СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Аудиториядан тыс сабақ

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Берілген тақырыптар бойынша оқушылар тақырыптың мазмұны мен мағынасын ашып, сызбанұсқасы арқылы қорғау керек.  

Просмотр содержимого документа
«Аудиториядан тыс сабақ»

Орал «Мақсат» медициналық колледжіЖМ



«Бекітілді»

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

________Трушкова М.И.






АУДИТОРИЯДАН ТЫС

ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ



Ғажайып алаң

«Химиялық танымдық сайыс»



Мамандықтар 0306000 «Фармация»

0304000 « Стомотология»





ҚАРАЛДЫ ҚҰРАСТЫРДЫ

№ 2 әдістемелік циклдік коммисия отырысында Исмагулова А.Е.

Хаттама_6__ от « 08» 02. 2018 г.





ӘЦК төрайымы

________ Турмуханбетова З.М.





МАҚҰЛДАНДЫ

Колледж әдіскері

______Коцелл С.О.

«__» «____» 2018





2018 ж.



Сайыс химия, пәндері бойынша өткізіледі.

Сайыстың мақсатымен оқушыларды таныстырып өту.
ІІ. Сайысқа қатысушы командалармен таныстыру.
ІІІ. Әділ қазылар мүшелерімен таныстырып өтейік.
ІV. Сайыстың жоспарымен таныстыру.
Сайыс 5 бөлімнен тұрады.

1. Топтардың таныстыруы.
Әр топ өздерін таныстырып, эмблемаларын қорғап, ұранын айтады.
2. «Ой толғау». Бұл бөлімде топтарға химия, пәндері бойынша викториналық сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек..Әрдұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.
3. «Ғажайып үштік»-бұл бөлімде ойыншылар ойын тақтасында берілген ұпайсанын таңдап, соған сәйкесжауап береді.
4. «Ойланайық, кім ойшыл» - бөлімінде әр топқа пән бойынша топ оқушыларының логикалық ойлау қабілеті мен шығармашылық деңгейін байқауға тапсырмалар беріледі. Тапсырманы орындауға 5 минут уақыт беріледі.
5. «Егер - мен......». Төрт бөлім бойынша көп ұпай жинаған екі команда қатысады немесе ұпай сандары бірдей болған екі команда қатысады. Екі команда өздерінің тәжірибе жасаудағы мықтылықтарын көрсетеді.
«Ой толғау» бөлімі бойынша берілетін сұрақтар.

Химия пәні бойынша.
1. Металдарды пісіру және кесу кезінде қолданылатын газ?
Жауабы: Ацетилен
2. Органикалық қосылыстарды атаудың қандай түрлері бар?
Жауабы: Тарихи, рационалды, жүйелі
3. Шахтерлер үшін қауіпті газ?
Жауабы: Метан
4. Бауырдың цирроз ауруын тудыратын органикалық қосылыс?
Жауабы: спирт
5. Антисептик ретінде қолданылатын ароматы қосылысты ата?
Жауабы: фенол
6. Қант қызылшасында, қант қамысы және бірқатар өсімдіктер сөлінде кездесетін көмірсулар.
Жауабы: сахароза
7. Пластмассаны неге пластикалық масса деп атаған?
Жауабы: Қыздырғанда белгілі пішінге келіп, суығанда сол қалпын сақтайтын материал
8. Өз сұйығымен динамикалық тепе – теңдікте болатын бу.
Жауабы: қаныққан бу
9. Метал өткізгіштердегі заряд тасымалдаушылар.
жауабы: электрондар
10. Желсіз ауада гүл мен шөптердің қош иісінің таралуы, қандай физикалық құбылыспен түсіндіріледі?
Жауабы: диффузия

12. Түйелер шөлге ұзақ уақыт шыдамды. Ол не себептен?
Жауабы: Өркешіндегі майлар тотығып, су бөлінеді
13. Крахмалды дәрігерлер мен медбикелер неге көп қолданады?
Жауабы: Жиікірленуден сақтау үшін
14. Қанның құрамындағы белок?
Жауабы: гемоглабин

Химия пәні бойынша сұрақтар.
1. 20 - «Күрделі бөлшектің химиялық табиғаты өзінің қарапайым құрам бөліктерінің табиғатына, олардың санына және химиялық құрылысына байланысты». (А. М. Бутлеров).
2. 30 –

Дүние жүзі химиктері пайдаланылатын элементтердің химиялықт аңбаларын кім ұсынған? (Я. Берцеллиус).
3. 40 - «Спирттің сумен қосылысы» тақырыбына докторлық диссертация қорғаған орыстың атақты химик - ғалымы? (Д. И. Менделеев)
«Ойланайық, кім ойшыл» кезеңі бойынша қойылатын сұрақтар
1. Химия. «Химия және экология».
Берілген тақырыптар бойынша оқушылар тақырыптың мазмұны мен мағынасын ашып, сызбанұсқасы арқылы қорғау керек.

«Егер - мен.....».

Жоғарыда айтып өткеніміздей бұл бөлімде алдыңғы төрт бөлім бойынша көп ұпай жинаған екі команда қатысады немесе ұпай сандары бірдей болған екі команда қатысады. Екі команда өздерінің тәжірибе жасаудағы мықтылықтарын көрсетеді.

Химия пәні бойынша сұрақтар.
Тәжірибе№1
Үстелге алабота, сексеуіл, сүйек, сіріңке, мал майы, су қойылған. Осы заттарды пайдаланып не нәрсе алуға болады? Қалай алады? Жолын түсіндір.