СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Атмосфера құрамыь

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Атмосфера туралы сабақ жоспары жиберилди. Атмосфера қабаттарыф туралы малимет аласындар.

Просмотр содержимого документа
«Атмосфера құрамыь»

Пәні: Физикалық география 6-сынып



Тақырыбы: Атмосфераның құрамы мен құрлысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға тақырып бойынша түсінік беру. Жердің ауа қабат– Атмосфера туралы толық мағлұмат беру.

Дамытушылығы: Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды әрі қарай дамыту, дүниетанымдық қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін арттыру, танымдық қызығушылықтарын жетілдіру.

Тәрбиелілігі: Экологиялық тәрбие беру, ауаны қорғауға, қастерлеуге тэрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: интерактивті тақта, оқулық, дәптер.

Әдіс-тәсілдер: СТО, оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану, жұмбақ шешу, шығармашылық тапсырмалар.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру сәті: (сәлемдесу, сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру.Назарларын сабаққа аудару)

Психологиялық тренинг

« Сенің ең жақсы жағың...» . Оқушылар қол ұстасып шеңбер жасап тұрады. / Бірінші оқушы екінші оқушыға « сенің ең жақсы жағың ақылдылығың» деген сияқты сөздер айтады.Ары қарай жалғастыра береді./

ІІ Қызығушылықты ояту


Жұмбақ жасыру арқылы бүгінгі тақырыпты анықтап аламыз.


Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің

/Ауа/


Яғни, бүгін біздер жердің ауа қабығы атмосфераның құрамы мен құрлысымен танысамыз.


ІІІ Мағынаны тану
Жоспар: 1. Атмосфераның құрамы.
2. Атмосфера қабаттар.
3. Атмосфераның маңызы.
4.Атмосфераны зерттеу жолдары.
Жер шарын атмосфера деп аталатын ауа қабығы қоршап жатыр.Атмосфера(грекше атмос-бу, сфера-шар) – деген мағынаны білдіреді.Ол жердің ең сыртқы қабағы.Ауа дегеніміз – әр түрлі газдардың қосындысы. Олардың ішінде негізгі орынды азот пен оттегі алады. Құрғақ ауа көлемінің 78℅-ын азот, 21℅-ын оттегі құрайды.Ауада азот көп болғанымен, тіршілік үшін ең маңыздысы – оттегі. Адам мен жануарлар оттегімен тыныстайды.Басқа газдардың ішіндегі ең маңыздысы – көмірқышқыл газ.
Атмосфералық ауаның құрамы, температурасы, тығыздығы және т.б. бір жерден екінші жерге бароғанеда және биіктік бойынша өзгереді. Атмосфераның жер бетіне таяу орналасқан ең төменгі қабаты – тропосфера (грекше тропос – бұрылыс, өзгеріс). Онда температура биіктік бойынша шамамен бірқалыпты төмендейді. Оған себеп: атмосфераның бұл қабатындағы ауа оған түскен күн сәулелерінен тікелей жылынбайды, алдымен Жер беті жылынады да, жылу содан барып ауаға тарайды. Тропосфераның жоғарғы шегінде температура - 55°С-қа дейін төмендейді.
Тропосфераның үстінде стратосфера (грекше стратум – қабатталған) қабаты жатады. Оның төменгі бөлігінде біраз биіктікке дейін температура біршама тұрақты, ал жоғарға жағында айтарлықтай тез өседі. Температураның жоғарлауы осы қабатты шоғырланған озон газы қабатының күн сәулелерін сүзуіне байланысты.
Стратосферадағы ауа өте құрғақ болуымен ерекшеленеді. Атмосфераның бұл қабаты 50-55км биіктікке дейін барады.
Атмосфераның үстіңгі бөлігінде ауаның температурасы алдымен 80-90км биіктікке дейін қайтадан төмендейді. Одан әрі температура тез көтеріліп, 1000°-2000°С-қа өседі. 
Жер бетінде өтіп жататын түрлі құбылыстар, өзгерістер, тіршілік атаулы ауамен байланысты. Ауа қабағы болмаса, жер бетінің температурасы Айдағы сияқты күн мен түннің арасында өте үлкен мөлшерде ауытқып тұрар еді. 
Атмосфераның төменгі қабатында бұлт үйіріліп, жауын-шашын жауады. Жерге әлемдік кеңістіктен метеориттер үздіксіз ұшып келіп жатады. Бірақ олардың көпшілігі ауаға ысылып жанып кетеді. Атмосфера болмаса, метеориттер жерді үздіксіз соққылап жатар еді.


IV. Ой толғаныс кезеңі


  1. Кім жылдам?

  2. Сәйкестендіру тесті.

  3. Термин сөздермен жұмыс.

  4. Жұмбақтар шешу.

  5. Бейне сұрақ. Суреттер туралы не айтуға болады. Осы суретке қарап қандай ой түйдіңдер.

  6. «Егер мен табиғатты қорғау министірі болсам...» тақырыбында эссе жазу.





V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үйге тапсырма беру: §27. Атмосфера құрамы және құрылысы.

Не себепті адам үшін тропосфера маңызды?

Өз мысалдарың мен дәлелде.


VII. Оқушыларды бағалау.