Сергіту сәті
Сәлем мен шайнекпін(бір қолымен шүмегін, келесі қолын беліне қояды)
Өзім үлкен, жуанмын
Міне менің қолым(беліндегі қолын көтеріп,қайта беліне қояды)
Міне менің мұрным(қолымен шүмегінкелтіріп көрсетеді)
Шай қайнады Пф-пф-пф(секіреді,дыбыстайды)
Енді оны құямын (шүмегіне қарай бір жағына қисаяды)
Жарайсыңдар балалар, енді біз «Дастархан әзірле» ойынын ойнайық.(Балаларды 3-4 баладан топтастырады, тәулік мезгілі бойынша бөліп, дастархан мәзірін жасауды өтінеді)
Балаларға көмек береді.
- Таңғы асқа дастарханға қандай ыдыстар қажет? Онымен не істейміз
Жұмыс дәптерімен
Жұмыс дәптерінен тапсырма орындауға балаларды отырғызады. Шартын түсіндіреді.
«Ұйқасын тап» дидактикалық ойыны. Тәрбиеші -шайнек, табақ, кесе,қасық суреттері бар плакатты көрсетіп:
Ақ-ақ-ақ қандай үлкен...(табақ)
- конфет, май, шұжық, қант суреттерін көрсетіп:
Ға-ға-ға қант саламын ....(шаға)
Тірек сызба қолданып жаңылтпаш жаттату.
Кеше шеше
Неше кесе
Сынды шеше?
«Қарама-қарсы» дидактикалық ойыны. (көрнекі суреттер қолданады)
(Сүтқұйғыш-ұзын,қысқа; табақ-жайпақ,шұңғыл; кесе –үлкен, кішкене)
|