СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Денсаулы?ты са?тау?а арнал?ан емдік ?сімдіктер жайлы авторлы? ба?дарлама
Табиғат-Ана-өзі емші
Түсінік
Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімін де қиюға болады.
Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек .Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет.
Сонымен қатар табиғат ананың берген сыйын да дұрыс пайдалана білуіміз керек. Яғни дәрілік өсімдіктерді, шипалы көкөніс, жемістерді, асыл заттардың да пайдасы жайлы біліп, денсаулығымызды жақсартуда қолдана білуіміз өзіміз үшін де, өзгелер үшін де пайдасы мол.
Шипалы жемістер мен көкөністер сырқаттан сауықтырып, жаныңды жасартады
Жеміс – жидектерде де, көкөністер де дәрумендерге, шипалық қасиетке, азық–түліктік құндылықтарға өте бай. Сол себепті мен «Табиғат-Ана -өзі емші» атты бағдарламаны құрастырдым.
Бағдарламаның мақсаты:
Денсаулықты нығайтуда салауатты өмір салтын ұстанумен қатар, табиғат-ананың сыйын- дәрілік өсімдіктерді, дәруменге толы шипалы көкөністер мен жемістерді, асыл затттардың қасиетін де пайдалана отырып емделуге болатынын насихаттау.
Міндеттері:
Дәрілік шөптер, олардың пайдасы, қолданылуы жайлы мағлұмат беру.
Дәруменге бай шипалы көкөністер мен жемістер, олардың қандай ауруға қарсы қолданылатынын үйрету.
Асыл заттардың емдік қасиеті жайлы мағлұмат беру.
Дәрілік тұнбалар, шырындар, тосаптар, жақпа майлар жасауды үйрету
Тақырыптық- мазмұндық бөлімі
Бағдарлама құрылымы:
Бұл бағдарлама 34 сағатқа жоспарланып, 4- бөлімнен құралған.
1-бөлім
«Жеміс- жидектердің шипасы»-11 сағат
Бұл бөлімде оқушылар жеміс- жидектің шипасы, құрамындағы дәруменннің қандай ауруға қарсы қолдануға болатыны жайлы мағлұмат алады.
2-бөлім
«Көкөністердің пайдасы»-10 сағат
Бұл бөлімде көкөністердің емдік қасиеті, пайдалану жолдары туралы мағлұмат ала отырып, шырындар, жақпа майлар жасауды үйренеді.
3- бөлім
«Дәрілік өсімдіктер»- 10сағат
Бұл бөлімде оқушылар дәрілік өсімдік түрлерімен танысады. Сол өсімдіктердің қандай ауруға қарсы, қалай қолданатындығы жайлы мағлұмат алады. Дәрілік шөптерден тұнбалар, сусындар жасауды үйренеді.
4- бөлім
«Асыл заттардың қасиеттері» - 3сағаттан бөлінген.
Бұл бөлімде асыл тастардың емдік қасиеттері, қолданылуы жайлы мағлұмат беріледі.
Күнтізбелік жоспары
№ | Жүргізілерін жұмыс тақырыбы | Сағат саны | мерзімі |
| 1- бөлім «Жеміс- жидектердің шипасы» | 11 |
|
1 | Жеміс-жидектердің шипасы туралы | 1 |
|
2 | Жүзімнің пайдасы | 1 |
|
3 | Лимонның шипасы | 1 |
|
4 | Грек жаңғағы да шипалы | 1 |
|
5 | Қарақаттың шипасы | 1 |
|
6 | Анардың емдік қасиеті | 1 |
|
7 | Өріктің пайдасы | 1 |
|
8 | Алманың пайдасы | 1 |
|
9 | Алмұрттың пайдасы | 1 |
|
10 | Құрма, бананның пайдасы | 1 |
|
11 | Тәжірибе жасау | 1 |
|
| 2-бөлім «Көкөністердің пайдасы» | 10 |
|
1 | Көкөністердің емдік пайдасы туралы | 1 |
|
2 | Қант қызылшасын емгк қолдану | 1 |
|
3 | Қырыққабаттың пайдасы | 1 |
|
4 | Күнбағыстың пайдасы | 1 |
|
5 | Сарымсақты емге пайдалану жолдары | 1 |
|
6 | Сәбіздің пайдасы | 1 |
|
7 | Асқабақтың емдік қасиеті | 1 |
|
8 | Қант қызылшасының емдік қасиеті | 1 |
|
9 | Қияр мен қызанақтың пайдасы | 1 |
|
10 | Тұнба жасау | 1 |
|
| 3-бөлім «Дәрілік өсімдіктер» | 10 |
|
1 | Дәрілік өсімдіктер жайлы мағлұмат. | 1 |
|
2 | Алтын тамырдың емге пайдаланылуы | 1 |
|
3 | Адыраспанның емдік қасиеті | 1 |
|
4 | Аршаның емдік қасиеті | 1 |
|
5 | Шай шөптің пайдасы | 1 |
|
6 | Иерменнің емдік қасиеті | 1 |
|
7 | Жолжелкеннің пайдасы | 1 |
|
8 | Алоэның емдік қасиеті | 1 |
|
9 | Кактустың пайдасы. | 1 |
|
10 | Тұнбалар жасау | 1 |
|
| 4-бөлім «Асыл заттардың қасиеттері» | 3 |
|
1 | Алтын бұйымдардың емдік қасиеті | 1 |
|
2 | Күміс бұйымдардың емдік қасиеті | 1 |
|
3 | Қайталау | 1 |
|
Кө
Әдістемелік бөлімі
Жеміс – жидектің шипасы
Алма.
Адамдардың тамаққа қолданатын жемістерінің 4/5 – бөлігі – алмалар. Оны ежелден ем – дәмдік тағам ретінде және ас қорытуы бұзылуын реттейтін амал ретінде қолданған. Дәрумен жетіспегенде, безгекке қарсы да жеген. Алма тәнге күш беріп, ағзаның әртүрлі аурулармен күресуіне көмектеседі. Сырқатқа шалдыққандарға да, сау адамдарға да алманы жеу пайдалы.
Алмұрт.
Оның шырыны несепті айдау үшін өте пайдалы. Алмұрт шырынын қуық-қа тас байланғанда да ішеді. Алмұрттың шырыны мен тұндырмасы несептің бөлінуін күшейтіп қана қоймай, түсін де ашып, бактерияларды жоюға әсер етеді. Оның азықтық, шипалық қасиеті мол. Алмаға қарағанда алмұртта жасуық мөлшері көбірек, сол себепті тәнге баяу сіңеді.
Жүзім.
Оның жас тамырын (30 г) 2 литр суға салып қайнатып, шашты жуса, қайызғақты кетіреді, құйқа терісі тазарады, шаш жақсы өседі. Көктемде сабағын кесіп, шырынын бетке жағып, ондағы қара дақтар мен секпілді кетіреді. Шырынын мол етіп жинап, күніне 3 рет ішсе (бір шай қасықпен), бауырды жазады, оның күіп, сыздағанын басады. Ұзынша келген ақ жүзім бауыр, көк бауырды жазып, қан қысымын төмендетеді. Буынына суық тигенде қара жүзімді жиі жеген жөн. Жүзім қатерлі ісіктен қорғау қасиетіне ие. Онымен қан азаю сырқатын да емдейді. Қара жүзім шырыны қан бөгелуін болдырмауға шипалы. Жүрек шаншып ауырғанда сары мейізді ет тартқыштан өткізіп, балға араластырып, күніне 3 рет шай қасықтан жейді. Жүзімнің шырынына алма сірке суын қосып ішу еркектің ұрық безінің жұмысын жақсартады. Жарты литр шырынға бір ас қасық сірке суы қосылады. Түстен кейін қос уыс жүзім жеу немесе жүзімнің бір кесе таза сығынды шырынын ішу денеге де, ми жасушаларына да жақсы әсер етеді. Қара жүзім шырынының жүрек ауруларына қарсы анти – кансерогендік ықпалы күшті.
Лимон.
Шіру процесіне қарсы шипа. Басқа әдістермен тәннен уытты заттардың шөгінділерін шығара алмағанында, оны лимонмен шығарады. Австралия оқымыстыларының ойынша, «лимон шырыны СПИД –ке қарсы күресте арзан және әсері күшті дәрі». Орта ғасырларда халық медицинасында лимонның шырынын ұрықтануға қарсы қолданған.
Қант диабетімен ауыратындарға оның жапырағын көлеңкеде кептіріп, ұнтақтап, сосын бір ас қасығын жарты литр суға салып, шай сияқты демдеп, күніне 3 рет 30 грамнан 2 ай ішкізіп, ауруынан жазады. Лимонның шырынын сығып алып бетке жақса, ондағы қара дақ пен секпілді тазартады. Жаңағы шырынды күн сайын 50 грамнан 3 рет үзбей бір ай ішсе, бүйректегі тас пен құм түседі. Лимонды кесіп алып, шайға салып, ішіп жүрсе, қан жүрісі реттеледі, қан қысымының көтері-луі бәсеңдейді. Лимонмен шай ішкен адамның жүйкесі бірқалыпты болады.
Банан.
Ол денсаулыққа өте пайдалы, көп ауруға шипалы. Қан қысымын реттейді, инсультке шалдығудың алдын алады. Асқазан жарасына да ем. Бананды үй жағдайында сақтау үшін тоңазытқышқа салмайды. Ол он градустан төмен температурада тез бұзылып, тағамдық сапасын жоғалтады.
Құрма.
Ежелгі араб ғұламалары оның 350 – ден астам пайдалы қасиеті бар деп есептейді. Шырынынан сергітетін сусын жасалады. Құрмадан жүзден астам тағам дайындалады. Құран, хадистерде құрма – жұмақ жемісі деп аталады. Дәрігерлер оның құрамында көптеген емдік қасиет барын анықтаған.
Грек жаңғағы.
200-500 жылға дейін өмір сүреді, биіктігі 25-30 метр. Ашық және күңгірт түсті ядросын (дәнін) 12 сағаттай тұзды суға салып қойса, қауызы оңай ашылады. Сонан соң дәнін ағынды суға шайып, кептіреді. Халық медицинасында грек жаңғағының дәнінен, жапырағы мен тамыр қабықтарынан шырыны (сөлі), майы емдік- диеталық мақсатқа пайдаланылады. Рахит, сары аурумен сырқаттанған балаларды грек жаңғағының жапырақ, жаңғағының қайн-атындысымен емдесе жақсы шипа. Тұнбасына дәке шылап жараның бетіне қойып, байлауға ыңғайсыз жерлерге жағып емдейді. Асқазан, ішек ауруларын да жазады.
Анар.
Құрамында қант, 4-10 мг пайыз С дәрумені, танин, лимон қышқылы бар. Шырынын (құрамында танин болғандықтан) және же- місінің қабығын медицинада асқазанның жұмысы бұ-зылғанда, кепкен бұтақтары мен діңінің қабығын ішек құртына қарсы дәрі ретінде пайдаланады. Асқазаны ауыратындар, асқазан сөлінің қышқылы жоғары, гастритпен сырқаттанатындар, энтороколитпен ауырғанда анардың ащы сорттарын пайдаланбау қажет.
Күн сайын таңертең ашқарақта бір стақаннан анар шырынын ішетін болса, жүрек ауруларының біразының алдын алуға болар еді, – дейді ғалымдар. Ал осы шырынды обыр сырқатының жасушалары өте ұнатпайтын көрінеді. Ол қуық асты безінің, терінің обыр ауруларын тежеп, өсірмеуге, қайта денеден ығыстыруға септігін тигізеді екен.
1. Халық медицинасы анардың жемісі ғана емес, жапырағын, қабығын, тамырын да емге қолданады. Мәселен, бала емізіп жүрген ананың омырауы жарылып, тілінетін болса, анар жемісінің қабығын ұнтақтап, жарыққа себеді.
Жасушаларды біріктіруші дәрі ретінде анар гүлінің бір шай қасығын 150 г қайнап тұрған суға салып, бір сағат бұқтырады. Осыдан әр жолы 50-60 грамды астан 40 минут бұрын күніне екі рет қабылдайды.
2. Дизентерияға, жұтқыншақ тамақ ауруына 5 г жеміс қабығын ұнтақтап, 100 г суға 10 минут ақырын қайнатып, ауызды шайқайды. Ішеді.
3. Асқазан ауырғанда анардың шырынымен тоқтатуға болады. Ол үшін жарты стақан ішсеңіз, бірер сағаттан соң басыла бастайды.
4. Өтте, оның жолдарында құм тас пайда болса, бүйрек пен қуықта байланған тастарға да анар шырыны әсер етіп, қуып шығуға көмектеседі. Ол үшін 2 ас қасықты астан 20 минут бұрын, күніне 5-6 рет ішіп, екі аптаға созады. Арада бір апта өткізіп, емді қайта жалғастыруға болады.
5. Күйікке 1:10 мөлшеріндегі анар шырынын жағып, үстіне қабық ұнтағын себеді. Осыдан жұқа қабат пайда болады. Сол қабат асты жылдам жазыла бастайды.
6. Ішектердің қабынуынан іш сұйылып өткен кезде анар тұқымын қуырып, ұнтақтап, мактің тұқымымен қосып, қайнап тұрған сумен ішетін болса тоқтатады. Тіс ауырып тұрған кезде анар тұқымын балмен қосып шайнап жесе ауырғаны тоқтайды.
7. Қуырылған тұқымды ұнтаққа айналдырып, күніне үш рет пышақтың ұшымен астан бұрын алып жейтін болса, кеуденің ауырғанын, жүрек қағысын қалыпқа келтіруге, сары аурудың алдын алып, асқа тәбет ашуға көмектеседі.
8. Тіс түбінің қанауына анар қабығының ұнтағына тең мөлшерде қыша шөбінен, қырмызы гүлден қосып қайнатып, ауызды шайқайды. Бір емделу барысы 10 күн.
9. Созылмалы тұмауға бір ас қасық ұнтақталған анар қабығына 1,5 ас қасық тал қабығы, 1 ас қасық емен қабығынан 300 г қайнап тұрған суға салып, 15 минут су моншасында ұстайды. Осыны бұқтырып, төртке бөліп ас алдында ішеді.
Өрік-абрикос
Өріктің піскен жемісі адамның ауруға деген қарсыласу қабілетін арттырып, көздің көру мүмкіндігін көтереді. Жүрек-қантамырлары ауыратын, терісі бұзылған адамдарға үлкен көмегін тигізеді. Қазіргі заманның ғалымдары – 100 г піскен өріктің тағамдық құндылығы 250 г сиыр бауырынан кем түспейді екен. Оны кептірген кезде құрамындағы глюкоза 6 есе артатындығын дәлелдеген.
Кептірілген өрікті үнемі жеген адам қаны аздықтан, өкпе мен қолқаның сырқатынан айығып, бауыр мен өт жұмысының жақсаратынын нақты сынақтан көрген. Сонымен қабат адам еске сақтау қабілетін сақтап, шашының өсуін жақсартқан. Шөлді қандырып, ағзаларды микроэлементтермен байытқан. Оның құрамындағы дәрумендер шамадан тыс семірген әйелдерді белгілі дәрежеде арықтататыны нақты тәжірибеден көрінді.
1. Ауруға қарсыласу қабілетін арттырып, жүрек-қантамырлары ауруының алдын алу үшін қыстың суық кездерінде күн сайын 8-10 тал кептірілген өрікті үзбей жеп отырсаңыз, қыстан қысылмай шығасыз. Ал, жазда жаңасы шыққан кезде соны жеген жөн.
2. Жұтқыншақ ауырып, қолқа қабынып, жөтел пайда болған кезде өріктің сүйегін шағып дәнін ұнтақтап, бір шай қасықты бір стақан ыстық сүтпен ішіп алсаңыз, күніне үш рет, үш күн қатарынан нәтижесіне көзіңіз жетеді.
3. Жүрек қағып мазаңызды алатын болса жарты килограмм лимонды ұсатып турап, бір стақан балға араластырыңыз. Оған 20 тал өрік дәнін ұнтақтап қосыңыз да 3 күн жылы жерде жабық ыдыста ұстаңыз. Осыдан соң таңертең-кеш ас алдында бір ас қасықтан жеңіз. 20 күн бір емделу мерзімі.
4. Жүрек жұмысының бұзылуынан денеге ісік шыққанда 200 г кептірілген өрікті 1 литр қайнап тұрған суға салып, 6 сағат жылы орап қояды. Осыдан соң өрікті арнайы ыдыста сығып суын бөлек құйып алады да, бір стақанды жұтым-жұтымнан бөліп ас алдында ішеді.
Өріктің жаңа жиналған өнімі асқазанында жара бар адамдар үшін болмайды. Ал, сусамыр ауруы бар адамдар жаңасын, кептірілгенін де жеуге болмайды. Өйткені, оның құрамында глюкозасы көп.
Қарақат
Қарақат еліміздің таулы аймақтарында, қалың орман арасында, өзен-көл жағаларында табиғи өсетін, көп жылдық бұта тектес өсімдік. Қарақат қара және қызыл болып екіге бөлінеді. Екеуінің де тағам жемістік қасиетімен қоса дәрілік ерекшелігі де бар. Ол зәр жолдарында тас байлануға, қуық қабынуға дәрі болады.
Қарақаттың жаңа сығылған шырынын ұмытшақтықты бастыратын, қан қысымын реттейтін, жүрек қантамырларының, жүрек құлақшасы мен жүйкесіне әсер ететін дәрі ретінде де тиімді пайдаланады.
Оның биіктігі 1,5 метрге дейін жетеді. Бір түптен бірнеше сабақ шығарып, жапырақтары жазылған алақан тәрізді, жиектері шағын ара тісті болып келеді.
Қарақаттан дәрі жасау үшін жемісін, жапырағын, жас бұтақтарын пайдаланады. Оның құрамында С, Р дәрумені, қант, фосфор қышқылы, илік заттар, каротин, эфир майлары, калий, фосфор тұздары, темір бар.
Халық медицинасында қарақатты ежелден тер шығаратын, зәрді айдап, ісікті қайтаратын, іштің өтуін тоқтататын дәрі ретінде қолданып, атап айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген. Жапырақтарымен ревматизмді, шор буынды, лимфа бездерінің туберкулезін де емдеген.
Қарақаттың жаңа сығылған шырынымен адам ағзасындағы зат алмасуды реттеу үшін күн сайын бір стақаннан 2-3-ке бөліп ішіп отырса, пайдалы екенін уақыттың өзі көрсетті.
1. Қызылқат және қарақаттан жасалған қоймалжың тұнбамен асқазан-ішек жолдарының ауруларын, асқазан сөлінің кеміп кетуін күн сайын 200-300 грамм таза шырынмен емдейді.
2. Суықтан тұмау тиіп, тыныс жолдарының жұмыс қабілеті төмендеп кеткен жағдайда 2 ас қасық қарақат жемісін 300 г қайнап тұрған суға салып, тағы да 10 минут ақырын қайнатады. Жарты сағат бұқтырады. Осыны астан 15-20 минут бұрын әр жолы 2 ас қасықтан ішеді. Күніне үш рет. Бір емделу барысы 15 күн.
3. Жапырақтары мен жас бұтақтары өт жолының тасын түсіретін шөптерге қосылады. Бұл жемістердің ешқандай уыты болмағандықтан қалағанынша жеп, қалағаныңызша істетуге болады.
4. Бүйрек ауырып, зәр жүрмей қалған кезде бір ас қасық қарақат жапырағын 300 г қайнап тұрған суға салып, 30 минут бұқтырады. Осыдан ас алдында жарты стақаннан ішеді.
5. Құлақтан ірің аққан кезде 2 ас қасық кептірілген жапырақты 500 г қайнап тұрған суға салып, 30 минут бұқтырады. Осыны жарты стақаннан төрт мезгіл қабылдайды.
6. Сусамырға 1 ас қасық кептірілген жапырақты бір стақан қайнап тұрған суға салып, 5 минут ақырын қайнатып, 2 сағат жабық ыдыста бұқтырады. Осыны әр жолы 2 ас қасықтан астан соң, күніне 3 рет ішеді.
Көкөністердің пайдасы
Көктемде көкөніс жеу өте пайдалы. Халқымыз көктемді – ұзынсары келген қараөзек шақ, жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы дейді. Бұл кезде адамдар бойында күзде жиналған дәрумендер қоры азаяды. Соған байланысты денеде ауруға қарсы тұру қабілеті кеміп, тұлабойда әлсіздік пайда болады. Сол себепті оған жол бермеу үшін дастарханда құнарлы тағамдармен бірге алуан түрлі көкөністерді, жеміс-жидектерді жеген жөн. Сапалы көкөністер болмаса, қалбырланған көкөністерді, тұздалған қырыққабатты, көк пиязды молынан пайдаланған абзал. Қараөзек шақта көк пияздың пайдасы өте жоғары. Оның 100 грамынан тәулікке қажеті С дәрумені табылады. Ашытылған қырыққабаттың 100 грамында 20 мг С дәрумені бар. Сүт өнімдерінің, қазы-қартаның, сүр еттің де көктемде пайдасы зор. Негізінен, жылдың барлық мезгілінде ересек адамдар үшін картопты қоспағанда, көкөністің күндік мөлшері 300 грамнан 400 грамға дейін болуға тиіс. Көкөніс пен жеміс орта және егде жастағы, әсіресе толығуға бейім адамдардың тамағында айрықша орын алғаны жөн.
Қант қызылшасы.
Қанды көбейту, қақырықты босату, сіңірлерді бекемдеу, денені қуаттандыру үшін пайдаланады.
Көк бауыр ауырғанға: қант қызылшасын сірке суымен, қышамен араластырып ішкізсе, көк бауырдағы бөгеттерді ашады.
Бір жақ шеке ауырғанда, қол – аяқтың қалтырауына: қант қызылшасының суық балмен араластырып мұрынға тақса, ауру белгілері жеңілдейді.
Құлақ ауырғанға: қант қызылшасы жапырағының суын сығып алып, балмен қосып қайнатып, жылы күйінде құлаққа тамызады. Шаштағы битті жоюға, қайызғақты кетіруге: жапырағының суымен шашты жуады.
Іш кернесіне: қант қызылшасын қыша сірке суымен қосып қайнатып ішсе, ауырғанды басады.
Адам ағзасындағы түрлі қоқыс – қалдықтарды, артық тұздарды қуады.
Қызылша тұнбасы сәбіз, қияр шырыны қосылып әзірленеді. Еркектердің жыныс безін зиянды элементтерден артылту үшін күніне бір мезгіл таңертеңгі астың алдында не соңынан жарты стақан қызылша шырынын ішу қажет.
Сәбіз.
Ол адамзат баласына біздің ғасырымызға дейін 2 мың жыл бұрын белгілі болған. Римдіктер оны дәмді тағам ретінде пай-аланған. Сәбіз авитаминозды (тағамда дәруменнің жетіспеуінен болатын ауру) жояды, ағзаның тұмауға қарсы тұруын күшейтеді, зат алмасуды жақсартады. Шикі сәбіз несепті айдаса, ондағы кобальд тұзы қан қысымын түсіреді, қанның қызыл түйіршіктері (эритроцит) мен гемоглобиннің түзілуіне қатысады. Сәбіздің сары өзе-
гі жүрек бұлшық етінің шар-шағанын басады, шырынын жүрек инфарктінде ішуге белгілейді. Сәбіздің тор көздемшелері адам бойында Холестериннің шапшаң бөлінуіне мүмкіндік жасайды. Сәбізді оттегі және қуықтағы тасқа қарсы пайдаланады. Дәрігерлер сәбіз шырынын жүкті әйелдерге, ой еңбегімен шұғылдана-тындарға ішуге кеңес береді. Халық медицинасында сәбізді бұрыннан несеп айдау мен ішек құртына қарсы, қан аздыққа, әлсіреуге, ішек-қарын қызметінің бұзылуына, балалы әйелдің емшек сүтінің жетіспеуіне, құрт ауруының (туберкулез) алғашқы кезеңдерінде, белсіздікке қарсы ішу ұсынылады. Осы мағсатта сәбізді сүтке қайнатып та жейді.
Қырыққабат.
Оны қалай жесе де пайдалы. Ашыған қырыққабат (капуста) тәбетті, асқазанның сөл бөлуін күшейтеді, ас қорытуды жақсартады. Ашыған қырыққабатты ас қорыту жүйесінің бұзылуына (қыжылдау, құсу, кекіру, жүрек айну, ықылық ат) алдын алу үшін пайдаланылады. Ашыған қырыққабат семіруге, шыжыңдыққа да қарсы ем. Қырыққабат сөлі (бұзылмаған) асқазанның әлсіреуін, қарын, ұлтабар жарасын, өт қабының, бауырдың әртүрлі ауруларын, асқазан қабынуын, тоқ ішек жарасының қабынуын емдейді. Сары ауру мен көк бауыр ауруларына да қырыққабат сөлін ішу қажет.
Қырыққабат шырыны асқазан сөліндегі қышқылдың көбейген кезінде, қарын ауырғанда қолданылады. Сапа болғанда, ауыз қолдырап, қабынып ауырғанда қырыққабат сөлін сумен араластырып, ауызды, тамақты шаяды. Бас ауырғанда, буын сырқырағанда ауырған жерге
қырыққабаттың жас жапырағын жапсырса, ауруды басады. Қырыққабаттың құрамында асқазан жарасына ем болатын заттар бар. Шырыны бауыр ауруына ем. Оны ішкеннен кейін аурудың жанға батқаны азайып, бауыр қалпына келеді. Қырыққабат шырынының құрамындағы күкірт пен хлор, иод асқазан мен ішектің шырышты қабығын тазартады. Ол ұлтабар жарасын да жазады. Бұл үшін қырыққабат шырынын 100 грамнан күніне 3 рет ішу қажет. Оған сәбіз шырынын қосып ішсе, әсері одан да жақсы. Бұл үшін 100 грамм қырыққабат шырынына 200-300 грамм сәбіз шырынын қосады.
Қияр.
3 қасық ұсақтап туралған жас қиярға 1 стақан қайнаған суды ыстықтай құйып, 2-3 сағат қойып, тұнбасын сүзіп алып, қалдығын сығады да 1 шай қасық балмен араластырады. Сосын бұл тұнбамен мақтаны шылап алып, таза жуылған бетті сүртсе, ол безеуден арылтады.
Қызанақ.
Ол біріншіден, тағам ретінде өте пайдалы.оның құрамында қант, пектиндік, азоттық заттар, алкалоид, минералды тұздар мол. Екіншіден, қызанақта А, В, В әсіресе, С дәрумені өте көп. Үшіншіден, жас қызанақ пен томат шырынының шипалық қасиеті жақсы. Асқазан
жарасы бар адамдар жас томат шырынын ішуге тиіс. Томат шырыны ағзадағы тастарды да ерітеді. Қызанақ бауыр ауыратындар үшін де өте пайдалы. Ол каротин, калийге де бай.
Қызыл бұрыш.
Ол адамның ғұмыр жасын ұзарта алады. Бұл ғалымдар ашқан жаңалық. Қызыл бұрыш линидтік алмасуды қалпына келтіріп, дұрыстайды, артериялық қысымды төмендетеді, ішек жолдарының микрофлорасын сауықтырады, жастың ұлғаюына байланысты болатын өзгерістерді тежейді.
Қара қарақат (смородина).
Қуыққа тас жиналып несеп жолдары зақымданса, оның 100 грамм жапырағына 60 грамм қой бүлдіргенінің (земляника) жапырағын, 40 грамм жөке гүлін, 30 грамм коровяк гүлін қосып бір стақан суда сақылдатып қайнатады. Суытады, сүзеді. Сонан соң күніне тамақтан соң 2-3 реттен ішіп тұрады.
Пияз.
Оның ащы дәмі құрамындағы эфир майынан. Құрамында С дәрумені мен каротин көп. Көктемнің көкөніс шыға қоймаған кезеңінде адамға пияз ерекше пайдалы. Біріншіден, тәнге С витаминінің күндік қажетін қанағаттандыруға көмектеседі, екіншіден, ауру жұқтырмайтын (бактерицидтік) және қырқұлаққа қарсы заттарға бай.
Сарымсақ.
Құрамында В1 тобының дәрумендері, С дәрумендері (жуашығында 10 мг пайыз, сабағында 55 мг пайыз) және Д дәрумені, иод, май, тағы да басқа заттар бар. Сарымсақтың құрамында ауру тудыратын микробтардың көптеген түр-лерін жоятын ерекше бактерицидтік (фитонцидтер) заттар болғандықтан, ол медицинада да қолданылады. Халық арасында сарымсақты көптеген ауруларды емдеуге ертеден пайдаланған. Әсіресе, қырқұлақ ауруын. Емдік қасиеті ежелден белгілі сарымсақтың жаңа қасиетін жапондық, француздық ғалымдар дәлелдеп отыр. Жапон ғалымдарының мәлімдеуінше, сарымсақ адам миындағы қартаю процесін бәсеңдетеді, оның жасушаларын тазартып оты-ады. Құрамында өте белсенді күкірт қосындылары болғандықтан, қанға түскен соң сарымсақ мидың ең қажетті деген бөліктеріне оң әсер етеді. Яғни, сарымсақтан бөлінетін заттар есте сақтау қабілеті мен эмоцияға жауап беретін жасушаларды жақсартады. 2006 жылы француз ғалымдары сарымсақтың қасиетіне қатысты өз зерттеулерінің нә тижесін жариялаған болатын. Бұл зерттеу Франция ның солтүстік-шығысындағы әйелдер арасында жасалған көрінеді. Тәжірибе көрсеткеніндей, сарымсақты көп қолданатын әйелдер арасында кеуде ісігі дертіне шалдыққандар саны басқа сарымсақты сирек қолданатын әйелдерге қара-ғанда аз болыпты.
Парсылықтар көтеуді сарымсақтың түтінімен булап емдеу әдісін қолданады. Шағындау темір құтының түбіне қатты қыздырылған кірпішті салып, одан кейін үстіне ұсақ етіп кесілген сарымсақты (болмаса түйе тікенек) салады. Сарымсақ, немесе түйе тікенек күйіп, түтіндей бастағанда сырқат құтының үстіне отырып емделеді. Бұл әдіс қажетінше қайталанады. Ежелгі римдіктер сарымсақтың қасиетін танып, оны легионерлерге күнделікті тамаққа қосып беріп отырған. Ертеде кейбір елде сарымсақты тұмар ретінде тағып, аурудан сақтанған. Сарымсақтың негізгі қасиеті оның құрамындағы эфир майы мен фитонцидте. Қолқаны қаритын эфир майы 2-3 метр аумақтағы микробтарды жойса, ондағы фитонция түрлі аурулардың таяқшасын 5 минутте өлтіреді, астың қорытылуын жақсартады. Асқазан, ішек, жүрек ауруларының да бірден-бір емі – сарымсақ. Ол қан айналымын реттейді, аурудың асқынуына жол бермейді.
Шетен жидегі (рябина).
Оның шырынын ұзақ мерзім ішетін болса тіпті көтеудің (геморрой) өзі ашылып, жазыла бастайды. Шетен жидегінің шырыны іш жүргізетін дәріден де жақсы әсер етеді. Оны қант қосып 2 рүмкеден күніне үш мезгіл ішкен жақсы.
Қауын.
Құрамында қант (негізінен сахароза), белок, клетчатка, пектин заттары, ароматтық заттар, 20 мг пайыз С дәрумені, каротин (А провитамині) минералды тұздар бар. Қауынды 6-7 ай сақтауға болады. Қауын несепті көбейтіп, оны тазарта түседі. Ірің бөлінуін тоқтатады, бүйректі қыздырып, қуық жолдарын да тазартады, бүйректегі тасты шығарады.
Картоп.
Оның шырынының құрамында калий, күкірт, фосфор, хлор көп. Соның нәтижесінде терідегі дақты картоп шырынын ішіп кетіруге болады. Ағзаны тазалауға таптырмайтын әдіс. Бұл әсіресе, сәбіз шырынын қосқанда айрықша пайдалы. Ол үшін 50 гр. картоп шырынын, 200 гр. сәбіз шырынымен араластырып, күніне 1-3 рет ішеді. Тек тағамға пайдаланғанда есте болатын бір жағдай, аршылмаған картопты суық суға пісіргенде 25 пайыз, нақ солай ыстық суға пісіргенде 10 пайыз, аршылған картопты суық суға пісіргенде 35 пайыз, нақ солай ыстық суға пісіргенде 25 пайыз өзіндегі аскорбин қышқылын жоғалтады. Магний тұздарының аса маңызды көздері картопта 25 пайыз.
Жүгері.
Дәрілік шикізат ретінде шашағы пайдалы. Оны жүгері дәні жаңадан пісіп келе жатқанда жинап алады. Көлеңкеде кептіреді. Қарайып кеткен шашақтарын алып тастайды. Шашақты жинағанда дереу кептіру қажет. Жүгері шашақтары өт пен зәр айдайды. Медицинада және малдәрігерлік саласында бауыр, өт ауруларын емдеуге пайдаланады. Ол бүйректің, жүректің дұрыс істемеуі салдарынан болатын ісікті де қайтарады.
Шалғам (редис).
Барлық жерде өсіріліп, тамыр-жеміс пайда болысымен жинап алады, әйтпесе ағаш тәрізді қатайып кетіп, дәмін жояды. Құрамында қант, су, азотты заттар, клечатка, 25 мг пайыз С дәрумені, өзіндік өткір иіс беріп тұратын эфир майы, фитонцидтер (микроорганизмге кері әсер ететін заттар), минералды тұздар бар. Ішек – қарын ауырғанда, бауыр, бүйрек және буын (подагра ауруымен сырқаттанатындарға шалғамды пайдалануға болады.
Қарбыз.
Оның асханалық сортының салмағы 16 келіге дейін жетеді. Құрамында (орташа есеппен) 89,5 пайыз су, 7 пайызға жуық (кейбір сорттарында 12 пайыз) қант кездеседі. Әбден піскен қарбыз дәмді. Оны тұздап та жейді. Қарбызды дүкеннен, базардан сатып алған жөн. Өйткені онда санитарлық бақылау жасалады. Қарбыз да адам денсаулығына пайдалы.
Күнбағыс.
Мұнан жасалған дәрілер суыққа қарсы, ыстықты түсіру, тыныштандыру, тәбет ашу үшін қолданылады. Күнбағыс тұнбасын былай жасайды: жаңадан басын үзіп, гүлі мен дәнінен ажыратады, ұнтақтан үш үлкен қасығын алып оған жарты литр арақ құяды. Күн көзінде бір ай ұстайды. Тұнбаны күніне үш рет тамақтан жарты сағат бұрын 20 тамшыдан ішкен дұрыс. Ауырған адамның ыстығын түсіруге бір ас қасық ұнтақталған жапырағына қайнаған су құйып, баяу отта 10 минуттай ұстап, тұнбаны бір сағат суытады. Күніне үш рет тамақтан жарты сағат бұрын бір стақаннан ішеді. Адамның бойында тұз жиналса, бір стақан ұнтақталған тамырға үш литр қайнаған су құйып, баяу отта 3-4 минут ұстап, бір сағат суытады. Бұл тұнбаны күніне үш рет бір стақаннан тамақтан жарты сағат бұрын ішсе, ем болады. Тек күнбағыстан жасалған осынау дәрілерді ішіп жүргенде ащы тамақтан бас тарту қажет.Тәбетті жақсарту үшін бір ас қасық ұнтақталған гүліне бір стақан қайнаған су құйып, жарты сағат тұндырады да оны күніне үш рет үш стақаннан тамақтан жарты сағат бұрын ішіп тұрады. Күнбағысты халық медицинасында мұнан басқа мынандай ауруларға, мынандай әдіспен қарсы пайдаланады:
Тіс ауруына: тамырын суға қайнатып, суымен ауыз шаяды. Сонда тіс қақсаған ды, тіс етінің қабынғаны басылады.
Қуыққа және бүйрекке тас байланғанда: күнбағыс сабағы өзегінен (сабағы ішіндегі ақ етінен) 90 грамм алып 100 грамм суға қайнатып, күніне бір реттен бір апта бойы ішеді.
Көк жөтелге: күнбағыс сабағының өзегін жаншып, оған қайнаған су құйып бұқтырады, аздап қант қосып ішеді.
Асқазанға ас батып сіңбегенде: күнбағыс тамырын, аскөк, арпаны тең мөлшерде алып, суға қайнатып ішеді.
Жіңішке ауруға:30 грамм күнбағыс тамырына су құйып, лып еткізіп қайнатады да, күніне үш рет ішіп емделеді.
Жарыққа: 30 грамм күнбағыс тамырын қайнатып, қызыл шекер қосып ішеді.
Қан қысымы көбейгенде: 30 грамм кепкен күнбағыс жапырағы мен 30 грамм сай сағызды суға қайнатып ішкен жөн.
Асқабақ.
1.Апиын уын қайтару үшін оның етін жаншып, суын сығып алғаннан кейін, уланған адамға тиісті мөлшерде ішкізеді.
2.Отқа немесе қайнаған суға күйіп жарақаттанғанда, асқабақ етін жаншып (тазалығына көңіл бөліңіз), жараға таңады.
3.Өкпеге шығу шыққанда, асқабаққа 250 г сиыр етін қосып, суға пісіріп, тамақ орнына жейді. Май мен тұз қоспайды.
4.Құртты түсіру үшін ішкі асқабақ етінен ересектерге 500 г, балаларға 350 г жегізді, 2 сағаттан соң іш айдайтын дәрі ішкізеді, сонда құрт түседі. Дәріні 2 – 3 күн ішеді.
5.Таспа, сазан құрттарды түсіреді.
6.Көкжөтелге ем болады.
7.Тұқымының 1 келісін суға қайнатып, геморойды күніне 2 рет булайды.
8.Балалардың жұтқыншағы ауырғанда емге қолданады.
9.Жүрек әлсіздігінен жүдегенге шипа.
10.Босанғаннан кейін аналардың омырау сүті азайғанда қабығы мен ішкі тұқымын дәріге орап қайнаған сумен ішеді.
Дәрілік өсімдіктер
Алтынтамыр.
Сабағы тік өсетін, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Дәрілік шикізат ретінде оның барлық түрінің тамыры жиналады. Дұрыс жиналып, сақталған бұл өсімдік тамыры 2, 5-3 жылға дейін шипалық қасиетін жоймайды. Алтын тамырдың құрамындағы экстракт ағзаның дене жұмысына шыдамдылығын арттырады, жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартады, жоғарғы жүйке жүйесінің ырғағына жағымды әсер етеді, қан қысымын реттейді. Оны орнымен қолданбаса, кейбір адамдардың қан қысымын арттырып та жібереді.
Тұнба жасау: 50 г майдаланған шикізатты 0, 5 л 40 %- тік спиртке қосып 2 апта қараңғы, жылы жерге қойылады. Сусамырмен ауыратын науқас 20-30 тамшыдан тамақ алдында 3 рет қабылдауы керек. Фармацевтикалық өндірісте жасалатын сұйық экстрактын 5-10 тамшыдан 3 рет тамақ алдында 30 минут бұрын қабылдаған дұрыс. Ем қабылдау мерзімі 10-20 күн. Сусамырмен науқастанып қалған адам ем қабылдағаннан кейін сергектеліп, жыныстық мүше функциясының артып, полиурия (шыжыңдық) кемігенін байқауы тиіс.
Адыраспан.
Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Ол – улы өсімдік. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді.
Арша.
Оны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады. Биіктігі 1-3, 5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын,/бұталы/өсімдік.
Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі (қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді. Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Аршамен тіс тазалау пайдалы.
Ащы мия.
Оны ақ мия деп те атайды. Көп жылдық шөп тектес өсімдік. Бүкіл шөбі мен тұқымы дәрі. Басты ем болатын аурулары: жедел және созылмалы дизентерияға; асқазан ауырып, аздап запыран құсқанда; шиқан, сыздауық және басқа жарақаттың іріңдеуіне, жараларға; қышыма, бөріткен, ескілікті теміреткіге; ақ кір көп келуге. Улы дәрі. Абайлап қолдану қажет.
Ащы қарбыз.
Көп жылдық өрмелегіш сабақты өсімдік, ұзындығы он сантиметрдей. Тамыр түйнегі етті, сабағы көп бұтақты, мұртша ширатылып өседі. Басты ем болатын аурулары: кеңірдекшелердің созылмалы қабынуына; кеуде толып, тынышсызданып ауырғанда; жүрек шаншып ауырғанда; емшек безінің шұғыл қабынуына; жұтқыншақ ауырып, үн қарлығуына. Ащы қарбыз тамыры қанды несеп ауруына ем болады.
Арпа.
Бір жылдық шөп тектес дақыл. Халық медицинасында бойға қуат беретін арпа дәнінің қайнатпасы асқазан мен ішек ауруларын, денедегі бөртпелерді жазып, бүйректегі тасты түсіріп, қуықтың қабынуына ем.
Дәрмене жусан.
Онымен емдеу ғылыми медицинаға қосылған үлкен үлес. Қазақтың халық емшілері ішек құрты ауруына қарсы қолданған. Бабаларымыз бұл өсімдікті атам заманнан бері шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырды. Қара жусанның тамырын тәбет ашуға, ішек, асқазан, бауыр, өт қалтасы ауруына пайдаланады.
Женьшень.
Ол тіршілік тамыры саналады. Аралия тұқымдасы панак туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 50 сантиметрдей, тамыры жуан, бұтақталған, сыртқы қабығы ақ, қатты. Өте баяу өсіп, 10-11 жылдан кейін жеміс береді. Оның тамырында тритерпен глюкозидтері (сергіткіштік қасиеті бар) кездеседі. Женьшеннің тамырынан дайындалған дәрі-дәрмек, ұнтақ, тұнба медицинада организмнің жалпы тіршілік қабілетін, ауруға төзімділігін арттырып, кейбір жүйке және жүрек – қан тамыры ауруларын емдеуге қолданылады. Тамырдың жиналатын кезі август-сентябрь айлары. Өсімдік 5-8 жылдық болғаны дұрыс. Женьшеньді: атеросклероз, сусамыр(диабет), белсіздік, туберкулездің алдын алу, ұзаққа созылып ағзаны әлсіретіп жіберген кеселдерге қарсы қолданады, ауырмаған науқасы жоқ егде адамдарда женьшенді қуат қосу мақсатында қолданса болады.
Мойыл.
Биіктігі 3, 5-8 метрлік, ағаш немесе бұталы өсімдік, жемісі – қара сүйекше. Дәрілік шикізат – жемісі. Жеміс тұнбасы жас бұзаулардың іш өтуін тоқтатады. Шыбын-шіркей, кене т.б. зиянкестерді қыру үшін ағаш қабығының тұнбасы пайдаланылады. Ол үшін ағаш қабығының 100 граммы 5 литр суға ерітіліп, шыбын-шіркейі мол жерге шашылады.
Марал шөп тамыры.
Бұғылар күз, көктемде бұл өсімдіктің тамырын тұяғымен қазып жейтін болғандықтан, оны марал шөп тамыры деп атап кеткен. Тамыры қысқа, ірілеу, шашақталған, гүлдері – көк, көкшіл түсті, шар тәрізді тостағанша құрып, сабақтың ұш жағында жеке-жеке орналасқан. Оны мақсыр деп те атайды. Халық ертеден бері «алтын тамыр», женьшень тәрізді әл беретін дәрі ретінде пайдаланған.
Қара пышақ, күшәла(эминиум).
Қара пышақ – биіктігі 20-40 сантиметр болатын, көп жылдық шөп тектес, жартылай улы өсімдік, гүлінің ішкі беті қара түсті. Өзбектер оны күшәла деп атайды. Ортаңғы қабыршақ жапырақтың ішінен ұзындығы 5-8 сантиметр болатын, қарындаш тәрізді өзекше өсіп шығатын болғандықтан, орыстар оны карандаш дейді. Медицинада осы өсімдік тамырынан дәрі жасап, онымен өкпе туберкулезін емдеп келеді.
Тобылғы.
Раушан гүлділер тұқымдас, көп жылдық, шөп тектес өсімдік – тобылғының тұнбасы, майы көп ауруға ем. Гүлінің, жапырағының тұнбасымен малдың бүйрек, қуық ауруларын, асқазан – ішектің түйілуін, денесіндегі түрлі ісіктерді емдейді. Тобылғы майын малдың, адамның ісіп кеткен буындарына, сырқырап ауыратын тұстарына жағып, сырқатын жазады. Қарандыз.
Сазды жерде өседі. Түбін дәрі ретінде пайдаланады. Жөтелгенде түбірін аршып ауызға салады.
Жербауырсақ.
Жусанға, басқа шөпке жабысып өседі, бауырсаққа ұқсас. Оны қуығы тұтылған адам емге ішеді.
Шырғанақ.
Бұтағы тікенді, аса жуан емес, іші сары қатты ағаш. Оны ыстық-суық болып ауырғанда емдік дәрі ретінде қолданады.
Шетен.
Биіктігі – 3-20 метрлік, жұқа сұрғылт қабықты, көп жылдық жабайы ағаш. Оның жемісін бауыр, өт ауруларын емдеуге, несеп, өт айдауға, бүйрекке және қуыққа байланған тасты түсіруге, іш жүргізуге пайдаланады.
Итмұрын.
Жемісінің құрамында илік заттар, С, К, Р, Е, В тобындағы дәрумендер, каротин, қант, лимон, алма қышқылдары, аздаған мөл-шерде белок, май, гликозидтер бар. Итмұрын жемісі, тұнбасы малға да, адамға да өте пайдалы.
Орман бүлдіргені.
Биіктігі 5-25 сантиметр, көп жылдық шөп тектес. Жемісі шілде, тамызда піседі. Жемісі - дәрумендердің бай қоры.Асқазан – ішек жұмысын жақсартады, адамның тағамға деген тәбетін арттырады, ас қорыту органдарының қабынуын басады, бауыр, бүйрек ауруларына/ем.
Өгей шөп.
Биіктігі 15-20 см, күрделі гүлділер тұқымдас, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Жапырағының астыңғы беті жұмсақ, жылы, үстіңгі беті қатты және суық болғандықтан, халық оны өгей шөп деп атаған. Халық емшілері өгей шөптен жасалған тұнбаны жөтелді басатын дәрі ретінде қолданған. Өсімдіктің құрғақ жапырағын тынысы тарылып, ентігетін адамға темекі тәрізді қағазға орап тартқызып, емдеген.
Долана.
Раушан гүлділер тұқымдасына жатады, бұта не ағаш. Қазақстанда 7 түрі Алтай, Тарбағатай, Іле және Жетісу (Жоңғар) Алатауында өседі. Жемісі тамыз – қыркүйекте піседі, дәруменге бай. Долананың 50 түрі қолдан өсіріледі, ол – дәрілік құнды шикізат. Жемісінің құрамында аскорбин, лимон қышқылдары, флавоноидтар, каротин, гиперозид, қант бар.
Долана жүректің бұлшық еттерінің жиырылуын күшейтеді, қажығанда қуат береді, қан қысымын төмендетеді.
Сүйел шөп(чистотел).
Көкнәр тұқымдасына жатады. Халық емшілері сүйелшөп және сүттіген шырынымен бауыр, өт ауруларын, сары ауруды емдеген.
Шай шөп(зверобой).
Халық оны шөп шай, сары мысық-табан алтын түсті күн сәулелі шай шөп, құрғақ гүл деп атайды. Оны медицинада өт айдайтын дәрі ретінде қолданады, бұл өсімдіктен аренарин деп аталатын антибиотик алынады.
Аскөк(Укроп).
Одан жасалынған дәрі-дәрмектер медицинада қан қысымын төмендетуге, қан тамырларын кеңейтуге, несеп, өт жүргізу, қақырық түсіру үшін қолданылады.
Жалбыз.
Ерін гүлділер тұқымдасы, хош иісті, көп жылдық, кейде бір жылдық шөптесін өсімдік. Жалбыздың жапырағында ментол бар. Бұл өсімдіктен жасалатын дәрілер жүрек, өт жолдарын емдеуге шипалы. Ол жағымды иіс беретін әрі антисептикалық зат ретінде сұйық дәрілердің, тіс тазалағыш ұнтақтардың құрамына кіреді.
Жалбызтікен(проскурняк)
Құлқайыр тұқымдасына жататын, цилиндр пішінді шөп. 150 сантиметрге дейін бойлап өсетін ұзын сабақты көпжылдық өсімдік. Дәрілік жалбызтікен маусым, қыркүйек айларында гүлдейді. Гүлдері қысқа сағақты. Әрбір жапырақтың қолтығында топтасып орналасқан түйнекше дәні бар. Жалпы саны 15-20 жемістен құралған. Жалбызтікеннің тамыры да дәрілік шикізат. Оның құрамында 37 пайызға шамалас крахмал, 10, 2 пайызға дейінгі қант, сондай-ақ пектин, май, түрлі дәрумендер топтамасы бар. Жалбызтікеннің тамырының біршама бөлігі сілекейлі-шырышты заттан құралатындықтан, түрлі ісік, қабыну ауруларына ем.
Жөтелді бәсеңдетеді, қақырық түсіреді. Жүйке жүйесін тыныштандыруда таптырмайды. Асқазан мен ішектің түйіндеп ауруынан құтқарады. Қуық жолдары мен бүйректің қабынуын басады. Халықтық медицинада жалбызтікен іш жүргізу, түрлі инфекциялардан арылтуда, асқазан жарасын емдеуде кеңінен пайдаланылады. Тіс түбі еттерінің босап, алқым бездері ісігі асқынғанда таптырмайды. Жалбызтікеннің тұнбасымен ауыз қуысы, тамақты үнемі шайып жүрсе, бірден-бір ем екен.
Жөке ағашы(Липа).
Оның ашық сары түсті, хош иісті уақ гүлдерінің қайнатпасы мен тұнбасы микробты құртады, ісік қайтарады, несеп жүргізеді. Шипа ретінде оны асқазан, сусамыр(диабет) , ішек жолдары, бауыр, бүйрек, қуық ауруына да қолданып, қайнатпасын күйікке, жараға жағады, жөке гүлінің тұнбасы шашты бекітеді.
Асыл тастардың емдік қасиеттері
Ерте замандарда асыл тастың емдік қасиетін ашып, оны шипалық маңызына қарай бөліп қадірлеп, әрі қастерледі. Қазіргі заманда асыл тасты сәндік, көріктілік, мақтаныш үшін түсінеді. асыл тастарды ұдайы зерттегенде адам мүшелерінің рухани-энергетикалық потенциалдық өрісін ретке келтіретіні анықталған. Асыл тастармен емдеу әдісі мыңдаған жылдар бұрын Индияда аюрведалық тәсіл бойынша пайдаланылды. Сырттан келетін кез келген кері әсер күші адамның денесінде, ойында, санасында күшті өзгеріс туғызады. Егер асыл тасты бірге алып не тағып жүрсе, ол теріс энергияның кері әсерін тоқтатуға, кері қайтаруға немесе денеге сіңгенде оны өңдеп, адам қуатын бірқалыпқа келтіруге көмек етеді. Асыл тас сіздің “сорылған”, “жоғалған“, “шашылған“ қуаттарыңыздың орнына жаңа толықтырушы оң қуаттар жинайды. Оның тепе-теңдікке келуіне зор әсер етеді.
Асыл тастың мұндай қасиетін Гиппократ та, ибн Сина да, әл-Бируни де, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы да, Ж. Баласағұн да, әл-Фараби де т.б. толық дәлелдеп берген. Десе де, асыл тастарды әсер ету қасиетіне қарай, сегіз түрлі сыныпқа бөледі. Бұлай бөлуде адамның жынысына, жасына, өңіне, психологиялық танымына, қоғамдағы роліне және материалдық жағдайлары мен басқа да ерекшеліктеріне сүйенсе керек.
Тастар адамның қуатын толықтырушы ғана емес, оны қорғаушы да. Асыл тастардың ішінде тіл мен көз сұғының кері әсерін қайтаратыны да кездеседі. Көптеген асыл тастар сыртқы ортамен шағылысқанда адамның денесінде жаңа резонансты толқынды биоөріс туғызады да, оның қалыпқа келуіне әсер етеді.
Асыл тастардың да өңі әртүрлі болады. Олардың тоғыз түрі бар (өңсіз тас, көк-жасыл, көк немесе күлгін, сары, ашық қызыл, көкшіл, сары немесе алтын түсті, қара т.с.с.).
Сыйлыққа берген немесе ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мұралыққа қалдырылып отыратын асыл тастардың қасиеті өте жоғары болады.
Бұл тастардың басқа тастармен салыстырғанда өзінің иесін қауіп-қатерден, тіл мен көзден, өрттен, найзағайдан, “зұлым күштерден“, құлап қалудан және сыртқы басқа әсерден қорғауда да маңызы зор.
Асыл тастардың әсері кейде астрологиялық күнтізбеге де, туған жылға да, сондай-ақ планеталар мен асыл тастың өзара байланысына (мәселен Күн тасы, Ай тасы, Шолпан тасы, Жұлдыз тасы, Марс тасы, Юпитер тасы, Сатурн тасы және Нептун тасы) да байланысты екенін білген жөн. Кейбір тастар бір-бірімен энергия алмасатын қасиетке ие болуы ықтимал.
Тіпті жағдайы барлар жетінің әр күніне әр түрлі тастар тақса, адамның күш қуаты артып, ішкі-сыртқы қарсы теріс әсерге қорғаныс қабілеті молаяды екен.
Асыл тастардың жеке қабілетіне келсек, гауһар, маржантас, қайрақ тас – араққұмарлыққа, інжу, маржантас, күкірт – аллергияға, гауһар, маржан, жасылтас т.б. – бронхы ауруына, інжу, қорғасын, маржантас – геморройға, мыс, інжу, маржантас – бас ауруға қарсы әсер етеді.
Осылай жалғаса береді. Арнайы асыл тастар дүкендерінен “тас емдейді“ деген кітапшаны алып пайдаланған жөн. Асыл тастардың емдік қасиеттері әлі құпия.
Асыл тасты күтіп ұстау оның қасиетін арттырады, әрі оның таза күші бірнеше есе көбейеді. Асыл тасты ұрлау ол өзіңнің ғана емес, ұрпағыңның да тамырына балта шабумен бірдей болмақ.
Асыл тастардың емдік және ерекше қасиеттеріне келетін болсақ:
1. Алтын – өмір жасты ұзартады, қарт адамдардың бойына әл қуат береді, қауіпті аурудан қорғайды, уланғаннан емдейді.
2. Күміс – шиқан сырқаттарын, ірің мен қанды кептіреді.
3. Мыс – іріңді, қанды кептіреді, өкпе мен бауырдың қызуын түсіреді.
4. Алмаз – ізгілік пен ерлікті бейнелейді. Көкшіл реңді асыл тас жас аналардың бойтұмары іспеттес болады.
5. Жақұт – опасыздық пен қрқыныштан қорғайды. Сүйген жанын өзіне қарату үшін еуропалық әйелдер жақұт ұшқынымен магниттелген ыдыстан тамақ берген.
6. Замартас (изумруд) – қуаныш пен көңілділік сыйлайды. Ұмытшақ немесе көзі нашар көретін әйелдер оны мойынына таққан. Бұл асыл тас ұзақ өмір сүруге кепілдік береді. Дел-салдықтан арылтып, ойды ширатады.
7. Алтындалған табас (топаз) – ұмытшақтық пен ұйқы қашуды жазады. Көз тиюден сақтайды, дәм сезу күшін арттырады.
8. Александрит – қан айналуды жақсартады, қанды тазартып, тамырларды бекіте түседі.
9. Гауһар – күш-жігер қосады, жүрегіңді тыныштандырады, сағыныштан сарғайғанға да ем болады.
10. Ізгілікті циркон (гиацинт) – күйгелектік панелестен арылтады. Мінезі жеңілтек әйелдер “жоспарсыз“ туудан сақтанғанда пайдаланған.
11. Қызыл шпинель (лал) – күннің өткір сәулесінен қорғайтын болған. Қарт кісілер бел ауруын жеңілдетуге тағады.
12. Фируза (бирюза) – адамдардың арасындағы жаулық пен араздықты бәсеңдетеді. Ұдайы мойынға тастамай тақса әйелдер сары ауруға ұшырамайды. Фируза да адам секілді, жасына қарай түрін ақшылдан көгілдірге, көктен жасылға өзгертіп тұрады. Иесіне әлде бір қауіпті жағдай төнсе, фируза оның көз алдында күңгірт тартып жүре береді. Ал жазылмайтын ауруы бар адам тақса ол мүлдем “сөніп“ қалады.
13. Опал – күдікті ойларды қоздырады, ұрыс-керіске итермелейді. Қорқыныш туғызып, секем мінез қалыптастырады. Ерте кезден-ақ опалдың жүректі күдікті ойлармен тұмшалайтыны белгілі болған. Тек өз-өзіңе деген мықты сенім ғана олардың қатты әсерінен сақтай алады.
14. Аметист – маскүнемдіктен қорғайды, адамның жүрегін ізгілікке толтырып, аумалы-төкпелі ойдан сейілтеді. Егер әйел адам оны жастығының астына жастанып жатса жақсы түс көреді. Аметистпен бетті сипап әжім мен секпілді кетіруге болады.
15. Агат – тіл-көзден сақтайтын қара тас. Бойыңдағы ауруыңды бәсеңбетіп, есту қабілетіңді жақсартады.
16. Яшма – суық реңді бұл тас болашақтың көзге көрінбейтін пердесін ашады. Қызыл яшма қан аққанды тоқтатып, иіс сезу қабілетін күшейтеді. Ал күңгірт түстісі удан және қастандықтан сақтайды.
17. Гагат – бұл таспен сіреспе мен буын ауруын емдейді.
18. Айтас (лунный камень) – қояншық ауруы мен бүйрек шаншығанын емдейтін болған.
19. Кровавик (гематистің бір түрі) – бақсылардың бойтұмары болып есептелген. Оның көмегімен іріңді жаралар мен зәр жіберу органдарының ауруларын емдеген.
20. Жадейт – әсіресе Шығыс елдерінде жоғары бағаланған. Ол жетпіс жеті ауруға ем, әсіресе ревматизмге жақсы шипалы болған.
Асыл тастардың емдік қасиеттерімен қатар олардың да ішінде опал сияқты өте қауіпті түрлерінің барын да таныстырдық. Бір денсаулық үшін дәрі ішіп бекер денені улағанша құдай сыйлаған табиғаттың неше алуан шипалық тасы ма, металы мен металоиды ма әйтеуір бәрінің сырын біліп пайдалансақ, ешкімге жалынышты болмасымыз анық. Бүгінде ел кезіп, халықтың қалтасын алдап-арбап қағып жүрген “емшісымақтарға“ қарап жаутаңдағанша, сан түрлі шипа көздерін өздеріңіз танысаңыздар, бұл сіздердің жабылған бұлақтарыңыздың көзінің ашылғаны дей беріңіз.
Халықтың өзін-өзі емдеудің бірте-бірте бастау алып, түбі өркендеп кететініне сенуге болады.
Қорытынды
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады
Біздің жеріміздегі өсімдіктердің қай-қайсы да шипалық қасиетке бай. Алайда олардың ішінде улы өсімдіктерді дәрі-дәрмек ретінде пайдаланғанда аса сақтық, білімділік, тәжірибелік қажет.
Біздің Қазақ даласында емшілікпен аты шыққан кісілер көп еді. Бұл сөзімізге дәлелді ұланғайыр даланың қай қиырына бар¬саң да, көз жеткізе аласың. Найман руынан шыққан Ырғызбай Досқанұлын көпшілік жақсы біледі.
Ол кісі кезінде дана Абайдың әкесі - Құнанбайды дертінен құлантаза айықтырған екен. Осындай асыл азаматтардың жолын жалғаған адамдар да болды. Өкініштісі, қазіргі күні олардың қатары өте азайып барады.
Табиғаттың қыр-сырына қанық мамандар біздің елімізде 6 мыңнан астам өсімдіктің өсетінін айтады. Оның ішінде 500-ге жуығы дертке дәру берерлік қасиеті бар екен. Біле білген адамға осының өзі қаншама байлықтың көзі деп айта аламыз. Алайда оған өз деңгейінде назар аударып жүрген ешкімнің жоқтығы қынжылтады. Болмаса, қытайлар секілді біздің де өз емдеу тәсіліміз арқылы әлем жұртшылығының алдында абыройымыз асқақтар еді ғой.
Қазақстанда дәрілік өсімдіктермен емдеу ісіне медицина тарапынан күні бүгінге дейін өз бағасы берілген жоқ. Осының салдарынан жұртшылық оны тұтыну ісіне қорқа қарайтыны шындық. Себебі, кезінде жүргізілген саясаттың салдарынан дәрілік өсімдікпен емдеу деген ескіліктің қалдығы секілді болып жұрттың жадында жатталып қалған. Дегенмен, осы істі әрі қарай дамытып жүрген елдер бар.
Оқушылар курстан кейін нені меңгеруі керек?
Дәрілік шөптер, олардың пайдасы, қолданылуы жайлы білуі керек..
Дәруменге бай шипалы көкөністер мен жемістер, олардың қандай ауруға қарсы қолданылатынын үйренуі керек.
Асыл заттардың емдік қасиеті жайлы мағлұмат алып, өмірде қолдана білуі керек..
Дәрілік тұнбалар, шырындар, тосаптар, жақпа майлар жасауды білуі керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы»
(Ә.Ә. Әметов, П.М. Мырзақұлов)
2. «Қазақ университеті »Алматы 2000 ж
3. «Ботаника »сисметика растений. Москва «Просвещение »1975 г
( Н.А. Комарницкий, Л.В. Кудряшов, А.М. Уранов)
4.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990
5. «Дәрілік өсімдіктер»