СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Астана - ару қалам!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Астана- еліміздің бас қаласы! Астана - ару қалам!

Просмотр содержимого документа
«Астана - ару қалам!»

Тақырыбы: «Астанам-бас қалам»

Мақсаты: Қазақстанның бас қаласы-Астана туралы түсінік беру. Елорданың керемет ғимараттарын таныстыру, есте сақтау қабілетін дамыту. Балаларды Отансүйгіштікке, туған елді аялауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Астана қаласындағы биік ғимараттарының суреттері, слайд, пішіндер, бәйтерек бейнесі қиылған қима қағаздар, жалауша, Қазақстан Республикасының рәміздерінің суреттері.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, жапсыру, дидактикалық ойындар.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеттері

Мотивациялық қозғаушы

Балалармен амандасу.


Шаттық шеңберіне тұрғызамыз.


Қане, бәріміз бір-бірімізге жылу берейік, және оны бойымызға дарытамыз.


Балалар тәрбиешілермен амандасады.

Шеңберге тұрып барлығы бірге:

Армысың алтын күн,

Армысың Жер-Ана!

Армысың Көк аспан,

Армысың Жан досым!

Міне, менің қолым,

Жылуыма жылу қос!

Бір-біріне алақандарын тигізіп, жылуын сыйлайды.


Іздену-ұйымдастырушылық

-Балалар Отан дегеніміз не?

-Балалар, біздің еліміз қалай аталады?

-Елімізді кім басқарады?

-Біздер еліміздің рәміздерін білеміз бе?


Әнұран орындалады.


Слайдтан мемлекеттік рәміздердің суреттері көрсетіледі.

-Балалар, бұл не?

-Тудың түсі қандай?

-Тудың пішіні қандай?

-Туымызда нелер бейнеленген?

-Елтаңбаның пішіні қандай?

-Елтаңбаның ең жоғарғы бөлігінде не бар?

/Пішіндерді алдарында тұрғанқима қағаздарда берілген пішіндер бойынша көтеріп көрсетіп айтады/

-Жарайсыңдар, балалар, ал біздің елімізде қандай қалалар бар?

-Еліміздің бас қаласы қай қала?

-Дұрыс айтасыздар! Ендеше, біз бүгін бас қаламыз-Астана қаласы туралы, Астанадағы зәулім ғимараттар туралы мәліметтер алып, суреттерін тамашалаймыз.

-Барлығымыз назарымызды экранға салайық. /слайдтан Астана қаласының көшелерінің суреттерін көрсету арқылы Астана жайында жалпылама түсінік беру./ Еліміздің астанасы-Астана қаласы 1997 жылғы 20 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы боп жарияланды. 1998 жылы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді. Еліміздің бас қаласының ортасында Есіл өзені ағып жатыр. Өзеннің екі жағы қала халқы демалатын жағажайға айналды.Зәулім ғимараттар бой көтерді. Еуропаның жүрегінде аққудай салынып, тотыдай таранып бой көтеріп келе жатқан жаңа қала. Ол болашақта ең әдемі, сұлу, әйгілі қала болмақ.


-Балалар сендер бас қаламыз жайында қандай тақпақтар білесіздер? /тақпақтар оқылады/


























-Жарайсыңдар! Ал, бұл – қорапша. Қорапшада Астананың әдемі, зәулім ғимараттарының фотосуреттері мен ол туралы мағлұматтар бар екен. Бірақ қорапша ашылмайды. Ашу үшін біз бір «Кім қырағы?» атты тапсырманы орындауымыз керек. /Астана көшесі бейнеленген екі бірдей суреттен айырмашылық табу керек/.

-Керемет балалар, сендердің қырағылықтарыңды байқадық. Қорапшамызда ашылды. Ал енді қорапшадағы фотосуреттерді тамашалайық /фотосуреттегі ғимаратпен таныстыру/

1. Бұл-Астана әуежайы. Астана әуежайы – Қазақстандағы ірі әуежайларының бірі, барлық шет елдерге ұшақтар қатынайды. Әуе көлігінің барлық түрлерін ұшырып, қондырады.

2. «Ақ Орда»-Қазақстан Республикасы президентінің резиденциясы. Бұл ғимаратта көп министр ағалар жұмыс жасайды.

3. «Астана – Бәйтерек» – Астанадағысәулет өнерінің бірегей туындысы. Оның негізгі идеясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м, диаметрі 27м, негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70т, ал алтын шардың үстіңгі ауданы 1553 м.

4. «Қазақ Елі» монументі- ұзындығы 91 метр. Бұл еліміздің тәуелсіздік алған жылын білдіреді. Оның ұшар басына Самұрық құсы қонып тұр. Бұл тәуелсіз Қазақстанның дамуға, гүлденуге ұмтылған ынта-жігерін бейнелейді. Сондықтан алып сәулетті-мүсін кешенінің «Қазақ Елі» атануы да тегін емес. Бұл – тәуелсіздіктің символы.

5. «Нұр-Астана» мешіті – Есілдің сол жағалауындағы еліміздің бас мешітінің алтынмен апталған негізгі күмбезінің биіктігі-43метр, өзге кіші 25 күмбезі бар, биіктігі 63м төрт мұнарасы бар. Мұнда бір мезгілде 10мың адам намаз оқи алады.

6.Пирамида-Қазақстандағы ғұмыр кешіп жатқан 130 ұлттың және 40- тан астам конфессиялардың келісімдері мен татулықтарының да символы. Сондықтан ол «Бейбітшілік пен келісім» сарайы деп те орынды аталды.Атақты ағылшын архитекторы Нормен Фостердің жобасы әлемнің барлық құрлықтарынан байқауға келіп түскен 48 туындының арасынан жеңіп шыққан . Астана Пирамидасының биіктігі 75 метр де, аумағы 25,5 мың шаршы метр.Пирамида ішінде 1350 көрерменге арналған опера залы, сахнаның алдында 80 адамдық оркестр орыны бар.Ғимараттың ортағы бөлігінде Атриум залы, Бесік залы орналасқан.Астанадағы Пирамиданың сырт тұлғасы Египедтегі алып құрылыстарға ұқсағанымен,оның ішкі мазмұны мен салыну мақсаты тек қана адамзат бақытына арналған.

-Дараланып әлемнің картасында

Сары бел Сарыарқаның ортасында.

Астана ертегідей ғажаптанды,

Кемеңгер Нұр ағаның арқасында!

Ия, балалар, осындай кереметтей астанамыздың ғажайып ертегідей бой көтеруі ел басшысы, президентіміздің арқасында.

Сергіту сәті.
Отанымның тірегі,
Астананың жүрегі,
Мақтан етем өзіңді
Бәйтерегі киелі.

-Ал, енді балалар «Тез ойлан»атты ойын ойнайық. «Астана» деген сөздің әр әрібіне сөз ойлаймыз. Мысалы: «А»-алма, ата, ана т.б; «с»-сағат, сырға т.с.с.

-Жарайсыңдар!


-Сендердің алдарыңа ақ парақ пен желім берілген. Сонымен бірге Астана қаласындағы жоғарыда танысып өткен ерекше монумент «Бәйтеректің» бөліктері берілген. Сол бөліктерді құрастырып, ақ параққа жапсырамыз. /«Бәйтерек» бейнесін жапсыру/

Балалар тәрбиеші сұрақтарына жауап береді.





Әнұран орындайды.


Балалар назары тәрбиешіде, сұрақтарына жауап береді. Алдарында тұрған пішіндерді көтеру арқылы ту мен елтаңба пішіндерін көрсетеді.


















Балалар экранға назар аударып, мәліметтерді мұқият тыңдайды.



























Балалар Астана туралы тақпақтарын айтады.

Данияр:

Астана арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады ол жап-жас болып

Мен үлкен болғанда да.

Алуа:

Төкті оған нұрын дала,

Астана сұлу қала.

Біз оны анамыздай

Сүйеміз шынында да.

Дәулет:

Шырқап көкке асқан – ән,

Болашаққа бас қадам.

Қазақ рухын биіктет,

Ей, бас қалам-Астанам!

Инайя:

Отанымның төрінде

Сарыарқаның өрінде.

Ту ұстаған Астанам,

Әсем қалам-бас қалам.

Арсен:

Әуелейді асқақ ән,

Болашаққа бастаған.

Мәртебемсің сен менің

Айналайын Астанам!


Қорапша ашылу үшін тапсырма орындайды. Екі бірдей суреттерден 3 айырмашылық табады.








Қорапша ашылып, балалар Астананың зәулім ғимараттарының фотосуреттерін тамашалап, тәрбиешіде олар туралы мағлұматтар алады.





































































































Балалар сергіту сәтін орындайды.





Балалар тәрбиеші көмегімен «Тез ойлан» ойынын ойнайды.






Балалар тәрбиеші түсіндірмесі бойынша және көмегімен жапсыру жұмысын орындайды.





Рефлексивті коррекциялаушы

Балалардың жұмысын жинап алып, мақтау сөздер айтып, көрме ұйымдастыру.

Оқу іс-әрекетін суретті сөзжұмбақ арқылы қорытындылау. /Сандармен белгіленген шаршыларды таңдайды, әр шаршы артында жасырынған сурет бас қаладағы қай ғимарат екенін табады./


-Жарайсыңдар, балалар! Барлығыңыз бүгінгі оқу іс-әрекетіне белсене қатыстыңыз. Барлық балаларды жақсы қатысқандары үшін жұлдызшалармен марапаттаймын.

Балалар жұмыстарын тәрбиешіге тапсырады.


Суретті сөзжұмбақты шешеді.







Балалар жұлдызшалармен марапатталады.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Еліміздің бас қаласы туралы мәліметтер білуі, әртүрлі зәулім ғимараттарын тануы;

Болуы керек:Оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығы;

Қолынан келуі керек:Астана туралы тақпақтарды жатқа айтып білуі керек, тәрбиеші түсіндірмесін мұқият тыңдап ойындар мен тапсырмаларды, жапсырма жұмысын тиянақты дұрыс орындай білуі.