СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ау?ан со?ысы ардагерлерімен кездесу.

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ау?ан  жерінен Ке?ес армиясыны? шы?арылуына 25 жыл толуына орай «Еліні? ка?арман ерлері» атты Ау?ан со?ысы ардагерлерімен кездесу.

Просмотр содержимого документа
«Ау?ан со?ысы ардагерлерімен кездесу.»

Ауған жерінен Кеңес армиясының шығарылуына 25 жыл толуына орай «Елінің каһарман ерлері» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу.



Мақсаты: Ауған соғысы туралы мағлұмат беру, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалары ерлігін үлгі ету.

Іс-шаралар барысы: Ауған соғыс ардагерлерін құрметпен қарсы алу.

Жүргізуші: Қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Ауған соғысының аяқталғанына 25 жыл толуына орай кездесуімізді ашық деп жариялаймыз.

Әнұран орындалады.

Жүргізуші:

  • Салеметсиздер ме, қымбатты ұстаздар, оқушылар және бүгінгі

кешіміздің қонақтары!

Еліміздің Ата Заңы – Конституцияның 36-бабында «ҚР қорғау – оның

әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті» деп атап көрсетілген . Отанның лайықты қорғаушысы болу – күрделі іс, сондықтан әрбір жасөспірім мектеп қабырғасынан бастап, өзін әскери қызметке дайындауға өз Отаны – Қазақстан Республикасы мен оның халқы алдындағы азаматтық жауапкершілігін кәміл ұғынуы тиіс. Осы мақсатта жастарды Қазақстандық патриотизмге баулу Қарулы Күштерге деген сүйіспеншілік, әскери борышты мүлтіксіз орындауға әзірлік рухында тәрбиелеуге бағытталған.

«Патриотизмнің маңызды элементтерінің бірі – онымен етене

байланысып жатқан ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті – өз халқына деген сүйіспеншілігі» деп Бауыржан Момышұлы патриотизмнің мәні мен мазмұнын ашып көрсетті. Ақпан айының 15-жұлдызында Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шыққанда 23 жыл толды. Кеңес Одағы басшылығының қаулысымен олар Ауған халқы алдында интернационалдық борыштарын өтеді. Ұрыста қаза тапқан жауынгерлердің ерліктерін есімізде мәңгі сақтау қасиетті борышымыз. Оларды ұмытпас үшін естеліктер айтылып, ескерткіштер орнатылып, мәңгілік алаулар жағылады. Осы дәстүр біздің Қазақстанда да сақталған.Соғыстың адам баласына әкелер зардабы мен қасіреті шексіз екені баршаға аян. «Отан үшін өз өмірлерін құрбан етіп, ерліктің үлгісін көрсеткен барлық кезеңдегі қаһарман жауынгерлер есімі ұмытылған емес. Солардың ішінде ауған жауынгерлерінің ерліктерін ұмытпау өскелең ұрпақтың қасиетті міндеті».

  • Күй

  • Сап көрінісі

  • Автоматты бөлшектеу және жинақтау

  • Оқты оқжатарға жинақтау

  • Гир көтеру





Жүргізуші: Ауған елінде, қан майданның өтінде күн сайын емес, сағат сайын қауіп-қатермен беттесіп жүрген ардагерлерімізге сөз кезегін береміз.

  • Марапаттау

  • Концерттік бағдарлама.