«Сылдармақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі.
Тәрбиеші: Ахметші Д.Д
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: «Жер-Ана»
Тақырыбы: « Ауладағы алаңында: мысық пен итпен таныстыру»
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Жануарларға деген сүйіспеншілігіне тәрбиелеу.
Дамытушылық:Балалардың сөздік қорларын дамыту.
Оқыту: Балалардың үйдегі жануарлар турал туралы түсініктерін қалыптастыру.
Педагогикалық технологиялар: Дамыту технологиясы,ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: Үй,үйшік,күшік пен мысық,теледидар,двд,үлестірмелі материалдар.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Достық шеңбері
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз
Тату -тәтті дос болып,
Достық шебін құрамыз.
Жарайсыңдар балалар,сендер өздеріңнің бір-біріңмен жақсы дос екендеріңе сендіре білдіңдер
2.Негізгі кезең:
.Біздің тағы да достарымыз бар оны сендер кешегі серуен кезінде бақыладыңдар.
Ендеше теледидарға көңіл аударайықшы
.Балалар не көріп тұрсыңдар?
Ит үй жануары, жеті қазынаның бірі.
Үй иесі қыдырып кеткенде ит үйді күзетіп қалады,және уй жануарларын бағуға да уй иесіне көмектеседі екен.
Ит қалай дыбыстайды?
Оның құлағы нешеу,аяқтары ше?
Балалар ит адамның досы,оны жәбірлеп ұруға болмайды.
Иттің баласын «күшік» деп атаймыз,Көбіне иттер немен ойнағанды ұнатады?
Ол не жегенді ұнатады?
итті немесе күшікті тамақтандырған соң,ойнатып болған соң қолымызды жуып отыруымыз керек.Қолымызды жумайтын болсақ түрлі ауыруларды жұқтырып алуымыз мүмкін.
Ит үйде тұрадыма әлде аулада ма?
Ит орыс тілінде собака
Тобымызда қандай жануарлар бақыладық?
Балалар мысықта адамның досы..Иесіне әбден бауыр басқан мысық оның ауырып тұрған жерін тауып сол ауырған жерге жайғасып бар жылуын беріп пырылдаған күйде ұйықтайды екен.
Мысықтың баласын марғау деп атаймыз.
Балалар, мысық қайда тұрады?
Ол немен ойнағанды ұнатады?
Мысықтың кұлағы нешеу?
Көзі қандай?
Мысықтың ұзын мұртшасы бар ол иісті дәл сезіп табуға көмектеседі.
Құйрығы ұзын бақысқа ма?
Мысыққа не ұнайды?
Мысық-орыс тілінде кошка деп атаймыз.
Балалар мен бір дыбыс естіп тұрған сияқтымын(кішкентай күшік үйшігінен шығады)
Ой! Қандай сүйкімді күшік!
Күшігімізге ат қояйықшы.
Күшік туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Күшігімізге сүйікті асын берейікші.
Ал мынау пырылдап ұйықтап жатқан аппақ мысыққа да ат қояйықшы.
Мысық туралы қандай тақпақ білесіндер?
Мысық не ішкенді ұнатады?
Сүтін берейікші ұйқыдан оянған соң ішеді(ыдысына сүт құйып қоямыз)
Балалар мен сендермен «Көлеңке» ойының ойнағым келіп тұр
Көлбең көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем
Күшігім қалай жүреді?
Кім көрсете біледі?
Күшігім былай жүреді.
Көлбең көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем
Мысығым қалай жүреді?
Кім көрсете біледі?
Көлбең көлбең көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем
Мысығым былай жүреді.
Жарайсыңдар балалар!
Бүгін біз мысық пен ит туралы біраз мағлұматтар білдік.енді осы уй жануарларының немен ойнағанды ұнататынын,суреттегі бейнесінің қасына өздерінің ойыншықтарын желімдеп жапсырайық .
Балалар сендерге өз жұмыстарын ұнадыма?
Балалардың жұмыстарына тоқталып оларды мақтап, мадақтау
3.Қорытынды:
Ендеше «Мысық пен күшік» туралы әнгімемізді тамамдайық.
Ала мысық паңданады мяу мяу,мяу,
Әлденеге қамданады мяу, мяу,мяу
Ал мысық айналды
Жан-жағына қарады мяу, мяу,мяу
Айналаны қорғаштап аф,аф,аф
Ұзын тілі салағыштап аф,аф,аф
Қос құлағы салбырап ,
Достық жайлы әң шырқады аф,аф,аф-мяу,мяу,мяу
Балалар біз сендермен ит және мысық жайлы таныстық.