ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА, СІЗДІ ПІКІРАЛМАСУГА ШАҚЫРАМЫЗ
1. Бір жолы Ағын өзінің достарымен жанжалдасып қалады Жанжалдың түбі қол жұмсауға дейін ұласып, жақын досын соққыға жығып, қатты жаракаттайды. Бұл келеңсіз оқиғаны оның ата-анасы өзгелерден естіп біледі. Сосын баласын қасына шақырып алып сұрайды:
- Балам, сенің ойынша, осы әрекетің дұрыс деп ойлайсың ба?
- Иә, дұрыс деп ойлаймын. Оған керегі де сол болатын.
- Осындай әдіспен сен оны жеңемін деп ойлайсың ба?
- Иә.
- Ай, балам-ай, ілгеріде не істесең де біз сені қолдайтынбыз, бірақ бұндай шектен шыққан басбұзарлығыңды анаң екеуміз мүлдем құптамаймыз. Қайта кіналаймыз. Ендігәрі мұндай іс жасамайды деп ойлаймыз,- деп жауап қайтарды әкесі.
Баланың әрекетіне баға беріңіз.
Сіз баланың ата – анасы болсаңыз не істер едіңіз?
2. Серік футбол ойнап жүріп, қызығына құлай берілгендігі соншалықты байқаусызда көршінің терезесін сындырып алады. Мұны көрген әкесі баласын қасына шақырып алып:
- Иә, балам, сонымен не істегеніңді айтшы? - дейді.
- Әке, мен терезені әдейілеп сындырған жоқпын. Байқамай калдым.
- Мен сенің әдейі істемегеніңе сенемін. Бірақ балам, есіңде болсын, футбол заңынан басқа да мына өмірде зандылықтар бар. Енді өзіңе қандай жаза лайық деп ойлансың? Серік не айтарып білмей тосылып, төмен қарады.
Осы жағдайда әкесінің әрекетін қалай бағалайсыз? Ересектердің осындай қарым-қатынас жасауы болашақта баланың дамуына қалай әсер етеді?
АТА-АНАҒА АЙТАРЫМЫЗ...
1. Балаңыздың өмірі, әрбір сәті Сізді үнемі қызықтырып отыратындай болуы керек. Балаңыздан не болып жатқанын, өзін қалай сезінетінін, не ойлап жүргендігі туралы сұрап, біліп отырғанның артықшылығы мол. Бірақ үмемі қадалып, қазбалай сұрай берудің қажеті жоқ. Бұндай жағдайда бала бейне бір тұтқынның халын кешкендей болады. Ата-ана әр нәрсенің шегін білуі тәрбиенің алтын заңы болып саналады. Сіз баланыздың қиналып, қысылғанда бірінші көмек сұрайтын адамына айналған жағдайда ғана ата-ана мен бала арасында шынайы қарым-қатынас орнайды. Балаңыз сізден қысылып, ұялуы мүмкін. Ондай жағдайда балаңызға жылы сөз айтып, аялап, Сіз оған қандай жағдайда да көмек бере алатыныңызға сендіруіңіз, бала бойында сенімділік орнап, сезімі қанаттанады.
2. Балаңызбен жиі бірге болуға тырысыңыз. Сіздің жан жылуыңыз бен аймалауыңызды қажетсінген кездерде сырт айналмаңыз.
3. Кештерді балаңызбен бірге өткізуге тырысыныз. Осындай кешгерде баланыздың ішкі жан-дүниесінде болып жатқан өзгерістерді біле алатын боласыз. Бала жайлы да мамыржай кештерде өзінің немен айналысқаны туралы әңгімелеседі. Мұндай кездерде баланы зор ықыласпен тыңдай білу керек.
4. Балаңыздың қате басқан қадамы болса, оны бірден жазалауға ұмтылмаңыз. Жазалау баланы дұрыс шешімге тартудағы ең соңғы әрекет болу керек. ІІІын мағынасында, жазалау - бала тәрбиесіндегі дөрекі де өнімсіз құрал. Жазалауды қолдана қалған жағдайда бала соның байыбына баратыңдай болуы қажет.
5. Өзіңіздің балаңызға деген махаббатыңызды сездіруден жасқанбаңыз. Оны тек қана сөзбен емес, көзбен, қимылмен, кззқараспен көрсету де ұтымды болмақ.
6. Балаңыздың ішкі жан-дүниесі өте нәзік те сезімтал екендігін есіңізден әсте шығармаңыз. Ішкі жан-дүниедегі құбылыстар, талпыныстар, түрлі өзгерістер оның болашақта тұлға ретінде қалыптасуында үлкен рөл ойнайтынын ұмытпаңыз.
7. Бала тәрбиесі ізгілік пен адалдыққа құрылғаны абзал.