СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Тілге құрмет-елге құрмет»

Нажмите, чтобы узнать подробности

иииииииииииииииииииииииииииииииииииииииии ььььььььььььььььььььььььььььььььььььььь

пппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппп ллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллл ьььььььььььььььььььььььььььььььььььььььь рррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррр гггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггг щщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщ бббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббб

Просмотр содержимого документа
«Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Тілге құрмет-елге құрмет»»

Өтешова Рамиза Жұмағалиқызы

Ақтөбе қаласы №49 ЖББОМ

бастауыш класс мұғалімі




Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Тілге құрмет-елге құрмет»

Тәрбие сағатының мақсаты:

  • жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру;

  • ана тілі туралы өлең, нақыл сөздерді оқыту арқылы оқушылардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту;

  • ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу;

Көрнекілігі: «Тілге құрмет-елге құрмет» қабырға газеті, ҚР мемлекеттік рәміздері, ақын-жазушылардың суреттері мен нақыл сөздері, мақал-мәтелдер, жұмбақ жинақтары, тапсырма-сұрақтары, «Тәуелсіздіктің таңғажайыптары» шығармашылық көрмесі, қазақтың ұлттық киімдері

Әдісі: Топтық жұмыс,жарыс, түсіндірме жұмыстары

Тәрбие сағатының барысы: Ана тіліміз-қазақ тілі. Тіл – кез-келген ұлттың мақтанышы, ұлттық белгісі.Ұлан байтақ жеріміз, еліміз, ана тіліміз бар. Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-ана тілі» деп жазылған.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылғы 20-қаңтардағы Жарлығына сәйкес «22 қыркүйек Қазақстан халықтарының күні» ретінде аталып келеді.Тіл-халықпен бірге дамиды.

1-жүргізуші:Тіл-халықтың жаны.Тіл құрыса халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілдің жоғалуынан басталады.

2-жүргізуші: Ел тағдырын шешкен дана билер, шешендер тіл құдіретін көп танытып, асыл сөздер мен ұлағатты пікірлерді ғасырдан-ғасырға жоғалпай жеткізіп, халықтың асыл қасынасына айналдырған.

Мұғалім: Олай болса, балалар еске түсірейік, қазақта неше жүз бар?

Ұлы жүз,Орта жүз, Кіші жүз дұрыс айтасыңдар? Әр жүздің билері бар, солай ма? Оқушылар жауап береді

Ендеше, сол билердің ауылы болып топқа бөліне қояйық.

1-топ: Төле би ауылы

2-топ:Қазыбек би ауылы

3-топ: Әйтеке би ауылы

Бүгінгі тәрбие сағатында біздердің қай топтың шешен екендігін байқаймыз.

1-жүргізуші:

Әрине, тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қаперсіз болған емес. Жиырмасыншы жылдарда тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан,Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкіл қозғалыс-соның айғағы.

Топтарға ақын-жазуларды ататқызу

2-жүргізуші:

Тіл-халықтың тарихы, тіл- ұлттық қазына, тіл- біздің намысымыз,арымыз, байлығымыз.

1-жүргізуші:Тіл-мәдениет, тіл-әдебиет, тіл-тарих.Енді бір сәт әдебиетімізге көз салайық.Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ асайық.

1-оқушы: Ғабиден Мұстафин:

Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді.

2-оқушы: Ғабит Мүсірепов:

Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашығынан да қол үзеді.

3-оқушы:Мұхтар Әуезов:

Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу-мәдениетсіздік.

4-оқушы: Бауыржан Момышұлы:

Анамыздың ақ сүтімен дарыған ана тілімізді ұмыту-бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту.

Тағы басқа ғұламалардың сөзін тыңдау.

1-жүргізуші:

Енді кезекте қай топтың тіл туралы жыр-шумақтарды көп білетіндіктерін байқап көрелік.

Мәнерлеп оқу.Өлең- жырдан шашу


1-оқушы:

Әр адамда өз анасынан басқа

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері-түп қазығы, айбыны,

Туған тілі-сатылмайтын байлығы

Туған дәстүр, салт-санасы-тірегі

Және туған тарихы, еске алуға қаншама



2- жүргізуші:

О, адамдар, қадіріне жетіңдер!

Ана тілің- анаң. Сыйлап өтіңдер!

Туған тілін танымаған көрсоқыр,

Болып өтер ертең мәңгі өкінер.


3- оқушы:

.


Мұғалім: Енді ары қарай тәрбие сағатымызды сайыс түрінде өткізбекпіз. Ойын «Туған күн» деп аталады.

Ойын барысында ең білімді, алғыр оқушыға мемлекеттік туды көтеруге рұқсат береміз. Ала қоржыннан тапсырмаларды берелік.


І. Сұрақтарға жауап беру

1) Тіл мерекесін күнін қашан тойлаймыз?

2)Мемлекеттік тіл қай тіл?

3)Халықаралық қатынас тілі?

4)Білім күні қай күн?

5)Еліміздің Ата заңы қай жылы қабылданды?

6)Мектепте оқитын тілі пәндерінің аты?

  • Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).

  • Абайдыңтуғанжылы? (1845).

  • Қазақдаласыныңжарықжұлдызы? (Шоқан).

  • Ақылдысөзініңтүбірі? (ақыл).

  • Қазақалфавитінжасағанғалымкім? (А. Байтұрсынов).

  • Ұлттықкиімдерқалайаталады? (тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон, ішік, кимешект.б.).

  • Қазақхалқыныңсалт-дәстүрлеріната? (шілдехана, бесік той, тұсаукесу, құдатүсу, келінтүсіру, қызұзатут.б.).


ІІ Мақалдарды жалғастыр

1)Ана сүті бой өсіреді (ана тілі ой өсіреді).

2) шебердің қолы ортақ (шешеннің тілі ортақ).

3)Ақыл көркі- тіл (тілдің көркі- сөз).

4)Бас кеспекболса да (тілкеспекжоқ).

5)Таяқеттенөтер (сөзсүйектенөтер).


ІІІ Ойды жалғастыр:

Шешен болам десеңіз............

Білімдінің......................................

Шешеннің.............................................

Ана тілім...............................................

Байлығым да.........................................

Арман керек адамға.................................

Еріншек.....................................................

Жалқау.......................................................


IV Тапқыр болсаң, тауып көр.

Әрбір топтан салт дәстүрлер туралы сұрау:

1-топ: Шілдехена, бесік той

2-топ: Беташар, сүндет той

3-топ: Байғазы, тұсау кесу


V Әнді сйсең, менше сүй...

Әр топ Қазақтың халық әндерінің бірін орындау


VI Сөзжұмбақ шешу


Қорытынды.


«Менің қосар үлесім» деп аталады.

Бұл- даналық ағашы деп аталады. Осы ағаштарды жемістермен толтыруларымыз керек. Жеміс ол-сіздердің болашақта қосатын үлестеріңіз.Болашақта тіліміздің жоғалмауы үшін, жарқырап дамуы үшін қандай үлес қосқан болар едіңдер? Соны жазып даналық ағашына жабыстыруларыңыз керек.

Үйге тапсырма:

«Тілім менің-тірлігімнің тірегі» тақырыбында эссе жазып келу

Мұғалім: Нұрсұлтан Назарбаев: «Тіл- ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан, бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой. Ендеше ата- баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру- мына баршамыздың міндетіміз. парызымыз.

«Тіл- халықтың алтын діңгегі» дейді халық даналығы. Ана тіліміз біздің ғасырдан ғасырға, заманнан заманға аман жеткізген бірден бір арымыз да, нарымыз да».

Жүргізуші: Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылықІ

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда

Хормен: Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.