СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

« Атмосфера» тақырыбына корытынды- қайталау сабағы.

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік мақсаты:

«Атмосфера» тақырыбы бойынша оқушылардың білім-біліктерінің меңгерілуі және мүмкіндік деңгейін анықтау.Оқушылардың атмосфера үнемі өзгеру үстінде екендігі жайлы дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастырып, олардың білімдерін жүйелеу және қорытындылау.

2 .Дамытушылық мақсаты:

Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды әрі қарай дамыту, дүниетанымдық қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін арттыру, танымдық қызығушылықтарын жетілдіру.

3. Тәрбиелік мақсаты:

Экологиялық тәрбие беру, ауаны қорғауға, қастерлеуге тэрбиелеу. Халықтық Этнопедагогика элементтері арқылы үлттық сана-сезімдерін ояту.

Сабақтың оқу көрнекіліктері:

Жарты шарлар картасы, атмосфераның құрлысы және ауаның ластануы көрсетілген плакаттар, қанатты сөздер, үлестірмелер,  атмосфералық құрал-жабдықтар суреті.

Сабақтың түрі: қортынды сабақ типі, жарыс сабақ түрі.

Сабақтың әдістері: жекелей, топтық жүмыстар, деңгейлік тапсырмалар,   шығармашылық тапсырмалар, ойын, сарамандық жүмыстар орындау.

Сабақтың пәнаралық байланысы: Дүниетану-3-4 кл., жаратылыстану-5кл., математика, сурет( бейнелеу өнері), әдебиет.

Сабақтың барысы:

Балалар, бүгінгі сабақта біз сендермен « Атмосфера» тарауын қорытындылаймыз. Сабағымыз жарыс түрінде өтеді.

1-кезең «Бой сергіту» (2 топқа сұрақтар бере отырып, алған білімдерін тиянақтау. Сұрақтар саны - 10).

1. Шың дегеніміз не?

2. Биіктігіне қарай жазықтар нешеге бөлінеді ?

3. Атмосфера қандай қабық ?

4. Атмосфераның тәуліктік амплитудасы дегеніміз не ?

5. Метеорологиялық станция не істейді ?

6. Флюгер қандай құрал ?

7. Термометр қандай құрал ?

8. Бұлттардың қандай түрлері бар ?

9. Барометр қандай құрал ?

10. Қанша жылу белдеу бар ? Атап шық.

2-кезең. Не? Қалай ? Қандай ?.

  Не?                          Қалай ?                        Қандай?

 Атмосфера              Атмосфераның              Атмосфераның

 дегеніміз не?          қабаттарында                 тіршілік үшін

Оның құрамы.          температура                 қандай маңызы

                                   қалай өзгереді?             бар ?

 

3-кезең. Графикалық бақыла

Тәуліктік орташа температураны анықта.

Күні

 

 

 

 

Орташа

температура

 

1

7

13

19

 

20.04.

+5

-2

+10

+9

 

Айлық орташа температураны анықта.

Мысалы, қыркүйектегі тәуліктік орташа температуралар жиынтығы +210ºС болды делік.

         Жылдық орташа температураны анықта.

І

ІІ

ІІІ

ІV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

Жылдық орташа температура

-14

-11

-3

2

10

18

22

20

12

6

-5

-12

 

 

4-кезең. «Бәйге ойыны».

10    20    30          1. Бұлт қандай түрлерге бөлінеді ? 10

                              2. Жауын-шашынның қандай түрлері бар ? 10

10    20    30          3. Бриз бен муссонның қандай ұқсастығы бар ? 10

                              4. Жел қалай пайда болады ? 20

10    20    30          5. Ауа райы деген не ? 20

                              6. Ауа массаларының қандай түрлері бар ? 20

                              7. Ауа массасы деген не ? 30

                              8. Климат деген не ? 30

                              9. Жер қандай климаттық белдеулерге бөлінеді ? 30

5-кезең. Сәйкесін тап.

  1. Оттек                                                       -78 %                     

  2. Көмірқышқыл газы                                -21%

  3. Азот                                                         - 0,03 %

  4 Тропосфера қалыңдығы                         -50-55 шқ

  5. Стратосфера қалыңдығы                       -760 мм

  6. Қалыпты атмосфералық қысым            - 17 шқ         

         6-кезең. « Биік шың » топ жетекшілеріне сұрақ.

І тобы

1. Атмосфераның төменгі қабаты.

2. Ауаның құрамында ең көп  мөлшерде кездесетін газ.

3. Ең кіші материк.

4. Нөсер жаңбыр қай бұлттан жауады ?

5. Жазда ертеңгілік  байқалатын су тамшысы

6. Ауа қысымын өлшейтін құрал.

ІІ тобы

  1. Атмосфераның ең соңғы қабаты.
  2. 200 метрден асатын жазық қалай аталады ?
  3. Ақ жауын қандай бұлттан жауады ?
  4. Пішіні жүнге, мақтаға ұқсайтын бұлт.
  5. Желдің бағытын анықтайтын құрал қалай аталады ?
  6. Жердің ішкі құрылысын ата.

Үйге тапсырма: «Атмосфера » қабаты туралы қосымша материалдар жинақтап келу.

Бағалау: