СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Ауамен тәжірибе»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Сылдырмақ»  тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

 конспектісі.

Тәрбиеші: Ахметші Д.Д

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: Жаратылыстану

Тақырыбы: «ауамен тәжірибе»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Бір-біріне өзара көмектесу,бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Дамытыушылық: Ауа туралы білімдерін қалыптастыру.

Оқыту:Ауаның қасиеті туралы ұғыммен танысу.

Педагогикалық технологиялар: Тақпақ жаттау, суретпен жұмыс. Ойын «Кім жылдам»

Ресурстармен қамтамасыз ету:  Күз мезгілі жайлы түсінік беру

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Бүгін көңіл күйлерің қандай?

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балалар, бүгін мен балабақшаға келсем мына әдемі  қалташа тұр екен.

Ішінде не бар екенін көреміз бе?

Ой, балалар бұл жай қалташа емес , сиқырлы, сөйлейтін қалташа ғой. Оңай  ашылмайды .

Бізге  жұмбақ жасырып  тұр.

Мұрын арқылы  кіреді,

Қайта кері  өтеді.

 

 

 

м

Просмотр содержимого документа
««Ауамен тәжірибе»»

«Сылдырмақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

конспектісі.

Тәрбиеші: Ахметші Д.Д

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: Жаратылыстану

Тақырыбы: «ауамен тәжірибе»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Бір-біріне өзара көмектесу,бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Дамытыушылық: Ауа туралы білімдерін қалыптастыру.

Оқыту:Ауаның қасиеті туралы ұғыммен танысу.

Педагогикалық технологиялар: Тақпақ жаттау, суретпен жұмыс. Ойын «Кім жылдам»

Ресурстармен қамтамасыз ету: Күз мезгілі жайлы түсінік беру

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Бүгін көңіл күйлерің қандай?

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балалар, бүгін мен балабақшаға келсем мына әдемі қалташа тұр екен.

Ішінде не бар екенін көреміз бе?

Ой, балалар бұл жай қалташа емес , сиқырлы, сөйлейтін қалташа ғой. Оңай ашылмайды .

Бізге жұмбақ жасырып тұр.

Мұрын арқылы кіреді,

Қайта кері өтеді.

Ол бізге өте қажет

Дем алу үшін , шарды үрлеу үшін

Әрдайым біздің жанымызда

Бірақ оны көре алмаймыз (ауа)

Айтыңдаршы, ауа бізге не үшін қажет?

Біздің топта ауа барма? Оны көріп тұрмыз ба?

Егер ауаны біз көрмесек, ауа қандай екен?

Ауа көзге көрінбейді, түссіз, мөлдір.

Балалар мүмкін қалташа енді ашылар.

2.Негізгі бөлімі:

Ой, балалар қараңдаршы мына кішкене қалташада не бар? Әрине ауа. Ауаны осылай ұстап алуға балады екен.Егер пакетке жарық түсірсек,жарық пакеттен өтіп кетеді.

Сиқырлы қалташа не көріп тұрсыңдар?

Демек ауа түссіз, мөлдір.Ауаны әр түрлі тәжірибемен тексеруге болады екен.Сол үшін

сиқырлы қалташа бізге тапсырмалар дайындап қойыпты, орындасақ күшті сыйлық беремін дейді. Тәжірибе жасау үшін біз зертхаға баруымыз керек.Зертханаға бару үшін мына бас киімдерді киіп аламыз.

1-тәжірибе: Адамдарда ауа барма? Қалай ойлайсындар? Білу үшін мына тәжірибені өткіземіз. Балалар, стаканның ішінде не бар? Су. Мына таяқшаларды алып үрлейміз. Не болып жатыр? Көпіршік шығып жатыр.

Бұл көпіршіктер қайдан шықты ? Бізден.

Қалай? Ауаны жұтып таяқшаға үрледік

Демек адамдарда ауа бар! Біз ауамен дем аламыз. Ал сендер дұрыс дем алып білесіңдерме?

Көрсетейік: Дұрыс дем алу үшін, мыналарды білу керек: Мұрынмен дем алып тұрып иығымызды көтермейміз. , ішіміз жұмыс істеу керек.

2- тәжірбие: Ауамен сурет салуға да болады екен. Гуашты құйып, ортасына қатты үрлейміз. Бұл суретті тағы толықтырамыз. Парағымыз кепкесін.

Алақанымызға үйрлейік . Не пайда болды? Жел.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар

Үп-үлкен боп өседі.

3- тәжірбие: Не жеңіл ? Ауа жеңіл ма әлде ауыр ма қалай ойлайсыңдар ? Тексеріп көрейік. Банканың ішінде ауа барма? Қане тексеріп көрейік! Егер банканы тіп-тіке ұстасақ су кірмейді, ал егер қисайтып ұсатасақ судан көпіршіктер шығады. Не болды? Су ауаны қуып шығып , ауаның орнын тартып алды. Су ауадан ауыр. Ауаны шығарып жібереді.

3.Қорытынды:

Балалар біз енді сиқырлы қалташаға не үйренгенімізді айтып, сыйлық аламыз.

-Ауа туралы не үйрендіңдер?

Ауа түссіз,мөлдір.

Ауа бізді әрдайым қоршап тұрады.

Ауа көрінбейді, бірақ табуға болады.

Ауа судан жеңіл.

Біз ауамен дем аламыз.

Ауа біздің ішімізде де бар.

Сиқырлы қалташаны ашып,сабын көпіршіктерін үрлейміз.

Рефлексия:сабын көпіршіктерін жасау