Бұл бағдарлама мектеп оқушыларына химия пәніне қосымша оқу курсы ретінде ұсынылады. Бағдарламаның ерекшелігі өтілетін тақырыптар жалпы оқу бағдарламасында қамтылмаған және оқушылардың жалпыеңбектік білім алып, кәсіби өзін-өзі анықтауы мен қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуіне мүмкіндік жасайды. Қазақстанда кездесетін химиялық элементтер курсын оқу барысында білім алушылар пайдалы қазбаларды дұрыс пайдалана алуға жағдай жасай отырып, оларды сақтау, элементтерді дұрыс пайдаланудың мәні мен мазмұнын оқып-үйренеді. Аталған курсты оқу арқылы жас ұрпақтың бойында елімізде кездесетін элементтерді сақтауға деген дұрыс көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді. Шығармашылық еңбек, жобалай және жоспарлай білу, жаңа технологияны игеру, жауапты шешімдерді қабылдау және тәуекелге бару заман ағысы, уақыт талабы. «Қазақстанда кездесетін химиялық элементтер» таңдау курсы мектеп оқушыларына химия пәнінен қосымша ретінде ұсынылып отыр. «Қазақстанда кездесетін химиялық элементтер» бағдарламасына сай қосымша оқушыларға арналған жұмыс дәптері де жасалынған. «Қазақстанда кездесетін химиялық элементтер» авторлық бағдарламасының жоспары 34 сағатқа арналып жасалынған. Тақырыптар мазмұны оқу бағдарламасынан өзгеше, өз бетінше шығармашылы жұмыстарымен айналысуға мүмкіндік береді. Бағдарламаны оқыту барысында оқушыларға Қазақстанда кездесетін химиялық элементтерді жіті тануына және Қазақстан пайдалы қазбаларға бай екенін білуге, оларды орынды пайдалана білуге жағдай жасауды оқуға бағытталған. «Қазақстанда кездесетін химиялық элементтер» арнайы курсын дайындау «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай Жиырма Қадам» атты қазақстандықтарға жолдауында жас ұрпақтың бойынан өз еліміздегі пайдалы қазбаларды дұрыс пайдалана білу мақсатында жасалып отырған тапсырмасы болып табылады. Оқушыларға арналған қосымша жұмыс дәптерінде қызықты сұрақтар мен тапсырмалар, сөзжұмбақтар, мақал-мәтелдер, бұйымдарды жасау әдіс-тәсілдері, ой-толғау, эссе жазу және топтастыру әдістері қамтылған. Оқушыларды «Қазақстанда кездесетін химиялық элементтер» түсінігі мен мазмұнының теориялық мәселелерге, оның денсаулыққа деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру мен қызмет атқаруындағы қорнына ерекше назар аударып, өз қабілеттерін одан әрі дамытады. |