СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Тәуелсіздік мақтанышым"

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

Білім саласы: Таным Білім бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру. Тақырыбы: Тәуелсіздік мақтанышым! Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының еркіндік алған дербес мемлекет екендігін түсіндіру. 16-шы желтоқсан жайлы толық мағлұмат беру, Отанын сүюге, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Желтоқсан туралы слайд, буклеттер. Л. Асанова, Қ. Рысқұлбеков суреттері. Қызмет кезеңдері Тәрбиеші қызметі Балалар қызметі Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет түрі Шеңберге тұрып «Жылулық шеңберін» ұйымдастыру. - Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс – әрекетімізді Қазақстан Республикасының әнұранынан бастайық. - Мына сұлу әлемде, Адам өмір сүреді. Үлкен менен кішіге, Күн сәулесін төгеді. Балалармен бірге қосылып әнұран айтылады. Ұйымдастырушы ізденуші қызмет түрі 1986 жылы желтоқсан көтерілісі Қазақстандағы сан ғасырлар бойғы Ұлт –азаттық көтерілістердің заңды жалғасы болды. 70 жыл өктемдігін жүргізіп келген КПСС- тің беделіне тұңғыш рет сызат түсіріп, булығып жүрген өзге ұлттардың тасуға таяу қарсылықтарына дем береді. Осы жылы 16- желтоқсан күні тарихта өшпес мәңгі із қалдырды. Мемлекетіміздің астанасы Алматы қаласының қазіргі Республика алаңына Алматы қаласында білім алу мақсатында, еңбек жолында жүрген қазақ жастары бейбіт шеруге шықты. Жастардың басты мақсаты тәуелсіздік еді. Өз ұлтымыздың еркіндігін, өз ұлтымыздың тарихын түсінген қазақ жастары ұлт азаттығын бейбіт түрде талап етті. Бірақ ұлт жанды, патриот қазақ жастары күтпеген жерден аяусыз соққының, қуғын – сүргін құрбанына айналды. Республика алаңы қызыл қанға боялды. Жазықсыз жастар құрбан болды. Елім деп, отаным деп шырылдаған ержүрек қазақ жастары тәуелсіздік жолында қасқайып қарсы тұрды. Мысалы, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова тағы басқа көптеген жастар біздің өскелең ұрпаққа мәңгі үлгі боларлық ерлік жасады. 1992 жылы 1- желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың президенті етіп сайлады. 1991 жылдын 16- желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы (Тәуелсіз Демократиялық және құқылық мемлекет) деп жарияланды. 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді. 1993 жылы 15- қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға енді. Осылайша біздің Тәуелсіз Қазақстан дүниеге келді. Ар намысты ту еткен Елбасымызбен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы күндерге жеткізді. Қазақстан дейтін менің бар елім. Жатыр алып жарты дүние әлемін. Бұл далада атам қолға ту алған. Бұл далада жылап келіп уанған Бұл даланы көріп алғаш қуанған Бұл далада өскен жанда жоқ арман! – деп ақындар жырлаған. Балалар мен сендерге отан туралы мақал – мәтел үйретейін, бәріміз жаттап алайық. Ал, енді балалар сергіту сәтіне «Тенге жинау» ойынын ойнайық! Ойынның шарты: екі бала резеңке аттарға мініп, әр жерде жатқан теңгелерді жинайды. Мәреге бірінші жеткен бала жеңіске жетеді. Балалар барлығы бірге суреттерге қызыға қарады. «Отан – оттан да ыстық» Балалар ойынды қызығы ойнады. Жетекші – жөндеуші қызмет түрі Балалар, бүгінгі іс – әрекетімізді қортындылай келе сендер қандай мақал – мәтел жаттадыңдар. Барлығымыз бірге қайталап айтып жіберейік «...... оттан да ыстық» Балалардың жауаптары «Отан оттан да ыстық» Күтілетін нәтиже: Білуге тиіс: 16 – желтоқсан Тәуелсіздік күні екенін. Қандай түсініктерді игерді: Отанға деген сүйіспеншіліктерін. 

 

Просмотр содержимого документа
«"Тәуелсіздік мақтанышым"»

Үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп








РЕФЕРАТ


Тақырыбы:

«Жаңа заман кезіндегі Жамбыл облысының тарихы»







Сыныбы: 5 «А»

Орындаған: Алимбекова Риза








Тараз қаласы, 2017 жыл.

Өңірдің тарихи-географиясы

Жамбыл облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан.

 Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарымен және Қырғызстанның

 Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады. Облыстың аты қазақ және кеңес ақыны  Жамбыл Жабайұлының құрметіне қойылған. Жамбыл облысының территориясы Бетпақдаладан Тянь-Шаньға, Шудан Қаратауға дейін созылып жатыр.

Жер аумағы — 144,2 мың км².Облыс орталығы, әрі ең үлкен қаласы — Тараз. Облыста барлығы 10 аудан, 4 қала, 153 кенттік және ауылдық округтерде

379 ауыл бар.

Жамбыл облысы өзінің тарихи-географиялық орналасуы жағынан Шу-Талас өңіріне жатады. Ежелден осы тарихи алқапта өмір сүрген көшпелі түркі тайпалары жаз жайлауға Қырғыз, Талас Алатауының салқын жоталарына көтерілсе, қыстауға өңірдің солтүстігіне жылжып, Мойынқүм құмдарын, Шудың сол жағалауын қыстап шығатын болған. Ал, Шудың оң жағалауы Сарыарқадан түскен көшпелі рулардың қыстауы болған, Шу мен Талас өзендерінің батысқа беттеген төменгі ағыстары құм ішімен өтіп, екі жағалауы қалың жыныс, ну тоғайлы келетіндіктен көшпелілер үшін таптырмайтын қыстаулар міндетін атқарған. Осылайша қыста Сарыарқа халқымен табысқан Шу-Талас елі жайлауда қырғыз ағайындармен бас қосып, құдандалы болып, алыс-беріс үстінде өмір кешкен. Қазақ бұл өмір салтын «төскейде малы, төсекте басы қосылған» деп сипаттаған.

Тараз қаласы орналасқан тау бөктері ежелден көшпелі рулардың шаруашылығында күзеу, көктеу ретінде пайдаланылған. Әрі 6үл тау бөктерлері өзінің климаттық жағынан егін егіп, бау-бақша өсіруде қолайлы және күре жолдың үсті болғандықтан, ежелгі замандардан отырықшы елдің қоныс тұрғызып, сауда қыздырған мекеніне айналған.

Осы көшпелі және отырықшы мәдениет бас қосқан Шу-Талас бойы дами келе сауданың нағыз қызған, Қытайдан Еуропаға өтетін Ұлы Жібек жолының бір үзігіне айналды. Өз бойынан талай тарихи оқиғаларды өткізіп, құлдырауды да, өрлеуді де бастан кешті. Тараз қаласы ғасырлар бойы осы оқиғалардың қайнаған ортасында болып, тарихи маңызды рөл атқарды.

Тараз қаласының маңыздылығы, оның Ұлы Жібек жолындағы сауда не-гізінде бой көтерген қарапайым қала ретінде емес, керісінше, о бастан Орда (ғұн) ретінде пайда болып, осы мәртебесін жоғалтпай, түркі тайпалар құрған мемлекеттер кезінде бірнеше рет астана болып белгіленуінде жатыр. Әрине, Тараздың географиялық жағынан ыңғайлы орналасуы оның Ұлы Жібек жолы бойындағы маңызды қалалардың біріне айналуына себепші болды.

Бұл Шу-Талас өңірі - Қазақ хан-дығының тұңғыш туын тіккен жері.

1465 жылы Шу, Қозыбасы бойында Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Тараз қаласының екі мың жыл-дығы 2002 жылы кең көлемде атап өтілді. Назар аударарлық жайттың бірі, журналист Б. Әбілдаұлы 1983 жылдары Ұлттық Ғылым академиясына «Жамбыл қаласына - 2030 жыл» деп ашық хат жолдаған екен. Бұл хатта келтірілетін деректердің толық негізі бар. Тараз қаласының мәдени қабаттарын толық аршып, тиісті мәлімет жинақтаған Т.Н. Сенигованың өзі төменгі қабаттардан табылған көне материалдардың б.д.д. III—II ғасырларға жататынын жоққа шығармайды. Тек зерттеуші бұл материалдардың мерзімделуінің орта тұсын ұстап, Тараз тарихын біздің заманымыздың I—II ғасырларынан бастайды.

А.Н. Бернштам қаланың төменгі қабатының б.д.д. II ғасырмен байланысты болуы мүмкіңдігін айтады. Ал, Тараз қаласының тарихының ғұндардан бастау алатынын Ә.Х. Марғұлан 1985 жылы шыққан «Ежелгі жыр, аңыздар» еңбегінде толық суреттеп береді. Көне Қытай жылнамаларының білгірі А. Г. Малявкин де ортағасырлық Тараз қаласы Л. Н. Гумилев ғүңдардың кезіңдегі атауымен белгілі екенін жазады. Ғұндардың Талас бойындағы қаласын нақты бір жермен байланыстырмағанымен, оның тарихына кеңінен тоқталып, Хань им-периясының әскерлері мен ғұндардың арасында болған соғысқа «Талас шайқасы» деген ат бере отырып, кеңінен сипаттайды. Жалпы Шу-Талас өңірінің және Та­раз қаласының тарихын зерттеумен әр кезендерде көптеген зерттеушілер айналысты. Олардың қатарында В.В. Бартольд, В.А. Каллаур, А.Н. Бернштам, М.Е. Массон, А.П. Пугаченкова, Ә.Х. Марғұлан, М.Мендіқұлов (архитектура), Т.Н. Сенигова, Е.И. Агеева, У.Х. Шәлекенов секілді ғалымдар бар. Осы еңбекті жазуда Тараз қаласы жөніндегі археологиялық мәліметтер Т.Н. Сенигованың «Средневековый Тараз» атты монографиясынан алынды. Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуіне орай өңірде қазба жұмыстары жаңа тыныс алып, өңір тарихы жаңа қырынан зерттеле бастады. Бұл кездері өңірде KM. Байпақов, У.Х. Шәлекенов, А. Нұржанов, М. Елеуов секілді ғалымдар өз зерттеулерін жалғастырды. Кейінгі жылдары Тараз қаласында академик К.М. Байпақовтың жетекшілігімен қазба жұмыстары жүргізілуде. Жамбыл облысында бірнеше сәулеттік ескерткіштер бар. Барлығы Алматы-Самара жолында немесе Тараз қаласының маңайында орналасқан.

Облыстың әкімшілік орталығы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Тараз қаласы болып есептеледі. Тараз қаласы республиканың ежелгі қалаларының бірі болғандығын б.э.д. 1 ғасырдың ортасындағы қытай жазбаларынан көруге болады. Патшалық Ресейдің 1863-64 жылдары әскери жаулап алушылық әрекетінің нәтижесінде бұрын Қоқан хандығының қол астында болып келген Ұлы жүздің жерлері империяның құрамына кірген. Осы өңірлерде Сырдария және Жетісу уездері құрылып, олар Түркістан генерал-губернаторлығына бағынған. Үкіметтің 1867 жылғы 11 маусымда қабылдаған жаңа жерлерді басқару жөніндегі "Уаықтша Ережеге" сәйкес Әулиеата уезі құрылған, ол Сырдария облысына қараған. Оның аумағы батысында Түлкібас стансасы, шығысы Шу өзенінің батыс жағалауына, оңтүстігі Сусамыр алабына (қазіргі Қырғызстан Республикасының Талас облысы), солтүстігі Шудың төменгі ағысына дейінгі жерді алып жатқан. Орталығы Әулиета шаһары болған. 1917 жылы Қазақ төңкерісінен кейін уезд - 1918 жылғы 30 сәуірде құрылған автономиялық Түркістан Кеңестік социалистік республикасының құрамында болған. 1924 жылы Орта Азиядағы Ұлттық-аумақтық межелеуге байланысты уезд Сырдария облысының, кейінірек Алматы округінің құрамын енген. 1927 жылы әкімшілік-аумақтық аудандастыруға сәйкес уезд негізінде 6 аудан құрылған: Жамбыл, Луговой, Меркі, Сарысу, Талас, Свердлов. Олар Оңтүстік Қазақстан облысы құрамына кірген. Өлкенің өндіргіш күштерін шапшаң дамыту және оны әлеуметтік-мәдени тұрғыдан түлету жөніндегі проблемаларды шешу мақсатында 1939 жылғы 14 қазанда өз алдына Жамбыл облысы құрылған. Оның құрамына аталған 6 ауданнан басқа Алматы облысынан Қордай, Красногор, Шу, ал 1951 жылы Оңтүстік Қазақстаннан Жуалы ауданы алынған.

  • Айша бибі кесенесі. Айша бибі ауылының орталығында Тараз қаласынан 12 км қашықтықта орналасқан. Айша бибі кесенесі – ХІ-ХІІ ғ.ғ. ортағасыр сәулет ескерткіштерінің бірі. Қараханидтер сәулет ескерткіштері ішінен Орта Азия және Қазақстан аумағында сәулет-құрылыс мәдениетінде бұл ескерткіш кереметі болып саналады. 60 түрлі ою-өрнектері бар эпиграфикалық белдеумен жасалған. Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар сұлу Айша-бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да қызықтырады.

Айша әйгілі шығыс ақылшысы Зеңгі бабаның қызы болып келеді. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында жыланның шаққанынан қайтыс болған.

  • Бабаджа Хатун кесенесі. Айша бибі мазары жанында орналасқан. Бұл кесене де XI- XIIғ.ғ. сәулет ескерткіші болып саналады. Кесене ерекше қарапайымдылығымен бағаланады. Соңғы жаңартылуы 2002 жылы болған. Эпиграфикалық жазба бойынша ол жерде жерленген әйел адамның атын оқып білген.

Аңыз бойынша ол әйел Айшаның қамқоршысы болған. Ол Айшаны сапар кезінде қасында болған. Айша қайтыс болған соң, оның мазары үстінде жағылып тұрған алауды ұстап тұрған.

Бұл екі кесене сәулет ескерткіші ретінде және қажылық дәстүрін өткізетін мұсылманның қасиетті жерлері болып есептеледі. Қарахан, Дауытбек және Тектұрмас кесенелері Тараз қаласының ортасында орналасқан. Осы кесенелердің алыс емес жерде Хал-Юнус шығыс моншасы орын тепкен.

Қарахан кесенесі – Қазақстанда 11 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші.

  • ХІ ғ. Қарахан (Әулие-Ата) ортағасырда пайда болған Тараз қаласының аймағында мәдени-мемориальды комплекске кіреді. Алғашқы құрылыс қарахандықтар дәуірінде ХІ ғ. басталады. Құрылыста алғашқы жоспарлау және сәулет өнерінің принциптері сақталған. Ортағасырдағы мәдени сәулеттің типтік образы — монументалды порталды-куполды қамалды құрайды.

Жерленген тұлғаның тарихы осы жерде қоныстанған Х-ХІІ ғ.ғ. Қарахандықтар хандығымен байланысты. Мұсылман әлемінде қасиеттісіне жатады. Соған байланысты «Әулие Ата» деген екінші атқа тең. Комплексті көптеген сенушілер аралайды.

  • Дауытбек кесенесі (Шамансұр) Қарахан кесенесімен бірге мемориалды-культті комплекске кіреді. Дәстүрлі порталды-куполды формасында ХІІІ ғ. ірі саяси басшының қабірінің үстінен салынған. Кесененің ортасында араб тілімен қашалған жазуы бар тасты ескерткіш орналасқан. Жазу жерленгеннің адамның аты мен қайтыс болған уақытын хабар етеді. Екі кесененің де территориясы да барлық жағынана жабдықталған.

  • ХІХ ғ. Кали-Юнус шығыс моншасы ХІХ ғ. Әулие Ата қаласының тұрғынымен құрылған монша. Салуда сәулет композицияның принциптері және ортағасырдағы шығыс моншалар жылыту жүйелері қолданылған. Бұл көптеген туристердің қызығушылығын оятады. XX ғ. елуінші жылдарына дейін монша істе болған. Қазіргі уақытта ол қалпына қайта келтіріліп, сәулет ескерткішіне айналдырылған. Монша туристік орынға айналған еді.

  • VIII-IХ ғ.ғ. Ақыртас сарайлық комплексі Жамбыл облысының және Қазақстан территориясында қызықты және құпиялы орындардың бірі. Ақыртас тарихы 130 жыл зерттеліп және қазір де зерттелуде. Қазіргі уақытта комплекс территориясында Қазақстан Республикасы ҰАҒ археология этнографиясы институтымен басқарылған археологиялық қазбалар жүргізілуде. Бұдан ірі «Мәдени мұра» республикалық бағдарламасы аясында музейлік комплексті құру жоспарланды. Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынған соңғы мәліметтер бойынша Ақыртасты Ұлы Жібек жолындағы ортағасыр қаласы Қасрибаспен теңестіреді. Ғалымдардың көпшілігі ойларынша Ақыртас 1714-1715 ж.ж. араб қолбасшысы Күтейбі бұйрығымен салынған. Сарай комплексінің іргетасының тереңдігі 4 м құрайды.






  • Тектұрмас сәулет кешені Х-ХIV ғғ.

Бұл ежелгі діни орындарының бірі. VII-XІ ғғ. Ислам дінінің келуіне дейін комплекс құрыла бастаған болатын. Кесене ислам кезеңінде салынып, 1935 ж. жойылды. Қазіргі уақытта оны орнында ортағасыр типімен жаңа кесене қалпына келтірілді. Кесененің жанында қазақ батыры Мәмбеттің моласы бар. Кешен территориясы барлық жағынан жабдықталған. Кесене орнатылған таудың үстінен төменде жатқан Тараз қаласына сұлу көріністі көруге болады. Ежелгі қалаға атау болатын жанында ағып жатқан Талас өзені әсерді күшейтеді. Осы жерде Х-ХIII ғасырларды Тараз қаласы арқылы өтетін керуендер өтетін тас көпір орналасқан.