Аймақты жоспарлау.Ғимараттар мен нысандарға қойылатын талаптар.
1.Газ шығынына байланысты газ толтырушы станцияның түрлері.
2.Сұйытылған газдың кусталық базалары.
3.Газды жер үсті және жер асты сақтауға арналған резервуар.
Мақсаты: Аймақты жоспарлауды меңгеру.Ғимараттар мен нысандарға қойылатын талаптармен тансыу.
Газ толтыру станциясын тұрғын аймақтың сыртында,жиі жел тұратын алаңдарда орналастырады.Газ толтыру станциясының алаңын ғимараттар мен үймерттерге дейінгі ара қашықтығын сақтай отырып,сонымен қатар темір жол және автомобиль жолдары, өрт сөндіру депосы бар аймақтарда жоспарланады.Станцияның алаңын өрт сөндіру сызығынан немесе жер бедерінің жабынында өрт таралмайтын аймақтан бастап жоспарлануы керек.Оның ені 10м құрайды және ораман алқабына дейінгі арақашықтығы :қылқанды жапырақты ормандар үшін-50м, жапырақты ормандар үшін-20м, аралас ормандар үшін-30м құрайды. ГТС жұмысшы және қосымша аймақтардан тұрады.
Қосымша аймақтағы ғимараттар мен үймереттерді, сонымен қатар өндірістік емес бөлмелерді нормативтік құжаттарға сәйкес жобалануы керек.
Газ пайдалану шаруашылығының қызметін газ толтыру станциясының қосымша аймақта жанасып орналасуына рұқсат етіледі. АГЗС ті газ толтыру станциясының сұйытылған газды сақтау қоймасы бөлігінде орналасуға болады.
Газ толтыру станциясында база алдындағы автомобиль тұрақтары және бөгде адамдарды түсіру-жөнелту үшін алаңдар орналастырылады.
ГТС үймереттер мен ғимараттардың және сыртта орналасқан қондырғылардың өрт қауіпті және жарылыс қауіптілгіне байланысты өрт қауіпсіздік талаптарына сәйкес анықталынады.Сұйытылған газ құбырын газ толтыру станциясында жер үсті орналастырылады.
АН категориялы қондырғылар ашық орналастырылады және бастырма астында да орналастырылмайды.
А категориялы өндірістік бөлмелер бір қабатты ғимараттарда орналастырылады.Бұл ғимараттарда шатыр мен жертөле қарастырылмайды,өртке төзімділігі 2 дәрежеде болу керек және өрт қауіптілігі С0 класста болу керек.
А категориялы жабық бөлмелер бір қабатты ғимараттарда орналастырылады.Бұл ғимараттарда шатыр мен жертөле қарастырылмайды,өртке төзімділігі 2 дәрежеде болу керек және өрт қауіптілігі С0 класста болу керек.Сонымен қатар жеке орналасу немесе ғимараттарға жанама орналастыруға болады.
Бұл бөлмелер ғимараттарға 2 дәрежелі өртке төзімді ғимараттарға жанамалай орналастыруға болады және өрт қауіптілігі С0 класста қарастырылады.Ғимаратқа жанасу 1типтегі өртке қауіпсіз саңылаусыз қабырғаға орналастыруға болады.
А категориялы бөлмелерді бөліп тұратын қабырға 1типтегі өртке төзімді және бөлмелерге газ өткізбелуі керек.
А категориялы бөлмелерде жеңіл лақтырылатын қоршау конструкция қарастырылады.Еден антистатик жабынымен және ұшқын басқыш материалмен қапталынады, жер деңгейінен 0,15 м кем болмау керек. Терезенің конструкциясы ұшқын басатын материалдан дайындалады,ал есік өртке төзімді болу керек.
ГТС те резервуарлар жер үсті,жер асты, көмілген болып орналастырылады.Жер асты орналастырылған резервуарлардың ара қашықтығы үлкен резервуардың диаметрінің жартысына тең болу керек,бірақ 1м кем болмау керек.
Жер үсті резервуарлары топтастырылып орналастырылады.Жер үсті топтастырылып орналастырылған резервуарлардың максималды жалпы сыйымдылығы кесте 1 көрсетілген.
Кесте 1
Қойма көлемі , м3 | Топтастырып орналасқан резервуарлардың жалпы сыйымдылығы, м3 |
2000дейін | 1000 |
2000 - 8000 | 2000 |
Резервуар арасындағы ара қашықтық
Кесте 2
Резервуарлардың жалпы сыйымдылығы, м3 | Жер үсті резервуарлардың ара қашықтығы,м |
Дейін200 | 5 |
200 - 700 | 10 |
700 - 2000 | 20 |
Сұйытылған газдың кусталық базалары.Газды жер үсті және жер асты сақтауға арналған резервуар.
Кусталық базалар және газ толтыру станциялар- бұл тұрақты сұйытылған газды сақтау,құю қоимасы. Кусталық базалар белгілі бір аймақты (облыс,аймақты,республиканы) сұйытылған газбен қамтамасыз етеді.Сонымен қатар сұйытылған газды кішігірім ГТС тасымалдай алады.
Кусталық базалар мынандай ұйымдастыру құрлымдарынан тұрады.
Кусталық базалар мынандай ұйымдастыру құрлымдарынан тұрады
1.Сұйытылған газды құю-төгу цехы.
2.Толтыру цехы.
3.Механикалық-жөндеу цехы.
4. Энергосумен қамту қызметі.
4.1Байланыс қызметі.
4.2.Транспорт қызметінің негізгі жұмысы
4.3Автоматтандыру қызметіне
4.5.Құрылыс-жөндеу қызметі
.
4.4.Химиялық лаборатория.
4.6.Құтқару қызметінің негізгі жұмысы
1.Сұйытылған газды құю-төгу цехы.
Сұйытылған газды құю-төгу цехының арналуы темір жол цистерналарынан сұйытылған газды қабылдау,резервуар паркінен құюып алу,сұйытылған газды резервуар паркінен толтыру паркте сақтау.
Цехтің жұмысына темір жол эстакадаларына құйып төгу,компрессорлы –сорғыш бөлімшелері,сұйытылған газды паркте сақтау қоймалары кіреді.
2.Толтыру цехы.
Мұнда сұйытылған газды баллондарға және автоцистерналарға құю,тұтынушыларға жіберу,баллондарды жөндеу және автомашиналарды газбаллондармен қамтамасыз ету жұмыстары кіреді.
Толтыру цехтарына толтыру бөлімшелері, баллондардан буланбаған қалдық газдарды төгу бөлімшелерінен және газдарды дегазизациялау, баллондарды жөндеу,автоцистерналарды және автомашиналарға газ баллондармен колонка арқылы газды толтырумен жабдықталады.
3.Механикалық-жөндеу цехы.
Мұнда КБ қауіпсіз және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.Машиналардың , қондырғылардың дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.Жұмысшы цехтар барлық цехтардың аппаттың болдырмауына жұмыс атқарады.
Бұл цехта механикалық –жөндеу шеберханасы,машиналар,қондырғылар,жөндеу жұмыстарына арналған механизмдер бар.
4. Энергосумен қамту қызметі.
Бұл қызметтің негізгі мақсаты –КБ электрэнергиясымен,сумен және жылытумен үздіксіз қамтамасыз ету және территориядан ағын суларды жою, қондырғылар мен коммуникациялардың техникалық бұзылмауымен қамтамасыз ету.
Энергосумен қамтуға барлық элекр қондырғылар,желілер және электрөлшеу қондырғылар, қазандықтар және жылыту желілері ,сорғыштар, су құбырлар желісі ,су толтыру резервуарлары,суды тазалау және жұмсарту қондырғысы ,ағын суларды тазалау қондырғысы және кәріз желілері.
Кейбір жағдайларда энергосумен қамту қызметін екі қызметке бөлуге болады.
4.1Байланыс қызметі. КБ теміржол станциялармен және қалалық телефон станциялармен , сонымен қатар КБ территориясындағы телефон байланысымен қамтамасыз ету.
4.2.Транспорт қызметінің негізгі жұмысы- бұл тұтынушыларға газды үздіксіз жеткізіп отыру.Транспорттың және гараж қондырғылардың техниалық дұрыстығымен қамту. Транспорт қызметіне гараж,автомашиналар,ашық тұрақтар және автомашиналарды жуу кіреді.
4.3.Автоматтандыру қызметіне КБ автоматтандыру құрылғыларның , дабылқақыш құрылғылардың үздіксіз және техниканың бүтін болуын қамтамасыз ету керек.Автоматтандыру қызметіне аспаптарды жөндеу және тексерулерін бақылау аспаптарының шеберханасы орналасқан.
4.4.Химиялық лаборатория.Лабораторияның негізгі мақсаты-сұйытылған газдардың , әр түрлі майлардың,судың,химиялық анализдерін алу және газдың одаризациясын бақылау,КБ дағы бөлмелердің газдылығын тексеру.
Химиялық лабораторияға аспаптар,қондырғылар,химиялық анализдерді алу үшін арналған реактивтермен жабдықталады.
4.5.Құрылыс-жөндеу қызметі.КБ ғимараттарға және үймереттерді қадағалау және оларды жөндеу.КБ жолдарды жөндеу. Құрылыс-жөндеу қызметінде плотник-столяр шеберханасы және құрылыс жөндеу жұмыстарына арналған құрал саймандар орналасқан.
4.6.Құтқару қызметінің негізгі жұмысы техника қауіпсіздігінің ережелері мен нұсқаулығы сақталуын, өрт сөндіру ережелері мен шараларын қадағалау.Бұл қызмет түрінде жеке құтқару құрал жабдықтармен қамтылады.
Станция және базаны қаланың сыртында орналастырады және арнайы жоспарланған жиі жел соғатын орындарда станцияны және базаны орналастырылады.КБ және ГНС ауданын еңіспен орналастырылады,себебі жауын суларын ашық коллекторларға ағуын қамтамасыз етілу керек және сұйытылған газдың булары ауадан ауыр болғандықтан жабық канализация коллекторларында жиналуы мүмкін.КБ немесе ГТС темірбетон қоршаулармен қоршайды.Қоршаудың биіктігі 2м.Өндірістік зонанықосымша зонаданжеңіл қоршаулармен оқшаулайды. Ғимарат және үймерет алаңдарын асфальттайды,ал қалған аймақты көгалдандырады.КБ және ГТС алаңдарын ашық алаңдарда орналастырады.Өйткені утечка болған жағдайда сұйытылған газдардың булары тез арада ауамен араласып жарылыс қауыпты қоспа болмауы керек.
Газды жер үсті және жер асты сақтауға арналған резервуар.
Болаттан дайындалған резервуарлар цилиндр тәріздес және сфера тәріздес,ал монтаждалуына байланысты –жер усті,жер асты және көмілген болып жіктеледі.
1-сур.Болат резервуарлар
а-жер үсті цилиндірлі. Б-жер асты цилиндарлі; в-цилиндірлі көмілген; г-шар тәріздес;1-резервуар,2-резервуарға қызмет ету үшін арналған алаң.3-тіреуіштер.
Жер үсті резервуарлардағы сұйытылған газдың температурасы атмосферлік ауаның температурасынан 1-2К айырмашылықты құрайды.Жерүсті резервуарлардағы сұйытылған газдың температурасы жаз мезгіліндегі атмосферлік ауаның температурасымен анықталынады.Сұйытылған газдың резервуардағы қысымың өзгеруі резервуар ішіндегі өнімнің температурасына байланысты. Газ толтыру станциялары көбінесе жер үсті резервуарлармен қамтылады.Жер усті резервуарларын қажетті ара қашықтықты сақтай алмаған жағдайда резервуарларды жер асты орналастырады.Жер үсті резервуарларын фундаментте отқа төзімді материалдан орнатады.Фундаметі 0,002-0,003 құю құбыршасына қарай еңіспен орналастырады.Жер үсті резервуарлары топтастырып(екі резервуардан кемемес).орналастырады. Қойманың көлемі 2000м3 болғанда, топтағы резервуар көлемі 1000м3 көп болмау керек.Ал егер қойма көлемі 2000-8000м3 болса,онда резервуар көлемі 2000м3 көп болмау керек. Резервуар арасындағы ара қашықтық диаметрге байланысты алынады.Бірақ 2м кем болмау керек. Резервуардан қоршауға дейінгі ара қашықтық 0,5D,бірақ 1м кем емес.
Резервуарларды жер астында орналастыру қауіпсіз болып саналады.Резервуарларды қоймаларда топтастырып орналастырады.Топтастырып орналастырылған резервуарлардың арматураларды дистационды басқару ыңғайлы болу керек.
Сұйытылған газдарды жер асты орналастыру сыйымдылықтардының жоғарғы бөлігі 0,2м жер бетінен төмен орналастырылады.
Сонымен қатар сұйытылған газдардың жер асты орналастыруды жер үсті көмілген резервуарларды айтуға болады.Жер үсті резервуарларын 0,2м көміледі және резервуардың жоғарғы бөлігі 6м биіктікте көмілу керек.Жер асты цилиндрлі резервуарларды топтастырып орналастыру барысында олардың минималды арақашықтығы 1м кем болмау керек.
Жер асты резервуарларды битумды полимерлі немесе эпоксидті қоспамен резервуардың сыртың қамтиды.Жер асты резервуарларды арнайы тіреуіштерде қондырылады.Қатты топырақта жер асты резервуарларды қопсытылған құмда тіреуішсіз орналастыруға болады.
Көп аймақтарда жер асты резервуарларын орналастыру барысында жер асты сулары болғандықтан қолайсыз болып келеді.Ондай жағдайда жер асты резервуарларын ор түбіне бетонды қадаларға бекіту арқылы немесе анкерлерді ор түбіне бетондау арқылы орналастыру керек.Қатты жауын салдарынан бекітілмеген жер асты резервуарлар жер бетіне шығуы мүмкін .Жер асты сулардың төмендеп және жоғарлау салдарынан жер асты резервуарларын өз орнынан қозғалады.Резервуарларды жер асты орналастырудың бірқатар артылықшылықтары бар.Резервуарларды жер астында орналастыру қауіпсіз болып саналады.Сұйытылған газды жер астында орналастыру тұтанудан сақтайды,ал бір резервуардағы жарылыс немесе өрт келесі резервуардың конструкциясына әсер етпейді.Максималды қысымды ескеріп резервуарларды жер астында орналастыру резервуар қаландығын жұқа етіп таңдауға болады
Бақылау сұрақтары:
1. Энергосумен қамту қызметіне қандай қызмет түрі кіреді?
2.Байланыс қызметіне қандай қызмет түрі кіреді?
3.Транспорт қызметінің негізгі жұмысына қандай қызмет түрі кіреді?
4. Резервуар арасында қандай ара қашықтық сақталынады?