СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Ата-ана мен балабақша арасындағы ынтымақтастық"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл кеңесте балабақша мен ата-ананың өзара қарым-қатынасы туралы берілген.

Просмотр содержимого документа
«"Ата-ана мен балабақша арасындағы ынтымақтастық"»

Балабақша мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастық.

Конец формы

Жас ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы.Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс құбылыс емес, ол қоғамның заманның бағыт-бағдарымен,тыныс-тіршілігімен жүріп отырады.Ұлттық тәрбиенің негізі балаға ана тілімен ана сүтімен, бесік жырының әлдиімен беріледі.Ал балабақшада балаға әр бүлдіршіннің тілге, ілім, білімге деген жеке дара бейімділігімен қызығушылығын дамыта отырып,ойлау қабілеттері мен танымдық қабілеттіліктеріне қалыптастырады. Балабақша мен ата-ана ынтымақтастығы бірін-бірі қос өзеннің сағасындай толықтырады десек те болады.

Ата-ана сұранысымен талап-тілектерін қанағаттандыра отырып, біліммен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізінде жұмыс жасау керек.

Жас бала дегеніңіз ол-ұрығын жарып жаңа көктеп келе жатқан жас шыбық іспетті де,ал тәрбиеші болсажаңадан көктеп келе жатқан нәзік шыбықты күтуші бағбан іспетті.Бала тәрбиесі отбасынан басталып, балабақшадан жалғасын табады.Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады,ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан бала бойынан жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық,яғни адамгершілік құнды қасиеттеді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікте тәрбиелеуде отбасы мен балабақша шешуші ролъ атқарады.

Ұлтымыздың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты екендігі шындық,

Балабақшаның ата-аналармен жұмысын ұйымдастыру нысандары әртүрлі болуы мүмкін,Жұмыстың бұл нысандары мен әдістерінің барлығы педагогтық тұрғыдан негізделгендігі және ынтымақтастық пен өзара іс-әрекеттің біртұтас жүйесінде бірін-бірі толықтырып отыруы қажет.Барлық типтегі балабақшалардағы ата-аналармен жұмыстың кең тараған түрлері жиналыстар, конференциялар, біріккен шаралар, отбасылық кеш, сайыс тағы басқалар.

Балабақша мен ата-аналардың бүлдіршіндердің бойында елжандылық,Отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудағы ынтымақтастығын нығайту мақсатында жүргізілетін жұмыстарды мен мына бағытта қойдым.

1.Әкімшілік-ұйымдастыру жұмыстары

2.Психологиялық педогогикалық кеңес беру жұмыстары

3.Ақпараттық әдістемелік жұмыс

4.Диогностикалық талдау

Әкімшілік ұйымдастыру жұмыстары балабақшаның және топ тәрбиешісінің, ата-аналар кеңестерінің іс-әрекетін ұйымдастыру ата-аналар қаулысын балабақшаның жұмысшы ұйымдарына тарту және іс-әрекетке бағыттау. Бұл балабақша өмірін жандандыра дамыта түсетіні анық, ол іс-шараларды тәрбиенің мына қырларынан көруге болады.

1.Салауатты өмір салтын қалыптастыру

2.Әкелер мектебі

3.Аналар мектебі

4.Әжелер мектебі

Өзімнің іс тәжірибеме бала тәрбиесіне әкелерді жұмылдыру.Оларды балабақша бағдарламасына тарту үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді және көп жағдайда балабақшаның ішкі жұмыстарына әкелерді тарту қиындау. Осы мақсатты жүзеге асыру мақсатында әкелер клубының үйірмесінің жұмыс жоспарын құрдым.

Негізгі міндеттері.

1.Тәрбиешінің топ ата-аналарымен құрамын зерттеу.

2.Ата-анамен тұрақты байланысып отыру.

3.Әкелер клубының құрамын құру .

4.Ата-аналармен педогогиалық білім дәрежесі мен мәдіниетін үнемі арттырып отыру.

5.Үштік Одақ(бала,әке,ата).Тәрбиеші жұмысын жандандыру.

Атқарылатын қызметі.

Ата-аналарды топтағы оқу -тәрбие процесінің мазмұны мен әдістемесімен таныстыру. Отбасы тәрбиесі туралыы ата-анаға педагогикалық және психологиялық кеңес беру.

Психологиялық педагогикалық кеңес беру жұмысы.

Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық білім жүйесін меңгеруіне, балалардың әлеуметтік ортадағы мінез- құлқын білуіне қарай ағартушылық көмек көрсету.

Олар:

*Лекциялар мен әңгімелер.

* Жеке кездесу.

*Психологиялық тест.

Ақпараттық әдістемелік жұмыс.

Ата-аналарға тәрбие мәселелері бойынша әдістемелік көмек беру. Ақпарат құралдарына балабақша өмірі, отбасы тәрбиесі мәселеріне байланысты мақалаларды жариялау, ата-аналар қауымына арналған ақпараттық және әдістемелік жарнамалар шығару.

1.Ата-аналарға арналған қабырға газетін шығару.

2.Маман дәрігерлермен кездесу.

3.Балалардың(ашық есік күні) сабақтарына қатысу.

Диагностикалық талдау жұмыстары.

Ата-аналармен өзара іс-әрекеттің ең қызықты әрі жауапты бағыты. Тәрбиеші өз тобының ата-аналармен жан жақты зерттеп, олардың педогогикалық білім дәрижелерін, отбасындағы қарым-қатынас деңгейін анықтау арқылы жыл бойы атқарылуға тиісті жұмысты тиімді жоспарлауға мүмкіншілік береді.

Диагностикалық зерттеулер:

*Топқа көмегі.

*Өз баласына ықпалы.

*Ата-аналарды топтау.

*Балабақшадағы оқу тәрбие процесіне көзқарасы.

Осы іске асырған жағдайда ата-аналармен балабақшадағы тәрбиеленушілердің арасындағы ынтымақтастық нығая түседі.

Бұқаралық мәдени жұмыс.

Ата-аналарды балабақша ішілік, топтың дәстүрлі іс-шараларына барынша көбіріек қатыстыруға бағытталу керек.Ата-ананы ынтымақтастық, серіктестікке шақыра отырып, балабақшадағы әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыруда ата-аналарды тарту. Бұл шарада біздің балабақшда өз орнын тпаты деп есептеймін.Әр мерекелік ертеңгіліктерге ата-аналар көріністерді, образдарды балалармен бірге отырып, сақыналап көрсетеді. Мысалы ретінде «Наурыз» мерекесін тойлау кезінде, әжелер наурыз көже дайындап,балалармен, тәрбиешілермен мерекені тойлауы баларға үлкен әсер етті.Баланың бойында адамгершілік,елжандылық қасиеттерді қалыпқастыруда ата-анар мен ынтымақтастыққа өткізілетін жұмыс түрлерінен әкелер мектебі мен аналар мектебі жанұя мүшелерінің жетістіктерін мақтаныш етеді.

«Мен және менің жанұям» көрмесін,Респуплика күніне орай ата-аналардың қатысуымен өткізілген «Достық жәрменкесі», «Өнерлі отбасы» байқауы,әртүрлі спорттық жарыстар «Спортпен достасқаның,күшіңе күш ұқосқаның», «Әке шеше және мен» тағы басқа мерекелерді аиап айтуға болады. «Өнеге отбасымен балабақшадан» атты іс-шарадан ата-ана, бала, тәрбиеші арасындағы үштұғырлықты бекіту мақсатында өткізіліп, ата-ана мен балабақша ынтымақтастыған нығайта түстік.Көркейту—көгалдандыру айлығында әкелермен бірге «Әр сәбиге бір ағаш» атты акция өткізілді.

Ата-ана жұмысын бұлайша ұйымдастырудан біз қандай нәтиже алдық.

1.Ата-ана өзін мазалап жүрген сұрақтарына тәрбиішімен бірге жауап таба білді.

2.Жаттанды білім алу мен бірлесе оқудың айырмашылығын білді.

3.Психологиялық ерекшеліктерді,қабілеттері әртүрлі болатыны туралы білді.

4.Балабақшада педагогикалық сенім күшейді.

5.Тікелей балабақша жұмысына араласуы арқалы ата-ананың педагогикалық-психологиялық тақырыпқа қызығушылығы оянды.Ата-анармен жұмыстың балабақшада маңыздылығы неде?

6.Оқу тәрбие жұмысын ата-анамен бірлескен әрккетінің негізінде құрыды әлде де одан әрі дамыту.

7.Ата-ананың бала тәрбиесіндегі белсенділігін арттыру.

8.Ата-ананы бала психологиясының ерекшелігіне, көңіл-күйіне мен беруге бағыттау.

Балаларды тәрбиелей отырып, қазіргі ата-аналар,тәрбиешілер еліміздің болашақ тарихын, демек дүниенің тарихын естен шығрмау керек.