Ұйымдас-тыру 3 мин | Ұжымдық, топқа бөлу | Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу, оқушының тәртібіне (формасы, оқу құралдары және олардың жағдайы, сабаққа кешігуі немесе сабақтан қалуы), сынып тазалығына мән беру. Түрлі түсті қағаздар арқылы топқа бөлу | Оқушы мұғаліммен сәлемдеседі, оқу құралдарын әзірлеп, сабақта жұмыс істеуге дайындалады. Түрлі-түсті қағаздар арқылы топқа бөлінеді | Оқулық, дәптер, күнделік |
Үй тапсыр-масы 3 мин | Жеке, «Деңгейлік тапсырмалар» | І деңгейлік тапсырма 1. Ядродағы нейтрондар санын қалай анықтаймыз? 2. Изотоптар дегеніміз не? ІІ. деңгейлік тапсырма 1.Радиоактивті сәулелерді атаңыз және белгіленуін көрсетіңіз? 2Ядроның байланыс энергиясы дегеніміз не? 3.Меншікті байланыс энергиясы дегеніміз не? ІІІ. деңгейлік тапсырма 1. Массалар ақауы дегеніміз не, формуласы қандай? 2. Радоактивті ыдырау дегеніміз не? Радиоактивті ыдырау заңының формуласы? | Оқушылар өтілген сабақтарды естеріне түсіру арқылы өздеріне берілген сұрақтарына жауап береді. | Сұрақтар |
Тапсырма 3 мин | Жеке «Ортадағы қаламсап» ойыны | Өтілген формулаларға байланысты білімдерін тексеру. 1. Стефан-Больцман формуласы? 2. Планк формуласы? 3. Нейтрон санын анықтау формуласы? 4. Эйнштейн формуласы? 5. Эйнштейн теңдеуі? | Оқушылар формулаларды табады 1.εб=σТ4 2.Е0=һν 3.N=A-Z 4. һν =Ашығу+ (mυ2)/2 5. Е=mc2 | Формулалар |
Жаңа сабақ 20 мин | Жеке, «Ойлан, жұптас, бөліс» | Жаңа сабақты оқып шығуды, бір-бірімен топта талқылауды ұсынады Ядроларды бөлу дегеніміз- ядроны нейтрондармен атқылау арқылы ірі жарықшақтарға ажыратуды айтады. Ядролық ыдырату- ядролардың өздігінен бөлінуі. Ол табиғи процесс. Айырмашылықтары: табиғи процессс белгілі бір заңдылыққа бағынады, ал бөліну бұл заңдылықтарға бағынбайды. Ядро бөлінгенде нәтижесінде нейтрон босап шығады. Ядро ыдырағанда нәтижесінде нейтрон босап шықпайды. 1938ж неміс ғалымдары О.Ган мен Ф.Штрассман тәжірибе жүзінде уран ядросын нейтрондармен атқылап бөлінетіндігін дәлелдеді. Ядролар ауыр және жеңіл болып бөлінеді. Ауыр ядроларға – уран, плутоний т.б. , жеңіл ядроларға сутегі гелий т.б. жатады. Бөліну барысында қозған ядро ірі жарықшақтармен қатар қосымша 2 немесе 3 нейтрон шығарады. Бұл нейтрондар ядролардың бөліну реакциясын жалғастырады. Нәтижесінде тізбекті реакция пайда болады. Тізбекті реакция дегеніміз туынды нейтрондардың қатысуымен ядролардың бөлінуі жүзеге асатын процесс, яғни ядролардың тасқынды жарылуы. Ауыр ядролардың тізбекті бөлінуі Мысалы Уран ядросын нейтронмен атқылағанда екі ірі жарықшақ (басқа екі ядро) және 2 немесе 3 нейтрон пайда болады. Пайда болған нейтрондарды туынды нейтрон деп атайды. Олар әрі қарай уран ядросмен соқтығысып тағы да екі ірі жарықшаққа және нейтрондарға ыдырайды. Сөйтіп ядролардың бөлінуі жалғасатын реакция тізбекті реакция деп аталады. Тізбекті реакция арқылы атом энергиясын өндіруге болады. Атом энергиясын өндірудің екі жолы бар: 1) Ауыр элементтердің ядроларын бөлу арқылы 2) Жеңіл элементтердің ядроларын біріктіру арқылы Өйткені ауыр ядродағы энергия тек оны бөлгенде ғана босайды. Ал жеңіл ядролардағы энергия тек оларды бір ядроға біріктіргенде ғана босайды. Осы реакциялар яғни ауыр ядроны бөлу немесе жеңіл ядроны біріктіру арнайы қондырғыларда жүзеге асады. Ондай қондырғыларды ядролық (атомдық) реактор немесе атомдық бомбалар деп атайды. | Жаңа тақырыпты оқып шығып, бір-бірімен топта талқылайды, анықтамаларын дәптерге жазып алады. | Оқулық, дәптер |
Қайталау есептері 12 мин | Топпен «Сиқырлы ұяшық» | Оқушыларға жеке тапсырмаларды таратып беру, есептер беру 47 жаттығу Рымкевич есептер жинағынан есептер шығару | Оқушылар тапсырмаларды орындайды, есептерін шығарады, талдайды | Жеке тапсырмалар |
Сабақты бекіту 3 мин | Топпен «Дискуссиялық карта» | а ) Сөз тіркестері арқылы сөйлем құрастыру 1. Уран ........ бөлінгенде ....... пайда болады (нейтрон, ядросы, протон). Туынды ........... қатысуымен ....... тасқынды ........ тізбекті ядролық реакция деп атайды. (нейтрондардың, жарылуы, ядролардың ) 2. Тізбекті ....... арқылы ........... энергиясын өндіруге болады. (Реакция, атом, электрон) Атом ........ өндірудің екі жолы ауыр элементтердің ........ бөлу арқылы және ........ элементтердің ......... біріктіру арқылы жүзеге асады. (энергиясын, ядроларын, жеңіл) 3. Ауыр ядроны ........ немесе жеңіл ядроны ......... арнайы ............ жүзеге асады. (біріктіру, бөлу , қондырғыларда) Ондай .......... ядролық .......... реактор немесе атомдық ......... деп атайды. (ядролық, бомбалар, қондырғыларды, тәжірибелерді) 4. Ядролық ректорда .......... реакциялар .......... жолмен іске асырылады. (басқарылатын, ядролық, нейтрондық) Ал ........... бомбаларда .......... жолмен іске асырылады. (басқарылмайтын, басқарылатын, атомдық) 5. Ядролық реакторда бөлінген ......... ядросының ішкі энергиясы туынды ......... кинетикалық және ........... энергиясына айналады. (протон, атом, бөлшектердің, электромагниттік, жылу) Ал ол .......... жылу энергиясына, ........ энергиясы ............ энергиясына айналады. (электр, энергия, жылу) | Оқушылар сұрақтарға Иә немесе жоқ деп жауаптарын береді 1.Иә 2.Иә 3.Жоқ 4.Иә 5.Иә 6.Жоқ | Сұрақтар |
Бағалау. Үйге тапсырма беру 2 мин | Ұжымдық, кері байланыс | Оқушыларды бағалау, күнделікке қою, үй тапсырмасын беру. | Үй тапсырмасын жазып алу. Бағаларын күнделікке қойдыру. § 59, 60 оқу. 48 жаттығу «Атом бомбасында ядролық зарядты (материалды) неге біртұтас етіп жасамайды?» эссе | Күнделік, бағалау парағы |