СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Ата салты? – халы?ты? ?алпы?"

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Ата салты? – халы?ты? ?алпы?.

Саба?ты? ма?саты:  О?ушылар бойына хал?ымызды? рухани байлы?ын, салт-д?ст?рлері, асыл ?азыналары, асыл м?раларын сі?іру, ?лтымызды? д?ст?рлерінен ?лгі ала отырып,  о?ушыларды ?лтты? салт-д?ст?р ?лгісінде т?рбиелеу.

 

К?рнекіліктер: к?рме, плакат, бейнек?рініс, слайд т.б.

1-      ж?ргізуші: Ата салтым – асыл м?рам, арда?ым,

Бабаларды? жал?астырар арманын.

Сан ?асырда ?алпын б?збас ?адірім,

?ткенімді б?гінменен жал?адым.

2-      ж?ргізуші: ?аза?ымны? салт-д?ст?рі жа??ыр?ан,

Т?лімді ой сына?ы, т?рбие к?зі ?алдыр?ан.

Салт-д?ст?рді арда?тайы? а?айын.

?аза? атты ?лкен, кіші, балдыр?ан

Жиналыппыз с?ті к?ні б?ріміз де,

?лкен, кіші, жасымыз, к?ріміз де.

Т?рлеті?із ?адірменді ?она?тар,

 

Г?л –г?л жайнап мына бізді? т?рімізге....

         1-о?ушы: С?йінші! ?уанышты хабар жеткізуші адам С?йінші! С?йінші! деп келеді. М?ндайда ?уан?ан ?й иесі ?ала?аны?ды ал,- дейді. Немесе о?ан риза болатындай сыйлы? ?сынады. Б?л шын ?уануды?, ризашылы?ты? белгісі.

         2-о?ушы: Шашу! ?уаныш ай?а?ы ретінде жасалатын салтанаты д?ст?р. Бала д?ниеге келгенде, келін т?скенде, ??да келгенде, осындай ?уанышты к?ндерде т?ттілермен, к?міс тиындармен ?йелдер шашу шашады.

         3-о?ушы: ?она?асы – Хал?ымызды? ?леуметтік, т?рмысты? жа?дайында?ы ерекше ?ымбат д?ст?рі – ?она?жайлылы?. ?йіне келген ?она?ты ??рметпен ?арсы алып, мал сойып ?она?асы беру-жомартты?ты?, елдікті? ?лкен белгісі.

 

         4-о?ушы: Сыба?а. ??рметті ?она??а немесе ?здеріні?, жа?ын-жуы?ына арнап са?та?ан к?делі ет  м?шелері сыба?а деп аталады. ?лкен а?са?алдар?а, ??далар?а, жолы ?лкен адамдар?а сыба?а ?дейі са?талады.....

 

Просмотр содержимого документа
«"Ата салты? – халы?ты? ?алпы?"»

Сабақтың тақырыбы: Ата салтың – халықтық қалпың.

Сабақтың мақсаты:  Оқушылар бойына халқымыздың рухани байлығын, салт-дәстүрлері, асыл қазыналары, асыл мұраларын сіңіру, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі ала отырып,  оқушыларды ұлттық салт-дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: көрме, плакат, бейнекөрініс, слайд т.б.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

а) қонақтар шақыру;

ә) бөлмені даярлау, безендіру.                

 

  1. жүргізуші: Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.

  1. жүргізуші: Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын.

Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған

Жиналыппыз сәті күні бәріміз де,

Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де.

Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,

Гүл –гүл жайнап мына біздің төрімізге.

  1. жүргізуші: Құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатының негізгі мақсаты өз халқымыздың салт-дәстүрлері, асыл қазыналары, асыл мұралары туралы оқушыларымызға түсіндіріп, бойларына сіңіру болып табылады.

  2. жүргізуші: Тәрбие сағатымызды бастай отырып, ата-бабаларымыз өз ұрпақтарының бойына қалыптастырып кеткен салт-дәстүрлер жайлы оқушылардың түсініктерін біле кетсек.



         1-оқушы: Сүйінші! Қуанышты хабар жеткізуші адам Сүйінші! Сүйінші! деп келеді. Мұндайда қуанған үй иесі қалағаныңды ал,- дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл шын қуанудың, ризашылықтың белгісі.

         2-оқушы: Шашу! Қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанаты дәстүр. Бала дүниеге келгенде, келін түскенде, құда келгенде, осындай қуанышты күндерде тәттілермен, күміс тиындармен әйелдер шашу шашады.

         3-оқушы: Қонақасы – Халқымыздың әлеуметтік, тұрмыстық жағдайындағы ерекше қымбат дәстүрі – қонақжайлылық. Үйіне келген қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып қонақасы беру-жомарттықтың, елдіктің үлкен белгісі.

         4-оқушы: Сыбаға. Құрметті қонаққа немесе өздерінің, жақын-жуығына арнап сақтаған кәделі ет  мүшелері сыбаға деп аталады. Үлкен ақсақалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдейі сақталады.

         5-оқушы: Бастаңғы. Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары  сол үйге жиналған, жолаушылардың жолда басы ауырмасын «бастаңғы» жаса дейді. Бастаңғының мәнісі жастардың сол үйде ойын-сауық жасап бас қосуы.

         6-оқушы: Ерулік. Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады.

         7-оқушы: Қыз Ұзату – ертеден келе жатқан екіелдің арасындағы байланыс болар 2 жастың немесе ер адам мен әйел адамның ағайын мен халықтың алдында бата алып, отау құруға бастау болар салт-дәстүр.

  1. жүргізуші: Қыз ұзатудың қысқаша көрінісін тамашалаңыздар.

Қыз ұзату көрінісі.

1- жеңгесі: Әй, абысын -ау кұйеужігіттер келіп қалды дей ме?

2- жеңгесі: Ия ия, ендеше тұрмайық, қарсы алайық.

2- жеңгесі: Әй, күйеу жігіттер қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу болмас дегендей жеңгелеріңізгеөрік-мейіздеріңізді шығарыңыздар. (күйеу бала ақша береді).

Күйеу жігіт мәрт екен. Әй, абысын –ау күйеу жігіттерді көп күттірмей, сұлу қызға алып барайық (қызға алып барады).

1- жеңгесі: Екі жасқа ұсынамыз ағарған, ағарғанмен жолың ақтай тазарған, ізің де, жолың да ақ болсын деп ақ ішкізу ақ тілек болып саналған.(айран ішкізеді)

2- жеңгесі: Жүрсін көңілдерің жаздай болып,

Ән мен жыр жүректерге саздай қонып.

Талмасын қанаттарың алыстаған,

Жетіңдер қатар ұшқан қаздай болып. (екеуінің қолын ұстатады.)

Би: қазақша

Сыңсу.

1- жеңгесі: Ал, ағайын ендеше қызымыздың ұзату рәсімін бастайық. Қызымыздың Ақ жолын алып келіңдер және де ата-анасы қасына келсін.

Ал айналайын ерке қыз, бүгін міне өз еліңмен, өз жеріңмен, сырласыңдай болған жеңгелеріңмен, күліп-ойнаған құрбы-құрдастарыңмен, қоштасатын сыңсуың болсын.

2- жеңгесі: Тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай, аялап өсірген асқар таудай әкесі өзінің еркетайдай қызының маңдайынансүюін сұраймыз.

1- жеңгесі: Тоғыз ай, тоғыз күн құрсағында көтеріп, бір қолымен тал бесікті тербетіп, бір қолымен әлемді тербеткен асыл да аяулы анасы,өзінің еркетай қызыныңмаңдайынан сүйіп, қоштасуын сұраймыз.

Ұзатылып бара жатқан қызға салт-дәстүр бойынша, анасы сәукеле кигізген. Сәукеле- әйел өміріндегі ең мағыналы да, сәтті кездерінің бірі. Осы сәукелемен барған жерінде бағы ашылсындеп, анасы сәукеле кигізгелі жатыр, ағайын.(сәукеле кигізеді)

Ал еркешім салт-дәстүр бойынша анаңның сыйын қабыл ал.

2- жеңгесі: Ал еркешім, қатарыңның алды болма,қөз тиеді.Арты болма, сөз тиеді. Ортасында осы әшекей сияқты жарқырап, құлпырып жүре бер.

1- жеңгесі: Мінекей ағайын Мейрамгүл қызымыздың жолы әрдайым ашық болсын деп, қызымыздың жолына ақ маржан шашқалы жатырмыз. Осындай той сіздергеде жұғысты болсын ағайын, ұлдарыңызды ұяға, қыздарыңызды қияға қондырыңыздар.

Бата.

8-оқушы: Кекіл –жас балалардың шашын тегістеп ұстарамен алып тастайды да бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Кекіл балаларға жарасымды ажар береді.

         9-оқушы: Тоқымқағар -жас жігіт алғаш жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Мұндайда арнаулы мал сойып немесе сыйлы мүшелер салынып ет асылып, кең дастархан жасалады. Ойын-сауық, өлең – жыр айтылады.

        10-оқушы: Сауын айту. Бір елде ас, үлкен той болатын болса,  ол кісі күні бұрын жан-жаққа хабарлатып сауын айтады. Бұл жәй шақыру емес, әр ел салт-дәстүрмен, яғни батыр палуанымен, жүйрік атымен, ақын-жыршысымен, сойыс малымен, сабалы қымызымен келсін дегенді білдіреді.

         11-оқушы:  Аманат -бір адамның екінші біреуге сақтауға берген заттары. Аманатты сақтау, оны мезгілінде қайтару зор адамгершілікке жатады. Аманатқа қиянат жасауға болмайды. Ол өте ауыр күнә деп есептеледі.

         12-оқушы: Байғазы – балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай-заттай сый. Байғазы сұраудың еш артықтығы жоқ.

         13-оқушы: Бәсіре – қыз ұзатылғанда немесе жиен алғаш келгенде меншіктеп аталатын, ен салынған мал.

         14-оқушы: Сәлем беру. Алыс жолдан жолаушы немесе сол елдің адамы ауыл ақсақалдарына немесе белгілі адамдарға әдейі іздеп келіп сәлем беру-қалыптасқан дәстүріміз.

         15-оқушы: Енші. – балалары ержетіп жеке үй болғанда ата-анасы оған дүние мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны енші деп атайды. Ал қызға берілетін дүние мүлік «жасау» деп аталады.



Салт- дәстүр жайлы бейнекөріністі тамашалайық!

      2-  жүргізуші: Бүгінгі тәрбие сағатымыз қызықты өтуі үшін келесі кезекті танымдық ойынға берейік. Мына қоржында асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржыннан кез келген 1 асықты аласыздар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз. Сіздерден сол сұраққа жауап берулеріңізді өтінеміз.

1. Жеті қазынаны атаңыз. (Ер жігіт,сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық).

2. Бес қаруға нелер жатады. (Мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта).

3. Үш арысты атаңыз. (Сәкен, Ілияс, Бейімбет).

4. Үш тәттіні атаңыз. (жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті).

5. Үш жүзді атаңыз. (Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз).

6. Он ата шежіресін атап беріңіз. (Әке, бала, немере,шөбере, шөпшек, немене, туажат, жегжат, жұрағат, жұмағат).

7. Үш арсызды атаңыз. (Ұйқы, күлкі, тамақ арсыз).

8. Төрт түліктің пірін атаңыз. (Түйе пірі – Ойсыл қара, жылқы пірі – Қамбар ата, сиыр пірі – Зеңгі баба, қой пірі – Шопан ата, ешкі пірі – Шекшек ата).

9. Төрт қымбат не? (Алтын ұяңОтан қымбат, Құт береке атаң қымбат, мейірімді Анаң қымбат, Бәрінен де ұят пенен ар қымбат).

10. Үш мақсатты атаңыз. (Жол мақсаты –жету, дау мақсаты –біту, сауда мақсаты –ұту).

11. Бес дұшпанды айтып беріңіз. (Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ).

12. Бес асылды атаңыз. (Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым).

Сергіту сәті.

  1. жүргізуші: «Сөздің көркі - мақал» деген ұғым бар. Біздің ойнымыз қыза түскен тәрізді. Мақалды аяқтау жарысына да кезек берейік. Кім жылдам екен?

  1. Жақсы сөз сүйіндіреді... (Жаман сөз күйіндіреді.)

  2. Ұяда не көрсең... (Ұшқанда соны ілерсің.)

  3. Таяқ еттен өтеді... (Сөз сүйектен өтеді.)

  4. Мысыққа ойын керек... (Тышқанға өлім керек.)

  5. Мектеп – кеме ... (Білім –теңіз.)

  6. Қына тастан шығады... (Өнер-білім жастан шығады.)

  7. Жақсы байқап сөйлер... (Жаман шайқап сөйлер.)

  8. Жүздің көркі сақал... (Сөздің көркі мақал.)

  9. Ала сөйлеп, ұлыққа жаққанша... (Адал сөйлеп, жұртқа жақ.)

  10. Ата көрген оқ жонар... (Ана көрген тон пішер.)



Қорытынды:

  1. жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты – заман өзгерсе де ұлттық салт –дәстүрлеріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Бүгінгі тәрбие сағатымызда өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып, саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас.

  2. жүргізуші: «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт-дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін. Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда, құрметті оқушылар!

Алтын уақыттарыңызды бөліп, бүгінгі ашық тәрбие сабағымызға қатысқандарыңызға алғысымызды білдіреміз.