсан оқиғасы ешқашан көмескіленбейді. Себебі, тарихтан алар орны ерекше оқиға.
Ән: «Қара бауыр қасқалдақ» орындайтын 16-топ студенті Ғиззатов Ернар
1-жүргізуші:
Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда. Біздің отанымыз егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз- ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу.
Көркем сөз «Тәуелсіздік тізгіні берік қолда» оқитын 16 топ студенті Артурұлы Жанболат
Күй: «Көреғұлы» орындайтын Мұқтау Азамат
1-жүргізуші:
Тігілген соң Ақ Орда- шаңырағың
Тұғырыңа қонуда сан қыраның.
Отан деген оранып от құшаққа,
Кәусарыңа шөліңді қандырамын.
Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек деп, біз бүгінгі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты іс-шарамызды аяқтаймыз
Ән: «Атамекен» Хор